Главная страница

Пікір Искакова Д. Алматы аласы Алатау ауданы 204 жалпы білім беретін мектепті


Скачать 22.8 Kb.
НазваниеАлматы аласы Алатау ауданы 204 жалпы білім беретін мектепті
Дата15.02.2023
Размер22.8 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПікір Искакова Д.docx
ТипДокументы
#939041


Алматы қаласы Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Динара Талғатқызына

Пікір

Искакова Динара Талғатқызы осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда. Искакова Динара Талғатқызы- шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген педагог –зерттеуші ұстаз. Мектептің «Қоғамдық гуманитарлық пәндері» бірлестігінің жетекшісі. Бірлестіктегі ұстаздарға ,жас мамандарға тәлімгер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жаңа технологияны,сабақта интербелсенді әдістерді тиімді   қолдана отырып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып , функционалдық дағдыларын қалыптастырумен қатар,алған білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.

2018 жылы, Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі профессор Нұржамал Оралбайдың 90 жасқа толуына арналған «Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыттар» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысып, баяндама оқығаны үшін сертификатпен марапатталды.

2018 жылы, Жас зиялыларға арналған тынымдық «Мөлдір бұлақ» журналының алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы, Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының ұйымдастыруымен өткен «Маған үлгі болатын адам» атты халықаралық эсселер байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы, Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі профессор Нұржамал Оралбайдың 90 жасқа толуына арналған «Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыттар» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына «Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

2018 жылы, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Мадақтама грамотасымен марапатталды.

2019 жылы, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

2019 жылы, «SAPA» Білім беру орталығының «Кәсіби бағыты бойынша оқытудың инновациялық технологияларын қолдану. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері» атты 72 сағаттық біліктілік арттыру курсынан өтті.

2020 жылы, «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысушыларды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.

2021 жылы, Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қалалық олимпиаданың І дәрежелі жеңімпазын дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.

2021 жылы, Қалалық эссе байқауларына оқушы дайындағаным үшін мадақтама грамотасымен марапатталды.

2021 жылы, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Мадақтама грамотасымен марапатталды.

2020 жылы, «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» тақырыбында 40 сағаттық курстан өтті.

2021 жылы, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілік арттыру курсынан өтті.

2023 жылы «Сабақты зерттеу қадамдары және оның тиімділігін арттыру» тақырыбындағы оқу курсы. ПШО.

Оқушыларын үздік ғылыми жобалар мен республикалық олимпиадаларға қатыстырып жүлделі орындарға ие болып мектебіміздің мәртебесін көтеруде.

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» біліктілікті арттыру «НЗМ» ПШО Алматы филиалы «Сабақты зерттеу (Lesson Study) Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» онлайн конференциясына қатысып, пән бойынша біліктілік деңгейін көтеріп отырады. Мектепте ұйымдастырған Лессон стади тобының модераторы.

Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.

Пікір жазған №204 ЖББМ директоры: Бекенова Г.М

Алматы қаласы Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Динара Талғатқызына

Пікір

Искакова Динара Талғатқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз 19 жыл еңбек етуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын, функционалдық дағдыларын ,шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында: жаңа технологияны және интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сабағын қызықты өткізеді. Бүгінгі 5 «Ғ» сыныбына өткізген сабағы осы пікірді дәлелдейді. Сабақты оқушылар жақсы тілекпен бастады. Өткен материалды интерактивті тақтада көрсетілген сурет бойынша элементтерін оқушылар жазды және сәйкестендіру тестіні сызып көрсетті. Оқушылар дискриптор бойынша бағаланды. Кері байланыс жасап, қатемен жұмыс жасады. Мағынаны тану ,яғни жаңа тақырыпты проблемалық сұрақ қою арқылы видео материалды көрсету арқылы ашты. Сабақтың оқу мақсатын слайд арқылы көрсетті,бүгінгі сабақтан күтілетін нәтижені оқушылар білді. Оқушылар «Ғалымдар» , «Жазушылар», «Тілшілер» топтарына бөлініп, берілген сілтемелер арқылы баяндама жасады. Топтың ережесін оқушыларға ескертіп, топ мүшелерінің барлығы жұмыс жасауын қадағалай білді. Оқушылар салалас құрмалас сөйлемге баға берді, пәнаралық байланыс көрсетілді. Топтық жұмысты топтар өзара бағалады. Жеке жұмысты қалыптастырушы бағалау арқылы практикалық жаттығулар,дескриптор бойынша бағалау жүргізді. Кері байланыс «Оқу пирамидасы» арқылы жасалды. Барлық тапсырмалар интерактивті тақтада слайд арқылы көрсетілді.Сабақ мақсатына жетті. Педагог –зерттеуші тәжірибелі ұстаз білім алушылырға білім берумен қатар, «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің жетекшісі ретінде жас мамандарды да тәрбиелеп келуде,мектептегі құрылған Лессон стади тобының модераторы. Аудандық, қалалық конференцияларға қатысып іс –тәжірибесімен де бөлісіп отырады.

Мектеп директоры: Г.М.Бекенова

Пікір жазған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Т.Искакова

Алматы қаласы Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Динара Талғатқызына

Пікір

Искакова Динара Талғатқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог- зерттеуші. Пән бойынша білімі жоғары. Еңбек өтілі 19 жылдан асқан. Искакова Динара Талғатқызы өз мамандығын  жетік білетін,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығы жоғары мұғалім. Оқу үдерісінде оқытудың белсенді әдіс тәсілдерін, жаңа технолгияны, АКТ-ны тиімді пайдалана отырып білім алушылардың пәнге қызығушылығын, функционалдық дағдыларын,таным белсенділігін,зерттеушілік қабілеттерін және шығармашылығын арттыра біледі. Оқушылары ғылыми жоба,олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Тіл маманының негізі болғандықтан ҰБТ-ға баратын шәкірттердің көбісі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдайтыны белгілі . Шәкірттерінің басым бөлігі Жоғары оқу орындарының грант иегері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып еңбек етуде. Аудан, қала, республика көлемінде өтетін конференцияларға, вебинарларға ,интенсив курстарға қатысып, білім-білік деңгейін көтерумен қатар іс –тәжірибесімен бөлісе алады. Лессон стади тобының модератаоры болғандықтан бірлесіп пән бойынша сабақ жоспарларын жасауға әдістемелік нұсқауларын беріп әдістемелік көмегін үнемі көрсетіп отырады. Заман талабына сай білімді білікті ұстаз деп білемін.

Мектеп директоры: Г.М.Бекенова

Пікір жазған,

педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Г.М.Мырзагулова


Алматы қаласы Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Динара Талғатқызына
Пікір

Искакова Динара Талғатқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші тәжірибелі мұғалім. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер» бірлестігінің тәжірибелі ұстаздарының бірі. Өз пәнін жақсы меңгерген,мықты тәлімгер,заман талабына сай сабақты жоғары деңгейде өткізе білетін,өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын,мектептегі алдыңғы қатардағы білімді де білікті ұстаз. Оқушылары ғылыми жоба,олимпиадалардан жоғары нәтиже көрсетіп, ҰБТ-дан жоғары балл жинап, еліміздің Жоғары оқу орындарының грант иегері атануда.Аудандық ,қалалық деңгейдегі конференцияларға қатысып, баяндамалар оқып,вебинар өткізу арқылы озық іс тәжірибесімен бөлісіп отырады. АКТ-ны жетік меңгерген және оны сабаққа тиімді пайдалана алады. Пән бойынша біліктілік курстарына,интенсив курстарға ,вебинарлараға қатысып, білімі мен біліктілік деңгейін жоғарылатып отырады. Ақкөңіл, кеңпейілді мінезімен мектеп ұжымындағы ұстаздармен қарым-қатынасы жоғары ,үлкен сый құрметке лайық ұстаз.

Мектеп директоры: Г.М.Бекенова

Пікір жазған,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жетекшісі Ж.А.Төлеу


Алматы қаласы Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Динара Талғатқызына
Пікір

Искакова Динара Талғатқызына 5 «Д» сыныбында оқитын ұлым Наурызғали Ерасылға қыркүйек айынан бастап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді. Қазіргі студент қызым да, осы мектепте оқыған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Динара Талғатқызы сабақ берді. Қазақ тілі мен әдебиеті қиын пәндердің бірі,оны көп оқушылар түсініп толығымен игеріп кете алмайтынын білемін. Осы уақытта өзінің біліміне,шеберлігін қосып, пәнді қызығып оқуына,болашақ мамандығын таңдауына үлкен үлес қосып келеді. Кез келген ұстаз өз пәнін жақсы білгенімен қатар, оны оқушыға жеткізе білуі керек, сонда ғана қызығушылықпен оқитын болады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа әдістерді қолданып, жалықпау алған білімдерін практикада қалай қолданатындығын айтып, тиімді түрде қызықты өткізеді. Түсінбеген болса шаршамай қайталап, үйретуден жалықпайды. Сондықтан да, болар балам тіл маманының иесі боламын деп отыр. Қазіргі заман талабы білімді ұрпақты тәрбиелеу,мектепте ұстаз,үйде ата-ана.Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім Искакова Динара Талғатқызы секілді оқушысын өз баласындай көріп, оның жан дүниесіне жол тауып, білімді болуына аянбай еңбек етсе, еліміздің болашағы зор болады деп ойлаймын.

Пікір жазған, 5 «Д» сынып ата-анасы А.С.Өмірқұлова


написать администратору сайта