Главная страница
Навигация по странице:

  • «Бос лауазымдар жәрмеңкесін»

  • Ярмарка. Ярмарка ваканции 06.02.2020. Алматы облысында бос лауазымдар жрмекесі тті Бгін Талдыоран аласындаы Жастара ызмет крсету орталыында


    Скачать 15.43 Kb.
    НазваниеАлматы облысында бос лауазымдар жрмекесі тті Бгін Талдыоран аласындаы Жастара ызмет крсету орталыында
    АнкорЯрмарка
    Дата05.05.2021
    Размер15.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЯрмарка ваканции 06.02.2020.docx
    ТипДокументы
    #201652

    Алматы облысында бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті
    Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастарға қызмет көрсету орталығында» Департамент Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе «Бос лауазымдар жәрмеңкесін»  ұйымдастырды.

    Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат еңбек нарығындағы мамандарға деген қажеттіліктерді айқындау, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өзара байланыс орнату және мемлекеттік қызметке дарынды, креативті жастарды тарту.

    Осы жәрмеңкеге жұмыс берушілер ретінде Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің өкілдері және түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

    Барлығы 300-ге жуық әр түрлі мамандықпен әр түрлі жастар бас қосқан жиында облысымыздағы тапшы мамандықтармен танысып, жұмысқа шақырылды.

    Өз кезегінде жәрмеңкеге қатысушылар әр мемлекеттік органдардың және кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдеріне жүгініп, өздерінің түйіндемелерін қалдырды.

    Кадр таңдауда сондай-ақ үміткердің іскерлігі мен біліктілігіне де аса мән беріледі. Жәрмеңкеге келгендердің қатарында жоғарғы оқу орындарын биыл тәмамдаған түлектер көп. Басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусына қызығушылық танытты.

    Жұмыс беруші мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға ең алдымен Қазақстанның заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тесттен өтуі туралы түсіндіріліп, одан әрі мемлекеттік орган жариялаған конкурсқа қатысуы және арнайы комиссияда әңгімелесуден өтуі туралы мағлұматтар берілді.

    Шара соңында жәрмеңке қатысушыларға облыстық мемлекеттік органдардағы бос орындар, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу, тестілеуінің бағдарламасы және Департаменттің байланыс телефондары көрсетілген кітапшалар таратылды.


    написать администратору сайта