Главная страница
Навигация по странице:

  • Сенбеймін

  • Д.В.Ланская «Цифровые документы архивного фонда: проблемы и методы обеспечения долгосрочной читаемости»

  • 7 Дәлелдеме

  • Аймақтағы жазба әдісі. Д.В.Ланская аймақтағы жазба Ақерке. Айматаы жазба жмысы 1


    Скачать 20.15 Kb.
    НазваниеАйматаы жазба жмысы 1
    АнкорАймақтағы жазба әдіс
    Дата24.03.2022
    Размер20.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаД.В.Ланская аймақтағы жазба Ақерке.docx
    ТипДокументы
    #412555

    Аймақтағы жазба жұмысы 1

    1 Қызықтырған идеялар:

    • Цифрлық экономика жағдайындағы архив саласының даму тенденциялары;

    • Электронды құжаттарды сақтау нұсқалары мен перспективасын Ресей және шет елде жүру бағыттарының сипаты;

    • Электрондық құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері;

    • Бағдарламалық – ақпараттық платформаларды түрлендіру кезінде архивтік қор қалыптастыру мәселелері;

    Әсер: Архивтер белгілі бір мағынада аса маңызды тарихи құжаттарды жинақтау және сақтау орны және басқа да капиталдардың шоғырлану орны болса, электронды құжат айналымы мен электронды архивтердің құрылуы немесе сол бағыт – сапалы әрі жүйелі құбылыс. Сондықтан бұл тақырып өзекті және бұл құбылыстың кешенді дамуымен айналысу қажеттілігі жөнінде әсер қалыптасты.

    2 Мен үшін қазіргі архивтердің жағдайында, құжаттардың ұзақ мерзімін сақталуын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, 4 сурет назарымды аударды. Яғни, әртүрлі тасымалдағыштардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету әдістері классификациясы маңызды көрінді.


    3 Мақаладағы 1 кесте бойынша, архив қызметінің бағыттары мен функциялары талданып отырған мақаланың мәнін ашып тұр. Себебі, оқуға жеңіл әрі түсінікті, жүйелі түрде жазылған. Архив қызметінің дәстүрлі және перспективалық бағыттары толығымен талданған.

    Келесі 3 кестеде, электронды құжат айналымының қағаз құжат айналымына қарағанда бірқатар артықшылары сауатты түрде көрсетілген (архив кеңістігін босату,құжаттардың қауіпсіздігі, кез келген уақытта қол жеткізу мүмкіндігі).


    4 Сенемін: Электронды құжаттардың тұтастығын сақтауға арналған бағытталған әдістер; Электронды құжаттардың сақталуы үшін бағдарламалық һ-техникалық құралдардың қызмет ету мерзімін бақылау т.с.с. өміршеңдігін ұзартуға болады. Ресми сайт арқылы архивтердің тарихы, қызметі және құжаттармен танысуға болады.

    Сенбеймін: Архивте сақталатын барлық құжаттардың ішінде электрондық құжаттардың пайыздық үлесі артады.



    5 Архив саласының даму бағыттары және тенденциялары қалай жүріп жатыр?


    Д.В.Ланская «Цифровые документы архивного фонда: проблемы и методы обеспечения долгосрочной читаемости»

    Қазіргі таңдағыархив құжаттарына қол жеткізу, пайдалану мәселелеріне қатысты нормативтік-әдістемелік база және оның даму перспективалары
    Дәстүрлі құжаттардың электронды формаға өту тиімділігі қаншалықты?

    РФ архив қоры құжаттарына қандай құжаттар кіреді?

    6 Түйін:

    Архив – біздің ұлттық байлығымыз ғана емес, ол болашақ. Ал, ақпарат бүгінде мемлекеттің ғылыми-техникалық әлеуетін, саяси және экономикалық даму деңгейін анықтағандықтан, ол мемлекеттік стратегиялық ресурсы.


    7 Дәлелдеме:

    Депутат Бобылева: «Біз қағаз құжаттарды электронды форматқа ауыстыру туралы ғана емес, жұмысты түбегейлі басқаша ұйымдастыру қажет. Электронды құжат айналым жүйесі – бұл сапалы жаңа жүйелі құбылыс.»

    8 Қазақстан мен Ресей мысалын салыстыра отырып талдау арқылы, еліміздегі архив саласы бойынша ситуацияға баға бердім. Автордың пікірінше, Батыс елдерімен салыстырмалы түрде Ресей архивтерінің артта екендігін түсіндік. Бұл жағдай біздің елімізде енді қолға алынып жатқандығы, жолға енді қойылғандығы белгілі.



    Мәтінде аталған негізгі идея ақпараттық заманда қолымызда барды сақтап қана қоймай, бізге дейінгі және өз тарихымызды жинау және сақтау әдіс-тәсілдерін меңгеру әрі жетілдіру міндет.


    написать администратору сайта