Главная страница

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00. !Алтын орытпасынан жасалан кпір трізді протезді днекерлеу шін олданылатын днекерді негізгі элементтері андай


Скачать 1.22 Mb.
Название!Алтын орытпасынан жасалан кпір трізді протезді днекерлеу шін олданылатын днекерді негізгі элементтері андай
Дата27.04.2021
Размер1.22 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00.doc
ТипДокументы
#199220
страница5 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • +пластмассалық

  • фарфорлық

  • комбинирленген

  • металды керамикалық

  • штампталған

! Тісті фарфорлы сауытқа арнап егегеннен кейін асқынудың алдын-алу үшін

нені қолданған дұрыс?

* БФ-6-медицинаға арналған желімді

* +қорғаныс қалпақшаларын

* «Циакрин», «Циодент» композиттерді

* пластмассадан жасалған қорғаныс сауыттарды

* емдік фторлы сықпаларды

! Штампталған сауытты тіске шақтап көру кезінде сауыт тар болды. Дәрігер әрекеті:

  • сауытты бұзу

  • сол күйінде қалдыру

  • тісті ағарту

  • +қайта қалыптау (штамптау)

  • тісті қайта егеу

! Тіс сауытының толық бұзылуы неге байланысты?

* пародонтитке

* гингивитке

* +тісжегінің салдарынан сауыттың бұзылуына

* пародонтозға

* флюорозға

! Тістің түбірі қызылиек деңгейінде сынса қандай протез түрін салуға болады?

  • жасанды сауыт

  • салма

  • көпір тәрізді протез

  • ++штифті құрылымдар

  • шендеуіш салу

! Тұқылды сауытпен қандай тістерді емдеуге болады?

  • күрек тістерді

  • күрек тістер мен сүйір тістерді

  • күрек, сүйір және кіші азу тістерді

  • +күрек, сүйір, кіші және үлкен азу тістерді

  • кетігі бар тіс қатарын

! Ричмонд ұсынған штифті тістің ерекшелігі қандай?

  • салманың болуы

  • +сыртқы сақинаның болуы

  • қорғағыш пластинканың болуы

  • кламмердің болуы

  • бұранданың болуы

! Тістің түбірін пайдаланып штифті құрылым арқылы протез саларда не кедергі болуы мүмкін?

  • тіс түбір өзегінің кеңдігі

  • түбір қабырғаларының қалыңдығы

  • +түбір қабырғаларының жұқалығы

  • тіс түбір ұшындағы емделген өзгерістер

  • пародонтальді қалтаның болуы

! Егерде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездегі кламмерлердің орналасуы сагитальді сызық бойынша болса, оның бекітілу болжамын анықтаңыз:

  • өте нәтижелі (қолайлы)

  • қолайлы

  • жоғарғы жақта қолайлылау

  • +екі жақта да (төменгі-жоғарғы) сәл қолайлылау

  • қолайсыз

! Науқастың тістемін тірексіз (нефиксированный) ететін не?

    • ауызда қалған қарама-қарсы тістердің болуы

    • +барлық қарама-қарсы тістердің (антагонистердің) түсіп қалуы

    • барлық шайнау тістерінен айрылу

    • алдыңғы тістерден айрылу

    • алмалы-салмалы ескі протездердің болуы

! Жартылай алмалы-салмалы протез жасау үшін қандай тістерді қолдануға болмайды?

    • пластмасса тістерді

    • фарфор тістерді

    • металл тістерді

    • ситалл тістерді

    • +сүйек тістерді

! Тіс қызылиек жиегінің ретракциясы дегеніміз не?

  • кептіру

  • +қызылиек тіндерін ажырату және қызылиек саңылауын кеңейту

  • сауыт шекарасын кеңейту

  • тістің мойын аймағының анық көшірмесін алу

  • тісті химиялық және температуралық тітіркендіргіштен қорғау

! Каучукті пайдаланып алмалы-салмалы пластиналы протезді вулканизациялау тәсілін кім ұсынды?

    • Дюшато

    • Фошар

    • +Гуднер

    • Кеннеди

    • Джексон

! Жақ сүйектердің орталық ара қатынастарын бекіткенде окклюзиялық біліктің немесе протез табанының жаншылып, мыжылуына не себеп болады?

    • балауыз табанды жасағанда балауыз пластинасының мүсінге толық қысылып жабысуы

    • +окклюзиялық білігі бар балауыз табанды дайындағанда сым-қаңқаның болмауы

    • ауыздағы балауыз базистің қатты болуы

    • тістем біліктің қатты табанға (базиске) қойып жасалуы

    • окклюзиялық біліктің биіктігі жоғары болуы

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің бекіту элементтеріне не жатпайды?

    • механикалық құрылымдар

    • +протездің негізі

    • құлыптық бекітулер

    • кламмерлер

    • аттачмендер

! Науқастың толық алмалы-салмалы пластиналы протезге бейімделу уақыты қаншаға созылады?

    • 2 аптаға дейін

    • 2 тәулікке дейін

    • алғашқы тәуліктерге дейін

    • +2аптадан 1,5 аптаға дейін

    • 1,5 айдан жарты жылға дейін

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің ұстағыш кламмерлері шайнау қысымын қалай таратады?

    • табиғи тістерге

    • шайнау бұлшық еттеріне

    • +ауыз қуысының шырышты қабығына

    • шырышты қабыққа, табиғи тістерге

    • табиғи тістерге және бұлшық етке

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы тіс протезі нүкте арқылы бекітілгенде тиімділігі қандай болады?

    • өте қолайлы

    • қолайлы

    • жоғарғы жаққа қолайлы

    • екі жаққа да онша қолайлы емес

    • +қолайсыз

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез дайындаудың бірінші зертханалық кезеңінде не істеледі?

    • +мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау

    • балауызды пластмассаға ауыстыру

    • жұмысшы және көмекші мүсін құю

    • тістерді құю, түзету

    • қалып алу

! Бір иықты кламмердің ию кезеңдерін көрсетіңіз:

    • ортасын ию

    • +иығын ию, денесін ию, өсіндісін ию

    • екі жақты ию, денесін ию

    • өсіндісін ию, денесін ию

    • денесін ию, иығын ию

! Тіс қатары толық модельді орнынан жылжытып көргенде экваторлық сызықтың жағдайы қандай болады?

    • +жағдайы өзгереді

    • жағдайы өзгермейді

    • жағдайы сәл өзгереді

    • жағдайы шамалы өзгереді

    • жағдай көп өзгереді

! Нея жүйесінде кламмерлер түрінің жалпы саны қанша?

    • +бес

    • үш

    • төрт

    • екі

    • алты

! Нея жүйесіне тіреп-ұстап тұратын кламмердің қандай түрі кірмейді?

    • Аккер кламмері

    • Роуч кламмері

    • айналмалы кламмер

    • +Бонвил кламмері

    • бір иықты кері әсері бар кламмер

! Окклюзиялық бастырманың мәні неде?

    • протезді дұрыс ұстап тұруда

    • тістерге шендеуіш болуында

    • +шайнау қысымын дұрыс таратуда

    • бос тістерді бекіту

    • протезді тұрақтандыру

! Кламмер иығының тұрақтандырғыш бөлігінің қызметі қандай?

    • протезді дұрыс ұстап тұру

    • тістерге шендеуіш болу

    • +шайнау қысымын дұрыстап бөлу

    • бос тістерді бекітуде

    • протезді тұрақтандыруда

! Параллелометрия әдісін қолданғанда жалпы клиникалық экватор мен анатомиялық экватор бір-біріне қаншалықты сәйкес келеді?

    • барлық жағдайда сәйкес келеді

    • +кейбір жағдайда ғана сәйкес келеді

    • сәйкес келмейді

    • сәйкес келуі мүмкін

    • екеуі екі басқа түсінік


! Кламмер иығының ретенциялық бөлігі қандай аймаққа орналасады?

    • тістің шайнау бетіне орналасады

    • тістің экваторына орналасады

    • тістің окклюзиялық аймағына орналасады

    • +тістің гингивалық аймағына орналасады

    • тістің қырына орналасады

! Кламмерлер қызметіне (функциясына) қарай қандай түрлерге бөлінеді?

    • +ұстап тұратын, тіреп тұратын, тіреп-ұстап тұратын түрге

    • екі иықты, бір иықты, тұзақ тәрізді түрге

    • майыстырылған, құйылған түрге

    • сым темірлі, таспа тәрізді түрге

    • бір иықты, тірек түрге

! Пластиналық протезді қозғалтпай бекітетін элементке не жатады?

    • +механикалық құралдар жатады

    • протез табаны (базисі) жатады

    • жасанды тіс қатары жатады

    • протездің ершігі жатады

    • aдгезия жатады

! Тіс қатарының үлкен ақауында қолданылатын пластиналық протездің табанына (базисіне) тамақты шайнау кезінде түсетін шайнау қысымын қалай азайтуға болады?

  • +табан (базистің) көлемін кішірейту арқылы

  • механикалық бекіткіштер арқылы

  • жасанды тістің санын азайтып отырғызу арқылы

  • адгезия арқылы

  • торус арқылы

! Егер тіс қатарының ақауын пластиналы протезбен қалпына келтіретін болса, орталық окклюзияны қалай тауып бекітуге болады?

    • жұмсарған балауыз жолағы көмегімен

    • тістем білікше көмегімен

    • +тістем білікше көмегімен анықталатын окклюзия биіктігі бойынша

    • тістем білікшемен тыныштық күйде

    • балауыз жолағымен окклюзиялық биіктігі бойынша

! Протез табаны (базисі) қай кезде клиникалық әдіспен қайта жасалмайды?

    • +ауыздың шырышты қабықтары ауырған кезде және науқасқа пластмасса жақпаған кезде

    • тістем (прикус) биіктігі төмендеген кезде

    • шықшыт буыны бұрыннан ауыратын кезде

    • шырышты қабық қабынғанда

    • шырышты қабық дистрофияға ұшырағанда


! Қайта жасау әдісінің қайсысын қолданғанда протез табанының (базисінің) пластмассасы тастай тығыз (монолит) болып шығады?

    • клиникалық әдісті қолданғанда

    • +зертханалық әдісті қолданғанда

    • қалыпты балауызбен алғанда

    • аралас әдісті қолданғанда

    • қалыпты ғанышпен алғанда

! Егер жоғарғы жақ сүйекке арналған қалыпты (стандартты) қасық жоғарғы жақтың төмпешіктеріне жетпесе не істеу керек?

    • +қасықтың шетіне балауыз жабыстырып, қасықтың мөлшерін үлкейту керек

    • қасықтың дистальді бөлімін ұзарту керек

    • қасықты өзгеріссіз қалдыру керек

    • жоғарыда аталғандардың бәрін істеу керек

    • қасықтың шетіне пластмасса жабыстыру керек

! Тісті Васильев әдісімен орнықтырған кезде бірінші азу тіс қалай тұру керек?

    • оның екі төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

    • +әйнекке оның ұрт төмпешігіне ғана тиюі керек, ал таңдай төмпешігі әйнектен 1мм төмен болуы керек

    • тістің екі төмпешігі де әйнекке 3 мм жетпеуі керек

    • тістің екі төмпешігі де әйнекке 2 мм жетпеуі керек

    • оның үш төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

! Әйнек бойынша жасанды тісті орнықтырғанда ортаңғы күрек тістер қалай тұруы керек?

    • тістеу қырлары әйнекке жетпеуі керек

    • +тістеу қырлары әйнекке тиіп тұруы керек

    • тістеу қырлары әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

    • тістеу қырлары әйнектен 2мм төмен болуы керек

    • тістеу қырлары әйнекке тек медиальді бұрыштарымен ғана тиіп тұру керек

! Балауыз құрылымын тексерген кезде, жоғарғы жақтың жасанды тістері өте үлкен болып шыққаны анықталды. Не істеу керек?

    • +жақ сүйектердің ара қатынасын қайтадан анықтау керек

    • тек алдыңғы тістерді ауыстыру керек

    • барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

    • жоғарғы жақтағы барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

    • төменгі жақтың алдыңғы тістерінің орындарын ауыстыру керек

! Қай кезде протез табанын клиникалық әдіспен қайта жасауға болады?

    • +протез табаны шамалы ғана қысқарған кезде

    • протез табаны айтарлықтай қысқарған кезде

    • жақ сүйекке протез тепе-тең боп отырмаған кезде

    • тістем биіктігі төмендеген кезде

    • протез табаны сынған кезде

! Әйнек бойынша жасанды тіс салған кезде өртаңғы күрек тістер альвеолааралық өскін қырының ортасына қарағанда қалай орналасқаны дұрыс?

    • альвеолааралық өскін қырының ортасына тік болған дұрыс

    • +жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін қыры ортасының сыртында болғаны дұрыс

    • жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін ортасының ішінде болғаны дұрыс

    • альвеолааралық өскіннің сыртқы беті бойынша орналасқаны дұрыс

    • альвеолааралық өскіннің қыры тақ ортасы бойынша орналасқаны дұрыс

! Нея жүйесіндегі кламмердің тісте орналасу заңдылығы қандай?

    • +тірек (стабилизациялық) бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек (ретенциялық) ұшы одан төмен

    • тірек бөлігі шолу сызығында, ілмек ұшы одан жоғары

    • тірек бөлігі шолу сызығынан төмен, ілмек ұшы одан жоғары

    • тірек бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек ұшы шолу сызығының деңгейінде

    • тірек бөлігі шолу сызығынан өте жоғары, ілмек ұшы сәл төмен

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерлерінің 3-түрін атаңыз:

  • +құрама 1 және 2-түрі

  • Аккер түрі

  • Роуч түрі

  • окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

  • Джексон кламмері

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерінің 4-түрін атаңыз:

* құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

* +Роуч түрі

* окклюзиялық қос батырмасы бар сақина түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

! Жасанды тістерді салғанда ортаңғы күрек тістердің орналасуы қалай болуы керек?

* әйнекке тимеуі керек

* +әйнекке күрек тістің өткір қыры тиуі керек

* әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* әйнекке 2 мм жетпеуі керек

* әйнекке медиальді бұрышымен тиіп, ал дистальді бұрышымен 0,5 мм-ге тимеуі керек

! Тісті Васильев әдісі бойынша салғанда бірінші кіші азу тіс қалай орналасуы керек?

*қос төмпешігімен әйнекке тиіп тұру керек

*+әйнекке тек ұрт төмпешігімен ғана тиеді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді

*әйнекке тек таңдай төмпешігі ғана тиеді, ал ұрт төмпешігі әйнекке 1мм жетпейді

*екі төмпешіктің екеуі де 1 мм жетпейді

*ұрт төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 0,5 мм жетпейді

! Жоғарғы жақтың алдыңғы бөлiгiне салынатын көпiр тәрiздi протездiң жасанды тiстерi қызылиекке қарағанда қандай пiшiнде жасалуы керек?

    • шайнау кеңiстiгi пiшiнде

    • +жанасқан пiшiнде

    • ершiк тәрiздi

    • көлденең пішінде

    • қиғаш пішінде

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi пiшiнде жасауға бола ма?

    • болады

    • +болмайды

    • кейде болады

    • кейде болмайды

    • тікелей жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгіндегi пластмасса фасетка шырышты қабыққа қарағанда қалай жайласуы керек?

    • шырышты қабыққа жанасуы керек

    • +шырышты қабыққа жанаспау керек

    • фасеткiнiң шырышты қабыққа қатынасының мәнi жоқ

    • шырышты қабыққа тиіп тұрған дұрыс

    • алшақ жатқан жөн

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi қылып жасау мүмкiн бе?

    • мүмкiн

    • +мүмкiн емес

    • кейде болады

    • кейде болмайды

    • жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездегi тiстердiң және жасанды тiстердiң шайнау төмпешiктерi қандай пiшiнде болуы керек?

    • анық бөлiнiп тұруы керек

    • +дөңгеленiп онша анық болмағаны дұрыс

    • жалпақ болуы керек

    • бедерлі болған дұрыс

    • жалпақ болған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң бөлiктерiн дәнекерлемес бұрын оларды алдын ала немен бекiтедi?

    • +базистi балауызбен

    • жабысқақ балауызбен

    • мүсiндегiш балауызбен

    • дәлденген электродәнекермен

    • дәлденген магнит дәнекермен

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездi қай мүсiнде жасайды?

    • суперғаныш мүсiнде

    • +құрамалы мүсiнде (разборный)

    • медициналық ғаныш мүсiнде

    • отқа төзiмдi мүсiнде

    • металл мүсінде

! Көпір тәрізді металл протездің тірек сауыттарын шақтап кигізіп көру қандай клиникалық кезеңге жатады?

    • бірінші кезеңге

    • +екінші кезеңге

    • үшінші кезеңге

    • төртінші кезең

    • бесінші кезең

! Кеннедидің жіктеуі бойынша тіс қатарының қандай кетігінде көпір тәрізді протез жасау абсолютті көрсеткіш болып табылады?

    • I, II, III, IV класстар

    • I, II класс

    • I, III класс

    • I, II, III класс

    • +III, IV класс

! Көпір тәрізді протез дайындаудың II-клиникалық кезеңінде не істейді?

    • орталық ара қатынасын анықтау және бекітілмеген тістемде альвеола биіктікті анықтау

    • тексеру, диагноз қою

    • мүсін құю

    • +сауытты кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

    • протезді кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне қандай талаптар қойылады?
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта