Главная страница

гисто. гистология срс 9. алыпты жне паталогиялы гистология кафедрасы


Скачать 55.2 Kb.
Названиеалыпты жне паталогиялы гистология кафедрасы
Анкоргисто
Дата27.02.2023
Размер55.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлагистология срс 9.docx
ТипДокументы
#958156



«Қалыпты және паталогиялық гистология» кафедрасы

БӨЖ

Тақырып: Диффузды эндокриндік жүйе.

Орындаған: Даулетбекова А.

Рашит Н.

Сидикматова Д.

Тобы: Пк 02 21

Қабылдаған: Тоймбетова Қ.

Шымкент ,2022 ж.



  1. Гормондар және олардың ағзадағы маңызы туралы түсінік алу

  2. Нысана жасушалар мен олардың гормонға арналған рецепторлары туралы түсінікті меңгеру

  3. Диффузды эндокриндік жүйенің құрылымы мен маңыздылығын түсіну



  1. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1)метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2)морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3)кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4)түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1.Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);

2.Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3.Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.

Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар — гормонный әсер ету жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.

  1. «Нысана» түсінігі барлық екі – жүйкелік және гуморальдық реттелуге тән. Рефлекс доғасы бойынша келетін жүйке импульсінің қайда түсетінін еске түсіріңдер. Ол үшін нысана бір бұлшық ет, бұлшық ет топтары, белгілі бір мүшенің бұлшық ет қабаты немесе нақты без болады. Гуморальдық реттелудің ерекшелігі гормондардың әртүрлі үдерістерге кешенді әсері болып табылады. Яғни «нысанасы» нақты бір мүше болып табылатын жүйкелік реттелуден айырмашылығы гормондар биобелсенді зат ретінде ағзадағы бірқатар биохимиялық және физиологиялық өзара байланысты үдерістерге әсер етеді. Осы себептен «нысана» түсінігі әр гормонның әсері үшін жүйкелік реттелу кезіндегіге қарағанда едәуір кең. Нысана ретінде көбінесе жеке мүше, тіпті жасушалар не ұлпалар тобы емес, кешенді жүре бастайтын бірқатар биологиялық үдерістер болады. Бұл гормондар әсері кезіндегі қысқа «бір реттік» жауап әрекеті сияқты емес, ағзаның физиологиялық жағдайындағы өзгерістерге әкеледі.



  1. Диффузды эндокриндік жүйе - бұл прогениторлық аминқышқылдарын сіңіре алатын және олардан декарбоксилдену реакциясы арқылы белсенді аминдер және/немесе төмен молекулалы пептидтер шығаратын (прогениторлық аминқышқылындағы карбоксил тобын жою) шығаратын жасушалар. ДЭЖ жасушаларының соңғы классификациясы келесі жасуша түрлерін қамтиды: A, B, D, D1, EC, ECL, G, I, K, L, Mo, N, P, PP, S, X, YY, ε.

Құрылымдық және функционалдық жағынан ДЭЖ жасушалары ашық және жабық түрлерге бөлінеді. Ашық типтегі жасушалар апикальды ұшымен асқазан, ішек немесе бронх қуысына жетеді. Онда рецепторлық ақуыздары бар микровиллалар бар, яғни ашық типтегі жасушалар сыртқы ортамен байланысатын қуыс мүшелердің құрамындағы хеморецепторлар болып табылады. Жабық типтегі жасушалар орган қуысына жетпейді және дененің ішкі ортасының күйі туралы ақпарат алады.


написать администратору сайта