Главная страница

Алгоритм. Алгоритм асиеттері


Скачать 17.02 Kb.
НазваниеАлгоритм асиеттері
Дата15.05.2023
Размер17.02 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАлгоритм.docx
ТипДокументы
#1131139

Алгоритм» ұғымы информатика ақпарат сияқты ілгері ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу-Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850) есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдарды орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосындыны мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл - Хорезми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынған. Әл-Хореизмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атайды.

Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлде қайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттеген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оның программа түрінде жасап шығару керек. Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады.

Алгоритм қасиеттері:

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектеу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Есеп шығаруға керектің бәрі біржақты анықталуды және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселелерді шешу процесінің тізбегі жеке - жеке әрекеттерге жіктеледі.

3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.

4.Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет. Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді.

5.Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуіде мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.


написать администратору сайта