ашык сабак. саныраукулак ашык сабак. Алим2 ббекжайбалабашасы Алматы облысы теген батыр кенті
Скачать 20.28 Kb.
|
«Алим-2» бөбекжай-балабақшасы Алматы облысы Өтеген батыр кенті Бекітемін Балабақша меңгерушісі ____________________ Тақырыбы: Саңырауқұлақтар Ересек топ «Лашын» тобының ашық оқу қызметі) Орындаған тәрбиеші: А.О.Атешова Өтеген батыр кенті 2021 ж. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Мүсіндеу. Тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Мақсаты:1) Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету. 2) Саусақ қимылдарын, сөздік қорларын арттыру. 3) Мүсіндеу сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, шөп өскен алқап, әр түрлі саңырауқұлақтың суреттері «Қайырлы күн, балалар»! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін бір-бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге күлкі сыйлайық». Біз қандаймыз қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Жабырқауды білмейміз. - Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Саңырауқұлақтар әлемі» деп аталады. Яғни бүгін біз саңырауқұлақтар туралы кеңірек мағлұмат аламыз. Ашық- жабық сұрақтар Бір жылда неше мезгіл бар ? -Бір жылда 4 мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз туралы қім қандай тақпақ біледі? Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақтың шешуін тауып көріңдер. Тіреумен тіреп ақырын, Көтеріп тұр шатырын.- Ол не? (Санырауқулақ балалар жауабы) Жарайсыңдар, балалар енді барлығымыз тақтадағы суреттерге қарайық.Тәрбиеші саңырауқұлақтар жайлы суреттерді көрсетіп, ормандағы саңырауқұлақтардың түрлерін ВЕНН ДИАГРАММАСЫ бойынша айтып өтеді. Саңырауқұлақтың жер бетінде – түрлері өте көп. Саңырауқұлақ орманда, тоғай т.б. өседі. Оның өсімдіктерден айырмашылығы қараңғыда өседі. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды, жеуге жарамсыз - улы болып бөлінеді. Саңырауқұлақтың денесі өте нәзік. Саңырауқұлақты тамаққа пайдаланды және де дәрі жасайды. Ал, Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ. Саңырауқұлақ жаңбырдан кейін сулы, топырағы жұмсақ жерден шығады. Кері байланыс : 1.Саңырауқұлақтың неше түрге бөлінеді? 2. Саңырауқұлақтар қайда өседі? 3. Саңырауқұлақтан не жасайды? Сергіту сәті: Саңырауқұлақ болайық, Төмен болып отырайық. Жаңбыр жауса көтеріліп, Өсіп- өсіп алайық. Тәрбиеші: - Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші. - Ақ ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз. Өздерін қалаған түсті ермексазды алыңдар. Оны домалақтап, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз. Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз. Қорытынды:. Балалар, бәрін де саңырауқұлақты әдемі мүсіндеңдер! (Балалар назарын шөптесін алқапқа аударады.) Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады. - Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай жұмыс жасадық. – саңырауқұлақты ермексазбен мусіндеу. Сабақ ұнады ма? Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар? Рахмет сендерге, осымен сабақ аяқталды. Күтілетін нәтиже: Біледі: Саңырауқұлақтың қайда өсетінін. Игереді: Саңырауқұлақтардың жеуге болатын және жеуге болмайтын түрлері бар екендігін. |