Жаңалықтар 01. Алматыда жетінші абаттан лайын деп алан баланы тарып алан студент марапатталды
Скачать 26.16 Kb.
|
Алматыда жетінші қабаттан құлайын деп қалған баланы құтқарып қалған студент марапатталды Абай атындағы Педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд 7-қабаттан құлай жаздаған баланы аман алып қалған. Ол "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. “Алматыда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан марапаттарды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев табыс етті. Ұлына лайықты тәрбие берген Ерасылдың ата-анасына ризашылығын білдіріп, Қазақстанда осындай балалар бар болса, аға ұрпақ еліміздің ертеңіне сенімді бола алатынын атап өтті”, – дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, баланы құтқаруға атсалысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев та апат кезінде жедел әрекет етті деп Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 21 шілде күні Ерасыл Махмұд 67 жастағы Ермекбай Тамабаевтың көмекке шақыруымен оқиға орнына жеткен. Бала тұрғын үйдің жетінші қабатында түтін шығармайтын өрт сатысының қоршауында тұрып қалған. Бар күшімен темір тордан ұстап тұрған кішкентай бала құлайын деп қалғанда Ерасыл оны ұстап үлгеріп, қорқып қалған анасына тапсырған. Ерасылдың батыл әрекеті мен Ермекбай Тамабаевтың қырағылығының арқасында бала аман қалған. Қарағанды облысының экс-депутатының ұлы екі адамды қағып өлтіргені үшін 9 жылға сотталды материалға сілтемені көшіру 2 1 0 0 2 1 6 Кәсіпкер, Қарағанды облыстық мәслихатының экс-депутаты Даниил Боровиковтың ұлы жол ережесін бұзуы абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырды деп айыпталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Теміртау қалалық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Теміртау қалалық сотының судьясы Даниил Боровиковтың кінәсі дәлелденгенін мәлімдеді. "Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ сот оны 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды", – деп хабарлады Теміртау қалалық соты. Сот сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 27 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығынды өндірді. Сондай-ақ сот жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген полиция қызметкерлеріне және сотталушының адвокаттарына қатысты екі жеке ұйғарым шығарды. Еске салсақ, 2020 жылдың 11 желтоқсанында саяжай бағытындағы жолда Ford және Kia Rio көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алған болатын. Kia жүргізушісі 66 жастағы зейнеткер Владимир Крутько мен оның 6 жасар немересі Арина Борзилова оқиға орнында қайтыс болды. Тергеудің мәліметінше, сотталушы қарсы жолаққа шығып кетіп, көлікпен соқтығысқан. Бұл ретте жолды қардан тазаламағаны үшін жол компаниясына айыппұл салынды. Ал апаттан кейін ғана ол жерде қауіпті бұрылыс белгісі орнатылды. Бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен: Алматыда полицейлер жедел жәрдем көлігін қуды (видео) материалға сілтемені көшіру 1 0 0 0 4 0 5 Алматы облысында ер адам бір түнде үш өлікті ұрлап кеткен. Алматы полицейлері түнгі қуғынның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Полицейлер мәліметінше, 31 шілде 21:45 шамасында Құлжа тас жолы бойынша тұрғын үй кешенінен BMW көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ұры өзге машинамен соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін Есік қаласына дейін жетіп, жолдың қарсы бетінде Toyota көлігімен соқтығысқан. Алайда апат орнынан тағы да қашып кеткен. Кейін ер адам Nissan көлігін ұрлаған. Дегенмен тас жолда аударылып қалыпты. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған соң, ұры жедел жәрдем көлігін ұрлап кетуді көздеген. "Облыстық жедел жәрдем станциясына тиесілі Jac Sunray көлігіне мінген ұры қалаға кірген соң патруль полициясының қолына түсті. 1994 жылы туған К. есімді күдікті медициналық сараптама нәтижесінде есірткі тұтынғаны анықталды. Ол қамауға алынды", – делінген хабарламада. |