Главная страница
Навигация по странице:

  • Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

  • Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.

  • Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

  • Алгоритмнің жалпылылық немесе ортақтық қасиеті.

  • Алгоритмнің формалды орындалуы.

  • Тапсырмалар: Бақылау сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

  • Алгоритмдер және программалар. Мобильдік қосымшалар. Алгоритмдер жне программалар. Мобильдік осымшалар алгоритм асиеттері


    Скачать 21.64 Kb.
    НазваниеАлгоритмдер жне программалар. Мобильдік осымшалар алгоритм асиеттері
    АнкорАлгоритмдер және программалар. Мобильдік қосымшалар
    Дата19.01.2022
    Размер21.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№8 дәріс.docx
    ТипПрограмма
    #335841

    Алгоритмдер және программалар. Мобильдік қосымшалар

    АЛГОРИТМ ҚАСИЕТТЕРІ

    “Алгоритм” ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлқмат келтірейік. Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:

    1) алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;

    2) оның модульдік қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;

    3) алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

    4) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
    1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе, солар орындалуы қажет.

    2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмдерді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі. Белгілі бір командалар негізінде, алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын - оның үзіктілік қасиеті деп атайды.

    3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмін циклден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.

    4. Алгоритмнің жалпылылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет. Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Бұл қасиет алгоритмнің пайдаланылу құндылығын арттырады. Алгоритмнің бұл қасиеті, бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді. Басқаша айтқанда, бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс.

    5. Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді. Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Мысалы, "Х санын квадратта" деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал осыны "Х санын Х санына көбейт" деп айтсақ, онда бұл команданы олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, оның білім деңгейіне, машинаға т.б.) арналып құрылуы керек.

    Сонымен, әрекеттер тізбегінің орындалуын алгоритмдік процесс, оның әрбір әрекеті - қадамы, әрбір нұсқауы - алгоритмнің командасы деп аталады.
    2 Мобильдік құрылғылар сипаттамасы
    Шет ел мамандары мобильді құрылғыларға арналған мобильді қосымшалардың қарқынды дамып кетуін алдынан болжаған болатын.

    Бүгінде мобильді құрылғылар арасында, негізгі тұтынушылар арасында танымал мына ОЖ жүйелер: IOS, Android, Windows phone. Осы тізім бойынша кодтық деформациялауға және де ашық түрде кодтарды өзгертуге 2007 Android ОЖ жүйесі алғаш қадам басты. Android тұтынушылар нарығының басым бөлігін басып алды.

    Қазақстанда мобильді технологиялардың дамуы жоғарыда айтылған әлемдік даму қарқынынан төмен. Қазақстанда мобильді қосымшаларды жасау және өндірумен айналысатын компаниялар көп емес. Көптеген мобильді қосымша жасаушылар өздері жұмыс жасауда. Бұған себеп – сұраныстың болмауы. Мобильді қосымшалар бағасының жоғары болу себебінен аз сұранысқа ие болып отыр. Микроконтролердің пайда болуы микропроцессорды басты қосымшасы болып жалғасын тапты. Микроконтролерді кейбір оқулықтарда біркристаллды микро ЭВМ деп атайды. Соған орай алғаш компьютерлер шыға бастағаннан-ақ микроконтроллерлер бірдей дәрежеде қолданыла бастады.

    Дербес мобильді құрылғылар (смартфондар, дербес қалта компьютерлері, планшеттер) қазіргі замандағы әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Мобильді құрылғылардың әрбір пайдаланушысы тілдесу үшін және бизнес жүргізу үшін аса күшті құралға қол жеткізді. Көптеген компаниялар мобильді құрылғыларды өз тауарлары мен өнімдерін жарнамалау және сату үшін, сондай-ақ өз қызметкерлерімен тұрақты байланысты қолдап отыру үшін пайдаланады. Барлық осындай функциялар – мобильді құрылғылар үшін арнайы жасалатын әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етудің (қосымшалардың) көмегімен жүзеге асырылады.

    Android операциялық жүйесі мобильді құрылғылар үшін салыстырмалы түрде жаңа платформа болып табылады. Ол өзінің ашықтығының арқасында, жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы құралдары бар болуының арқасында, жылдам түрде кеңінен таралып отыр. Сондықтан Android-қа арналған қосымшаларды жетілдіруші – ақпараттық технологиялар саласындағы ең қажет етілген мамандықтардың біріне айналып отыр.

    Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрлі салаларына қарқынды түрде еніп жатқаны және мобильді қосымшаларды қолдану айтарлықтай тиімді екенін түсіндіру.

    Қазіргі таңда мобильді телефондар мен планшеттерді өндіруші компаниялардың басым бөлігі Android операциялық жүйесіне арнап өндіретіндігі, тұтыну бағасы қолжетімді және тұтынушыларға пайдалану қолайлы екендігі анықталды.

    Android операциялық жүйесіне мобильдік бағдарлама әзірлеу, қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып танылады. Android операциялық жүйесі көптеген смартфондарда орнатылған, ондай смартфондарға: Samsung, iPhone, Sony, LG, Lenovo және т.б. Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі ғаламтор бағдарламаларының тез дамуы. Сол себепті ғаламтор байланысы қарқынды дами бастады және пайдаланушылардың сұранысы бойынша, бағдарламалар тұрақты жаңартылып отырады. Платформалардың арасында жетекші орындары Android және IOS платформалары алады.

    Android операциялық жүйесі коммуникаторларға, планшеттарға, цифрлық ойнатқыштарға, цифрлық фоторамкаларға, қолға киетін сағаттарға, нетбук және смартбуктарға, Linux ядросында жасалған операциялық жүйе орнатылған. Бағдарламаларды өңдеудегі негізгі тілдердің бірі Java, алайда С++ тілінде бағдарламаларды өңдеу кітапханалары бар. Бағдарламаны жасау үшін Eclipse ортасын қолданамыз, Android SDK мобильдік құрылысы SDK эмуляторы арқылы іске асады. Ол Java объектісіне негізделген тіл, оның өзінің көптеген ішкі кітапханалары бар. Бірінші орында ол қолданушыға жеңіл әрекеттестікті көрсетеді.

    Android ОЖ-де қосымша құру үшін Eclipse-ті орнату қажет. Бұл тапсырма үшін Classic нұсқасы жарайды. Android SDK құрал-жабдықтарын құрастырушыларға арналған сайттан жүктеуге болады (developer.android.com). Орнату кезінде қажетті SDK платформаларын және элементтерін таңдауға болады. ADT плагині Eclipse ортасында Android SDK құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. ADT плагинін орнату үшін «Help → Install new software» менюі арқылы «Work with» алаңына «dl-ssl.google.com/android/eclipse/» плагин жүктеу адресін енгіземіз. Құрастыру үшін Java Runtime Environment (JRE) орындалу ортасы, Java Development Kit (JDK) құрастырушы комплектісі қажет. Оларды Oracle-дың ресми сайтынан жүктеуге болады (oracle.com).

    Тапсырмалар:

    Бақылау сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

    1. 1. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?

    2. 2. Алгоритмнің үзіктілігі дегенді қалай түсінесіңдер. Мысал келтіріңдер.

    3. 3. Алгоритмнің бірмәнділігі дегенді қалай түсінесіңдер. Мысал келтіріңдер.

    4. 4. Алгоритм командасы дегеніміз не?

    5. 5. Алгоритмді атқарушы дегенді қалай түсінесіңдер?

    6. ОЖ атқаратын қызметі

    7. Танымал ОЖ жүйелер


    написать администратору сайта