Главная страница
Навигация по странице:

  • 1) Айнымалы жұлдыздар

  • 2) Физикалық Қос жұлдыздар

  • 3) Тұтылмалы қос жұлдыздар

  • Визуалды – қос жұлдыздар .

  • 5. Шоқ Жұлдыздар

  • 6. Шар тәріздес жұлдызды шоғырлар

  • 8. Шиыршықты Галактикалар

  • 10. Линзалы галактикалар

  • астрономия. астрономия рк сурактар. Айнымалы жлдыз айналасындаы физикалыпроцестерді серінен уаыт туімен жарырауы згеретін жлдыз. Длірек айтанда, кез келген жлдызды жарырауы уаыт туімен андай да болмаса дрежеде теді


    Скачать 109.09 Kb.
    НазваниеАйнымалы жлдыз айналасындаы физикалыпроцестерді серінен уаыт туімен жарырауы згеретін жлдыз. Длірек айтанда, кез келген жлдызды жарырауы уаыт туімен андай да болмаса дрежеде теді
    Анкорастрономия
    Дата05.01.2021
    Размер109.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаастрономия рк сурактар.docx
    ТипДокументы
    #165952

    Айнымалы жұлдыз – айналасындағы физикалықпроцестердің әсерінен уақыт өтуімен жарқырауы өзгеретін жұлдыз.Дәлірек айтқанда, кез келген жұлдыздың жарқырауы уақыт өтуімен қандай да болмаса дәрежеде өтеді. Жұлдыздың жарқырауы бір рет боса да өзгеріске ұшыраса оны айнымалы жұлдызға жатқызуға болады.Айнымалы жұлдыздардың бір бірінен айырмашылығы өте зор. Кейбірінде жарығы периодты түрде өзгерсе, басқаларының жарқырауы ретсіз озгерісі бақыланады. Айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан ондаған немесе жүздеген тәулікке дейін созылады.Айнымалы жұлдыздардың маңызды сипаттамаларының бірі жұлдыздық шама болып табылады.Бұрн жұлдызға дейінгі қашықтық бірдей және жұлдыздың жарқырауы күшті болса , көлемі үлкен саналған.Қазір бізге жұлдыздық шама оның көлемін емес, жарқырауын, яғни жерде тудыратын жарқырау шамасын сипаттайтыны белгілі. Бірақ жұлдыздық шамалар шкаласы сақталған және орнықталған. Жұлдыздар бізден әр түрлі қашықтықта орналасқандықтан олардың бізге көрінетін жұлдыздық шамалары жарқырауы жөнінде ештеңе айтпайды.Сондықтан абсольют жұлдыздық шама ұғымы қолданылады. Айнымалы жұлдыздар үлкен үш топқа бөлінген; эруптивті , пульсациялайтын және тұтылмалы айнымалы жұлдыздар.

    1. Пульсациялайтын айнымалы жұлдыздарға жұлдыз құрылымының ішінде болатын процестермен байланысты туындайтын айнымалылық тән. Бұл типтегі жұлдыздар жарқырауы біртіндеп өзгереді. Ол радиусы мен бетінің температурасының өзгерісіне байланысты.

    2. Эруптивті жұлдыздар өзінің жарқырауы тұрақсыз немесе бақылау кезінде жарқырауы бір рет өзгеретін жұлдыздар жатады.Эруптивті жұлдыздардың өзгерісін олардың бетіне , жанында болатын және өздерінің жарылыстарымен байланыстырылады.

    3. Тұтылмалы айнымалылар – орбитасының жазықтығы қөру сәулесіне параллель қос жүйелер.Ортақ ауырлық ццентірінен айналғанда олар бір бірін кезекпен тұтады. Осы себептен олардың жарқырауының өзгерісі туындайды. Тұтылмалы жұлдыздардың периоды бірнеше сағаттан одаған жылға дейін созылады.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың үш негізгі типі бар;



    1) Айнымалы жұлдыздар

    Айнымалы жұлдыздар физикалық үдерістердің  нәтижесінде жарығы уақытпен өзгеретін жұлдыз. Егер бірнеше күн бойы әр кеште екі-күш рет Персейдегі  β жұлдызын қарап және оның көрінетін жарығын (жылтылын) көрші шоқжұлдыз Кассиопеядағы  α және  β жұлдыздарымен салыстырса, онда осы жұлдыз жарқырауының айнымалылығын аңғару оңай. Бірде ол Кассиопеядағы жұлдыздар сияқты анық жарқырайды, бірде олардан көмескіленеді. Персейдегі β жұлдызының айнымалылығы ортағасырлық араб астрономдарының өздері-ақ белгілі болатын, олар оған Эль-Гуль деген ат берген. Бертін келе Алголь болып өзгерді. Оның жөні де бар: барлық жұлдыздар біркелкі жарқырап тұрса, ол мезгіл-мезгілкөз қысқандайболады. Айнымалы жұлдыз — негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыз.

    Айнымалы жұлдыз туралы деректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседі.

    Өзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 жылы Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Давид Фабрициус байқаған.

    Ал 1667 жылы франциялық астроном И.Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған.

    Айнымалы жұлдызға тек 19 ғасырдың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. Айнымалы жұлдыздардың саны қазір 50 мыңнан асады. Әрбір шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздар латын әрпімен (R-ден Z-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылы) белгіленеді. Олар тұтылмалы қосаржұлдыз және физикалық айнымалы жұлдыздар болып 2 топқа бөлінеді.

    Жұлдыздардың айнымалылығы жүйедегі жұлдыздар санына тәуелді немесе сол ішінде болып жатқан физикалық процесстердің өзгерісінен болатын құбылыс. Осыған байланысты айнымалы жұлдыздар үш топқа бөлінеді: тұтылмалы айнымалылар, лүпілдек айнымалылар, жарылатын айнымалы, айналып жүретін эруптивті жұлдыздар.


    2) Физикалық Қос жұлдыздар

    Қос жұлдыздар жұлдыздық карталарда грек әрпімен ζ (дзета), екіншісі латын әрпімен g белгіленеді. Ортағасырлық араб астрономдары оларға жеке-жеке ат қойған, ол осы күнге дейін солай аталып келеді. Олар жарығы – Мицар (Ат), көмескісі Алькор (Салт атты) делінеді. Қосарлығы оптикалық құралдармен ажыратылатын жұлдыздарды бақыланатын қос жұлдыздар, ал оларды құрайтын екеуін – қос жұлдыздардың компоненттері дейді. Айдаһардағы v, Лирадағы β, Мицар және басқалар бақыланатын қос жұлдыздардың компоненттерінің бірінің жылтылы 2,4m, екіншісінікі – 4,0m.

    Физикалық қос жұлдыздардың компоненттері көп жағдайда түрлі түсті келеді. Мәселен, Аққудағы β компоненттері – сары және көк, Таразылардағы сары,ашық сиякөк Андромедадағы қызғылт сары және көк. Жұлдыздардың негізгі сипаттамаларының бірі – жұлдыздың жарқырауы мен эволюциясына байланысты. Мұндай жүйелерде неғұрлым жарық компонент басты жұлдызы болып, ал неғұрлым көмескісі – жұлдыз-серік болып саналады. Басты жұлдызға қатысты жұлдыз-серіктің көрінетін орны бар. Көптеген жылдар бойындағы жүйелі өлшеу нәтижесі  жұлдыз-серіктің басты жұлдыз төңірегінде эллипстік орбитамен айналатынын көрсетті. Алайда жұлдыздардың қосарлылығы барлық жағдайда, тіпті, спектрі бойынша да анықтала бермейді.  Бірақ егер қос жұлдыздар компоненттерінің айналу жазықтығы Жер арқылы өтсе, онда жұлдыздар спектріндегі сызықтардың периодтық қосарлануынан бақылаушы сол периодпен оның жарқырауының өзгергенін байқайды. Қос жұлдыздардың сүбелі зерттеулерін 1822-1852 жылдары В.Я. Струве және оның қызметкерлері Дерпт және Пулков обсерваторияларында жүргізілді. В.Я.Струвенің өзі 2343 қос жұлдызды ашты. 8700 жұлдыз жұптарының орындарын өлшеудің дәл болып шықты. В.Я.Струвенің В.Гершельден айырмасы, ол қос жұлдыздардың ішінде көптеген физикалық жұптар болуы тиіс екенін түсінді. Олардың компоненттері кеңістікте бір-біріне мейлінше жақын, өзара тартылыста және олардың бірі екіншісінің төңірегінде айналады. Ал мұны компоненттердің орындарын бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қайталап өлшеу нәтижесінде анықтауға болар еді.

    3) Тұтылмалы қос жұлдыздар

    Тұтылмалы айнымалы жұлдыздарды, көбінесе тұтылмалы қосарлы жұлдыздар деп атайды. Бұл шындығында, жарықтары тұрақты болатын компоненттері Жер арқылы өтетін жазықтықта жатқан орбитасы бойымен массаның жалпы центрі төңірегінде айналатын спектрлі қос жұлдыздар болып табылады. Сондықтан тұтылмалы қос жұлдыздардың компоненттері айналу процесінде бір-бірін бақылаушыдан периодты жартылай немесе түгелдей көлегейлейді. Тұтылу болмай тұрған кезде бақылаушыға екі компоненттің де жарығы көрінеді. Ал тұтылу кезінде тұтылдырушы компоненттің көлегейлеуінен жарық азаяды және бақылаушы жұлдыз жарқырауының көмескіленгенін байқайды.

     Айнымалы жұлдыздың көрінетін жарығының өзгеруі жалтырау қисығы деп аталатын график түрінде бейнеленеді. Бұл қисықтың көрінісі айнымалы жұлдыз компоненттерінің өлшемі, пішіні, массасы, жарқырауы мен өзара ара қашықтығына, сондай-ақ олардың орбиталарының созылыңқылығына және бақылаушымен салыстыра қарағандағы бағдарына байланысты. Айнымалы жұлдыздардың жалтырау қисығын зерттеу олардың ішінен ерекшеліктеріне қарай аталатын үш кейіпті айқындап берді.

    БіріншісіАлголь кейіптес айнымалы жұлдыз. Бұл жұлдыздар компоненттерінің пішіндері шар тәрізді, оның үстіне, жұлдыз-серігінің өлшемі үлкен,ал жарқырауы бас жұлдыздікінен аз. Екі компоненттің де температурасы 9000-11000 К-ге жуық ақ түсті,ал серігінің температурасы 5000-8000 К-ге дейін жететін сары түсті жұлдыз болуы мүмкін. Тұтылуы болмай тұрған кезде жұлдыздардың жалтырауы өзгермейді. Серігі көмескілеу бас жұлдыз тұтылған кезде, оның жалтырауы күрт азаяды. Алголь кейіпті түрлі жұлдыздардың айнымалылық периоды мейлінше әр түрлі, 0,2-ден 10000 тәулікке дейін онан да көп. Жалтырау амплитудасы деп аталатын ең үлкен өзгеруі бірнеше жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың екінші түрі – Лирадағы в кейіпті жұлдыздар. Олардың жалтырауы үздіксіз және біркелкі екі жұлдыздық шама аралығында баяу өзгереді. Бас минимумдардың аралығында міндетті түрде қисықтың өркеші кішілеу екінші реттік минимум болады. Айнымалылық периоды – жарты тәуліктен бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұл жұлдыздардың ерекшеліктері де Алголь типтес жұлдыздар сияқты зерттеледі. Лирадағы в кейіпті айнымалы жұлдыздардың комоненттері В және А спектрлі кластағы ірі және ақ түсті алыптарға жататын болып шықты.

    4)Визуалды қос жұлдыздар

    Қос жұлдыз, мүмкін көре бөлек (немесе, қалай айтады, олар шешілуі мүмкін) деп аталады көрінетін қос немесе визуалды-қос. Бақылау мүмкіндігі жұлдыз ретінде визуалды-қосарлап анықталады рұқсат беретін қабілеті телескоп қашықтықпен дейін жұлдыздардың қашықтығы. Осылайша, визуалды-қос жұлдыз — бұл, негізінен, жұлдыз маңының Күннің өте үлкен кезеңімен өтініш (тергеу, үлкен қашықтықтар арасындағы компоненттері). Үлкен кезең байқауға орбитаға қос тек көптеген бақылаулар ондаған жылдар бойы. Бүгінгі күні каталогтарда WDS және CCDM 78 000 110 000 объектілерін тиісінше, және тек бірнеше жүздеген болады вычислить орбитаға. У кемінде жүздеген объектілері орбита белгілі жеткілікті дәлдікпен алу үшін көптеген компоненттер. Кезінде байқағандары көзбен-қос жұлдыз өлшейді арасындағы қашықтық компоненттерімен және ұстанымдық бұрышы желісі орталықтарының, басқаша айтқанда, арасындағы бұрыш бағыты солтүстік полюс бейбітшілік және бағыт желісінің қосатын басты жұлдыз, оның серігі. Визуалдықос жұлдыздар.Жердегі бақылаушыдан алыс, бірақ өзара кеңістікте жақын орналасатын жұлдыздар жай көзбен бақылағанда бірігіп көрінеді. Осындай жұлдызды телескоптың көмегімен бақылаған жағдайда, екеуі бөлек жеке көрінеді. Осындай қос жұлдыздарды визуалды қос жұлдыздар деп атайды. Қос екендігін көп жылдық телескоптық бақылаудан анықтайды. Физикалық қос жұлдыздың компоненттері жалпы массалық центрді конус қимасы (көп жағдайда эллипс) бойынша айналып қозғалады.

    5. Шоқ Жұлдыздар

    Түнгі аспаннан 88 «жұлдыздар өрнегін» көруге болады. Бұлар - шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грекияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен вавилонның астрономдары еді. Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мумкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса ,ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.

    • 22 желтоқсан-19 қаңтар—Тауешкі

    • 20 қаңтар-18 ақпан—Суқұйғыш

    • 19 ақпан-20 наурыз—Балықтар

    • 21 наурыз-19 сәуір—Тоқты

    • 20 сәуір-20 мамыр—Торпақ

    • 21 мамыр-20 маусым—Егіздер

    • 21 маусым-22 шілде—Шаян

    • 23 шілде-22 тамыз—Арыстан

    • 23 тамыз-22 қыркүйек—Бикеш

    • 23 қыркүйек-22 қазан—Таразы

    • 23 қазан-21 қараша—Сарышаян

    • 22 қараша-21 желтоқсан—Мерген.

    6. Шар тәріздес жұлдызды шоғырлар

    7. Шашыраңқы жұлдызды шоғырлар

    Аспанның кей жерлерінде телескоппен , ал кейбір жерлерде жай көзбен өзара тартылыс арқылы байланысқан , бір-біріне тығылыса орналасқан жұлдыздарды немесе жұлдыз шоғырларын айыруға болады. Жұлдыз шоғырларын екі түрде шашыранды және шар ттәрізді деп айырады.

    Олардың қасиеттерін салыстырайық. Шашыранды шоғырлар бас тізбектің әдетте ондаған не жүздеген құралады. Шар тәрізді шоғырлар бас тізбектің ондаған не жүздеген жұлдыздарынан және қызыл алыптардан құралады. Шашыранды шоғырлардың өлшемі—бірнеше парсек.

    Шар тәрізді және шашыранды шоғырлар үшін түс—жарқырау диаграммасы әртүрлі. Бұл жағдай жұлдыз шоғырының кейпін айыруға көмектеседі . Шашыранды шоғырлардың құрамына газ бен тозаң да кіреді, ал бұлар шар тәрізді жұлдыз шоғырлада бақыланбайды.

    Жақынырақта шар тәрізді шоғырларға дейінгі қашықтықты олардың құрамындағы қысқа периодты цефеидтер бойынша анықталады. Ол үшін бұлардың көрінетін жұлдыздық шамасын белгілі абсолют шамасын белгілі абсолют жұлдыздық шамасымен салыстырылады.

    Аспанда ыстық ерекше алыптардың шашыранды топтары байқалады, оларды совет ғалымы академик В.А.Амбарцумян О-ассоциациялар деп аталады. Бұлардың жұлдыздары бір-біріне алыс және олар жұлдыз шоғырларындағыдай емес өзара тартылыспаған. О-ассоциациялар да спираль тармақтарға тән.

    8. Шиыршықты Галактикалар



    9. Эллипсті галактикалар


    Эллиптикалық галактикалар (Е деп белгіленді) - сфералық (эллипсоидтық) құрылымы бар, ешқандай ерекшеліктері жоқ галактикалар класы. Бұл Хаббл сипаттаған галактикалардың негізгі төрт түрінің бірі, спиральды, линзалық және дұрыс емес.

    Эллиптикалық галактикалар линзалық және спиральды галактикалардан біршама ерекшеленеді. Осы екі түрден айырмашылығы, олар диск тәрізді емес, шар тәрізді немесе эллипсоидты. Олардағы газ бен шаң аяқталды, жұлдыздардың пайда болуы іс жүзінде тоқтады, сондықтан эллиптикалық галактикаларда тек ескі жұлдыздар қалды: сары және қызыл карликтер, қызыл алпауыттар мен ақ карликтер және бұл галактикалардың өзі қызыл.

    Осыған байланысты эллиптикалық галактикаларда спираль тәрізді құрылымдар сияқты көрінетін белгілер болмайды; Оларда дискілер жоқ, сондықтан олар бір-біріне ұқсайды. Дөңгелектер мен эллиптикалық галактикалардың динамикалық сипаттамалары ұқсас және бұл нысандар ұқсас түрде жасалады деген ұсыныстар бар. Эллиптикалық галактикалар үшін ең танымал қатынастардың бірі - галактиканың жылдамдық дисперсиясын және оның жалпы жарықтығын байланыстыратын Фабер-Джексон қатынасы. Бұл байланыс линзи және спираль тәрізді галактикаларға қолданылатын Тулли - Фишер қатынастарына ұқсас .
    Эллиптикалық галактикалардың параметрлері үшін графиктердегі галактикалардың фундаментальды жазықтық деп аталатын жазықтықта жатуына әкелетін бірнеше корреляциялар бар. Оның болуы вирустық теоремадан туындайды.


    10. Линзалы галактикалар

    Лентикулярлы (линзалы) галактика - Хаббл классификациясындағы эллипс пен спираль арасындағы галактиканың аралық түрі. Лентикулярлық галактикалар - бұл жұлдызаралық газды жұмсаған немесе жоғалтқан, сондықтан олардағы жұлдыздардың пайда болу жиілігі азаятын диск галактикалары (мысалы, спираль тәрізді) [1]. Олар әлі күнге дейін дискілерінде айтарлықтай мөлшерде шаң жинай алады.

    Нәтижесінде, олар негізінен ескі жұлдыздардан тұрады. Галактика бақылаушыға қараған жағдайларда линзалар мен эллиптикалық галактикаларды анық ажырату көбінесе линзалық галактиканың спиральды қолдарының өрнектерінің болмауына байланысты. Хаббл классификациясы бойынша линзалық галактикалар S0 класына жатады


    Лентикулярлы галактикаларда диск компоненті де, дөңес те көрінеді. Спиральды галактикалармен салыстырғанда линзикулярлы дөңес жерлерде айқын көрінеді, ал қолдар, керісінше, жоқ, бірақ бар болуы мүмкін [2]. Дөңгелектің ауырлығын галактиканың көрінетін дискісінің үлкен және кіші осьтерінің қатынасы ретінде бағалауға болады. Бұл параметр үшін 0,25-тен 0,85-ке дейін линзалық галактикалардың көптігі артады, ал спиральды галактикалар үшін ол өзгеріссіз қалады


    написать администратору сайта