Алматының алмасы. Алматыны алмасы
Скачать 17.81 Kb.
|
Алматының алмасы (Әнге лайықталған) Алматының бағында Алма ағаштар гүлдеді. Жаздың сұлу таңында Жас қыз көзін ілмеді. Еңбек етіп ерінбей Көктемде оны суарды. Өскеніне өрімдей Жаны толқып қуанды. Шекараны күзеткен Қыз сағынып жолдасын, Тартты сый ғып өзі еккен Алматының алмасын. Шекарада әр түрлі Табылады алма да. Сүйген жардың тартуы Қымбаттырақ сонда да. Аспан айы, кел маған, Ажарыңды бер маған. Жаушы қар, жан баспаған, Мен ұқсайын тап соған. Жоғалмайын айға ұқсап, Ерімейін қарға ұқсап. Жастық шағым таймасын, Жүзім айдай жайнасын. 1955 Мектеп Көкке бойы өрлеген, Көк шатырлы мектебім. Өткізіп ем сенде мен Өмірімнің көктемін. Бойды билеп қуаныш Саған алғаш барып ем. Дүниеге тым алыс Жас кезімді салып ем. Толқыны ойнап сезімнің Толғана сенен шыққанмын, Өмірімдей өзімнің Әліппеңді ұққанмын, Жылдар озып кетсе де Жылы көрем жүзіңді. Отырғанда кеңседе Ұмытпан сол кезімді Өткен күндер Талай бел, талай құба жонды басып, Келемін алыс жерден мойны қашық. Қарсы алды қалың орман қарт әжедей, Елпілдеп дәті қалмай қойнын ашып. Біз кезде қаным тамған жағдайым бар, Қараймын бұл өлкеге қанбай құмар. Елжіреп ескі достай бас шұлғиды, Қан күрең қарағайлар, сал қайыңдар. Тұрғанда тағдыр қатып қара тастай, Мұңымды көп тыңдаған бала жастай, Ағады арынды өзен аласұрып, Майданда жарқылдаған ақ алмастай. О, менің жиырма жасым, шық алдымнан, Мен сені іздеп келдім шыған қырдан. О, менің сұр шинельді жиырма жасым, Жоқсың сен жорықтарда сыр алдырған. О, менің жиырма жасым, жалын кешкен, Қасқиып қара емендей дауыл кешкен. Алдымнан шық қайтадан, шинель киіп, Алып кел сонау алыс таңымды өшкен. Күңірентіп соғыс бейбіт жатқан қырды, Майданға анам мені аттандырды, Үстімде дел-сал болып аспан тұрды, Жамылып қызыл өрттей батқан күнді. Қол бұлғап эшелонға дала қалды, Даладай қарауытып ана қалды. Алғашқы айырылысу жанды қинап, Жүрегім алғаш рет жараланды. Жасық деп айтпасын деп өз басымды, Көрсетпей алып кеттім көз жасымды. Елжіреп ет жүрегім тұрса-дағы, Қайрадым «осалсың» деп жолдасымды. Шығарып салды мені дала желі, Даланың қара орманы, ала көлі. Бұлғаған орамалын қарындас боп, Қиылып барлығы да қала берді. Күте бер жасыл тоғай, жазық дала, Бауырымды көтеріп ем жазып жаңа, Оралар соқтауылдай жігіт болып, Әлжуаз сен жөнелткен нәзік бала. Қарайлап тоқтай-тоқтай неше жолға, Ерте күн жегтік келіп кеш Оралға, Секілді қайран анам қалың орман, Қарайды қайта-қайта эшелонға. Дүние жатқанында ғарық болып, Соғады ер қаруын халық болып. Майданға кетіп жатыр бүкіл Орал Зеңбірек, истребитель, танк болып. Қорғауға өмір көзі — көкте күнді, Құрсанып кете бардым көк темірді. Кеш Волхов, көзімнен жас тамып кетсе Күңірене есіме алдым өткен күнді. Майдан жолында Жүре бердік түк үнсіз, Үзіліссіз, тынымсыз. Кірпік ілмей ұйқысыз, Жүре бердік шылымсыз. Жүре берді ормандар Танкілерді бүркеген. Байқамады жау оны, Тіміскілеп тінтіген. Самолеттің барлаған Аспанда тек гүрілі. Жоқ болады жарқ етіп, Алыста оттың дірілі. Көп түн жаяу жүреміз, Жатыр алда жол қанша. Шіркін соғыс, соғыс па, Жаяу әскер болмаса! М. Ю. Лермонтовтан Жасырам дүниенің бәрінен мен, Жанымның жұмбақ сырын мәлімдемен; Қалай сүйдім, не үшін мен азап шектім, Қазысы жалғыз құдай арым менен! Ақтарып екеуіне қайғы-мұңды, Күтемін өздеріннен қайырымды, Үкімін менің үшін бере берсін, Қайғылы кім жасаса тағдырымды; Аяқтан надан шуы шала алмайды, Ешбір даң асқақ жанға сала алмайды. Мейлі теңіз толқыны шулай берсін, Жартасты жабылғанмен ала алмайды; Маң дайы сол жартастың бұлтқа ұласқан. Қос дүлей мекені оның бауыр басқан. Дауыл мен найзағайға тілдеседі, Басқаға күні жоқ қой сырын ашқан. Ана жүрегі Қабірінде жан ананың Ойнайды гүл толқындап, Қабірінде жан ананың Тұрмын жалғыз бөркімді алып. ...Күн артынан,күн келеді Кешікті екен ұлы нағып? Алысқа көз жібереді Тұғырға ана шығып алып. Көз алдында көкшіл мұнар Көрінбейді шығыс таңы. Көз алдында көкшіл мұнар Стокгольм пристаны. Полицейлер андыздаған... Қолын бұлғап тұр баласы. Жалғыз қадам, жалғыз қадам... Мемлекеттер шекарасы. Палубада – Россия, Байламақшы ұстап қолын. Секілді оған бір тас ұя Жағалауда Стокгольм. Әр қимылын байқап, қарап, Полиция жанталасқан. Жалғыз қадам – байтақ дала, Жалғыз қадам – жалпақ аспан. Көрген жоқ сол жаздан кейін, Ұлын үміт тірегіндей. Білді ол, бірақ, аздан кейін Күн шығарын жүрегіндей . |