Сұлтанмахмұт. Алмат Мен сби
Скачать 18.35 Kb.
|
Алмат: Мен - сәби мейірімді ана құшағында, Ақ мамасын сүйемін, құшамын да: Алтын ана жек көрер шамасы жоқ; Былғанам ба, мейлі құсамын ба. Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза, Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза. Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза. Қастық деген не нәрсе: көрінген дос; Қайғы деген не нәрсе: көңілім хош; Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін, Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос. Серік: Мен – жігіт, он бес - отыз арасында, Бұл жаста көп: бересі-аласым да. Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба? Жазғы гүлдей түрленіп толған түсім, Көзім нұрлы, ақ меруерт - бүтін тісім. Шашым қара сүмбілдей, бойым түзу, Сәуле шашып тұрады жастық пішін. Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп, Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім. Әр үміттің қиялы сәулеленіп, Түн бойы ұйқы бермес, толқып ішім. Айбек: Адамда өмір бар ма қуанатын, Жазғы шөп күз түскенше қуаратын, Жар сүю, жұрт мақтарлық атақ табу - Ақ күннің аз ермегі уанатын. Мен кәрі халім кеміп, тәнім тозған, Алдымда қараңғы көр қолым созған. Аяқ бассам, алдымда көр тұрған соң, Күндерді сағынамын бастан озған. Құп білемін: қайғыдан еш нәрсе өнбес. Әттең, жігіт күнімді қайтып бермес. Бұл күнде ұйқы - тамақ, қайғы - жолдас, Мұндай өмір ешкімге қызық болмас. Айсұлу: Мен - өлік, мен суық тән, менде жан жоқ, Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ. Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ, Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ. Мені апарып, жер бол деп, жерге қойды, Жалғызбын, жарығы жоқ, көрге қойды. Мен жоқпын, мен деген бір саңырау көр, Мінеки су топырақ басты бойды. Ұмытылдым, жұрт та сезбес жоқтығымды, Тудым, өлдім, жоғалдым, сөнді шырақ. Бар болды деп сүйсініп, жоқ болды деп, Ғаламның күйзелген жоқ міні құрап. Таубол: Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті. Мен өзім жұмасында екі ғана обед етем (ет татам), қалғаны құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, бешірлерге бір мәртебе болсын, бармадым. Халім осы. Сонда да жасымаймын, бір тиыным қалғанша оқимын. Тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! |