Главная страница
Навигация по странице:

  • Менің ұсыныс жобам Компанияға жылына 2 млрд 352 млн теңге пайда әкеледі.

  • Шламды қалдықтарды байытуда пресс-сүзгіні қондыру нәтижесінде 0-3 мм концентрат өнімділігін арттыру

  • Менің ұсыныс жобам Компанияға жылына 1 млрд 883 млн теңге пайда әкеледі.

  • Алтай Минерал сазұнтағы. Алтай Минерал жшс сазнтаты байланыстырышты пайдалана отыра хромды кесектеу процессіні німділігін арттыру


    Скачать 20.21 Kb.
    НазваниеАлтай Минерал жшс сазнтаты байланыстырышты пайдалана отыра хромды кесектеу процессіні німділігін арттыру
    Дата27.12.2021
    Размер20.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАлтай Минерал сазұнтағы.docx
    ТипДокументы
    #320056

    «Алтай Минерал» ЖШС сазұнтақты байланыстырғышты пайдалана отыра хромды кесектеу процессінің өнімділігін арттыру

    Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

    • Байланыстырғыш материалының құнын төмендету

    • Кесектеу өндірісінің өнімділігін арттыру

    • Материалды тасымалдау шығынын азайту

    Менің ұсыныс жобам Компанияға жылына 2 млрд  352 млн теңге пайда әкеледі.

    Қазан айында Технологиялық зертханада өкілдердің қатысуымен зертханалық түйіршектеу бойынша сынақтар жүргізілді. (ағымдағы процесстен табиғи ылғалдылықпен алынған)

    Жәнеде аталған ұсынылған саздыұнтаққа кіріс бақылауы жасалды. Кіріс тексеру нәтижелері бойынша «Алтай Минерал» ЖШС бентонит үлгісі «Кендерді байыту және кесектеу фабрикасы» Технологиялық нұсқанамасы талаптарына сәйкес келеді.

    Кесектеу зертханалық грануляторда жүргізілді. Алынған зертханалық шекестамтардың гранулометриялық құрамы мен беріктік сипаттамалары анықталды.

    Жоғарыда келтірілген сынақтарға сәйкес, тәжірибелік бентониттің шығыны 0,4 пайызға дейін төмендеген кезде кесектеуден кейінгі қажетті кластың (-16+8мм) шығымы 85,8 пайыз, Бұл негізгі мәннен 11,9 пайызға жоғары.

    Жүргізілген нәтижелерден шекемтастың физика-механикалық қасиеттері талапқа сай, өзгеріссіз.

    Ресей Федерациясының тау-кен байыту кәсіпорындарында өнеркәсіптік сынақтар барысында шекемтастар алу үшін жоғары тиімді байланыстырушы қоспа ретінде Таған кен орнындағы бентонитті пайдалану мүмкіндігі расталды. Бұл бентонитті пайдалану шекемтастардағы кремнеземнің құрамын айтарлықтай төмендетуі мүмкін, бұл олардың металлургиялық құндылығын жақсартады.

    Шламды қалдықтарды байытуда пресс-сүзгіні қондыру нәтижесінде 0-3 мм концентрат өнімділігін арттыру

    Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

    • Концентрат өнімділігн арттыру

    • Айналмалы жүктемені азайту арқылы жабдықтардың тозу қауіпі азаяды

    • Тауар өнімдердің ылғалдылығын төмендету

    • Бағалы компаненттің жоғалуын азайту

    • Шлам қалдықтарын сақтау құнын төмендету

    • Шлам қалдықтарындағы хромның массалық үлесін азайту

    Менің ұсыныс жобам Компанияға жылына 1 млрд  883 млн теңге пайда әкеледі.

    Жинақталған, сондай-ақ жаңадан пайда болған техногендік қалдықтардың, әсіресе құрамында хромы бар шламды қалдықтар заманымыздың маңызды мәселесі.

    Сондай бір мәселенің шешімі, шламды қалдықтарды байыту Дөң тау-кен байыту комбинатында жүзеге асырылуда. Аталған бөлімде байытудан алынған концентратты сусыздандыру қиындық туғызуда. Яғни байытылған барлық конценрат №115 зумпфтан сорғы арқылы гидроциклонға жіберіледі. Гидроциклоннан бөлінген құмдықтар сусыздандыру елеуішіне, елеуіштің үстіңгі бөлігі конвейер арқылы конусқа, астыңғы бөлігі сусыздандыру үстеліне жіберіледі. Тейісінше үстелде толықтай өнімнің 20 пайызы ғана алынып, қалғаны қайта айналымға түседі.

    Өткізілген сынақтарға сәйкес сусыздандыру елеуішінің астыңғы бөлігі 10,3 т/сағ (немесе бастапқы кеннің 13,4 бөлігі) массалық үлесі 49,4 пайыз өнім тарату шұңғымасына кетеді. Жіберілген өнімнің 20 пайызы сусыздандыру үстелінде, қалған 80 пайызы технотүтікке жіберілген (технотүтік болмаған жағдайда 80 пайыз өнім толықтай қайта айналымда болады)

    • Пресс сүзгіні пайдалану айналымдағы өнім құрамындағы құнды компаненттің жойылып кетуін реттейді.

    • Пресс сүзгі қондырғысын қондыру арқылы айналымға кететін өнімнің толықтай бөлігін ұстап қалуға мүмкіндік береді. Яғни сағатына 8,62 т немесе бастапқы өнімнің 11,2 бөлігі.

    Пресс сүзгінің сүзу технологиясының артықшылықтар:

    • Максимальды сусыздандыру және фильтрат тазалығы

    • Басқада қосымша реагенттерді және электрлік энергияны аз тұтыну

    • Сенімді автоматты жұмыс

    • Жабдықты өте жоғары пайдалану

    • Опреациялық шығындардың төмендеуі

    Ендеше қорытындылай келе пресс сүзгіні пайдалану арқылы айналмалы өнім 8,62 т/сағ толықтай сақталады.

    Жылына концентраттың ұлғаюы:

    8,62 т/сағ*7148 = 61,6 мың т жылына

    0-3 мм концентраттың құны тоннасына 38,2 мың теңге

    Яғни, 61,6*38,2 = 2353,1 млн тг

    Пресс сүзгі қондырғысының құны = 432,5 млн тг

    Қондыруға жұмсалатын шығын = 36,96 млн тг

    Экономикалық эффект

    2353,1млн-432,5млн-36,96млн = 1883,64 млн тг


    написать администратору сайта