Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру.

  • 1. тапсырма.

  • 3. Тапсырма. 5 минутта күз туралы мақал жазу.Қай топ көп жазса сол топ ұтады.4. Жапырақ жинау әр топтың топбасшысы шығады

  • 2. Қай жануарда қалта бар 3. Қазір қай ай4. 7 мысықтың неше құйрығы бар 5. Алтын түстес жыл мезгілі6. 1 жылда неше ай бар

  • 9. Шыршаны қашан сәндейді 10. Жыл мезгілдері нешеу11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш

  • Алтын күз. Алтын кз сайысы


    Скачать 13.77 Kb.
    НазваниеАлтын кз сайысы
    Дата20.09.2022
    Размер13.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАлтын күз.docx
    ТипДокументы
    #686266

    «Алтын күз» сайысы.
    Мақсаты: Жұмбақ шешу, күз кереметтерін айту, мақалдар айту. Көкөністер — біздің күнделікті асымыз. Тез ойлауға, толық жауап беруге үйрету. Топтық жұмыс жасауға машықтандыру.
    Түрі: сайыс сабақ.
    Көрнекіліктер: Слайдтар, жеміс — жидек, көкөністер суреттері.

    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру.

    Әділ — қазы мүшелерін тағайындау.
    Сайыстың барысын түсіндіру.
    Командаларды орналастыру.
    Көк майсалы, көрікті
    Алқаптағы көп егін.
    Бұл күндері киіпті
    Сары жібек көйлегін

    1. тапсырма.
    Өз — өздерін таныстыру
    Аттарын атау, ұрандарын айту.

    2. тапсырма.
    Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі.
    Бұл не деген көп киім,
    Жетпіс қабат көк киім.
    Жаңбыр одан өтеді,
    Түймелеуге жетпейді
    (Қырыққабат)

    Ызақор бұғып жатыр,
    Сақалын тығып жатыр.
    (Пияз)

    Көк ала костюм киеді,
    Күнің көзін сүйеді.
    (Қарбыз)

    Күннен көзін алмайды
    Мойны бірақ талмайды.
    (Күнбағыс)

    Қабығы қатты, Іші тәтті
    (жаңғақ)

    Бақшаның алып жемісі,
    Қайнамай піспес келісі.
    Қоңыр күзге сақтайды,
    Сары майдай ел іші
    (Асқабақ)

    Қызыл болып піседі.
    Тезірек жинап алмасаң,
    Ұрлыққа торғай түседі.
    (Шие)

    Түрлі — түрлі болатын.
    Бірі ерте, бірі кеш,
    Кезектесіп піседі.
    (Алма)

    Қабығы қалың болатын.
    Мөлт — мөлт еткен түрлері,
    Моншақты еске салатын.
    (Анар)

    3. Тапсырма.
    5 минутта күз туралы мақал жазу.
    Қай топ көп жазса сол топ ұтады.

    4. Жапырақ жинау әр топтың топбасшысы шығады.
    Қай топтың топбасшысы көп жинаса сол топ жеңеді.

    5. 1 минут ішінде қай топ көп жауап берсе сол топ алға шығады.
    1. Ең еңбексүйгіш жәндік.

    2. Қай жануарда қалта бар?
    3. Қазір қай ай?

    4. 7 мысықтың неше құйрығы бар?
    5. Алтын түстес жыл мезгілі?

    6. 1 жылда неше ай бар?
    7. Қазір жылдың қай мезгілі?
    8. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ

    9. Шыршаны қашан сәндейді?
    10. Жыл мезгілдері нешеу?

    11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?
    12. Оны қыста қолға киеміз
    13. Аспан көз жасы.
    14. Қыста жауады.
    15. Жылататын көкөніс
    16. Көп киімді көкөніс

    6. Күз туралы сурет салу. 10 минут беріледі.
    Салынған суреттерін қорғау.
    Әділ — қазыларға сөз беру.
    Сабақты қорытындылау.


    написать администратору сайта