Главная страница

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00. !Алтын орытпасынан жасалан кпір трізді протезді днекерлеу шін олданылатын днекерді негізгі элементтері андай


Скачать 1.22 Mb.
Название!Алтын орытпасынан жасалан кпір трізді протезді днекерлеу шін олданылатын днекерді негізгі элементтері андай
Дата27.04.2021
Размер1.22 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00.doc
ТипДокументы
#199220
страница4 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • тексеру, диагноз қою, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама және наряд толтыру

  • +тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын тағайындау

  • тексеру, жансыздандыру, протез құрылымын таңдау, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама мен наряд толтыру

  • тексеру, тістерді егеу, тістеу жағдайында қалып алу, сырқатнама мен наряд толтыру

  • диагноз қою, қалып алу, сырқатнама толтыру

! Штампталған сауытты тіске кигізіп өлшегенде ол 0,2 мм қысқа болып шықты. Не істеу керек?

    • сауыт ұзартылады

    • сол қалпында қалдырады

    • +сауытты қайтадан істейді

    • тісті егеп жеткізеді

    • крампондайды

! Жасанды сауыт ұзын болғанда:

    • төске ұрып соғады

    • крампон қысқашымен тартады

    • қайтадан жасайды

    • +сауыт шеттерін қысқартады

    • сауытты қайта негіздейді

! Жасанды сауытты дайындаудың 2-клиникалық кезені:

    • тісті егеу

    • қалып алу

    • +сауытты отырғызып өлшеу

    • сауытты тапсыру

    • сауытты қайта негіздеу

! Төмендегі тіс техникалық материалдардың қайсысынан салма жасауға болмайды?

    • пластмасса

    • фарфор

    • металл

    • ситалл

    • +тез балқитын металл

! Тіс қуысын салмаға дайындау барысында фальц қалай жасалады?

  • +тіс кіреукесінің қалыңдығына сәйкес

  • тіс кіреукесінің 1/3 қалыңдығына сәйкес

  • тіс кіреукесінің 1/2 қалыңдығына сәйкес

  • дентин мен кіреуке аймағына сәйкес

  • дентин қалыңдығына сәйкес

! Металды керамикалық сауыттың кемшілігін атаңыз?

    • +егеудің зиянды болуы, қымбаттылығы, дайындаудың қиын болуы

    • түсін өзгертуі, сынғыштығы, қымбаттылығы

    • аллергиялық реакция тудырады, дайындау қиын

    • эстетикасы төмен, морт сынғыш, егегенде зиян келтіреді

    • түсін өзгертуі, сынғыштығы

! Қандай сауыт дайындағанда тістің қатты тіндерін көп егеу керек?

    • металды сауыт

    • +металды керамикалық сауыт

    • тұқылды сауыт

    • штифті тіс

    • экваторлы сауыт

! Фарфор сауытымен емдеуде қандай тістемнің түрі кері көрсеткіш болады?

    • тік

    • прогениялық

    • +терең

    • барлық тістемдер

    • аралас тістем

! Металдан штампталып жасалған сауыттың тез тозып қалу себебі неде?

    • шайнау беті толық штампталмаған

    • +ағарту уақыты ұзарып кеткен

    • мойын бөлігі толық штампталмаған

    • дұрыс мүсінделмеген

    • тірек тіс көп егелген

! Металды сауыттың клиникалық сапасы:

    • +анатомиялық пішінін сақтау, тістемді қалпына келтіру, кең немесе тар болмау, қызыл иектің астына 0,3 мм ену, қасындағы тістермен түйісу

    • тегіс, кең болу, тістемді биіктетпеу, қызылиекке түйісу

    • анатомиялық пішінін сақтау, қысқа болу, тістемді биіктетпеу, қызыл иек астына 0,3 мм астам ену

    • анатомиялық пішінін сақтау, тістемді биіктетпеу, қызылиек астына 0,3 мм астам ену

    • тегіс, тар болу, қызылиек астына 0,1 мм ену

! Металды керамикалық сауыттың артықшылығы:

    • сәнді, мықты, арзан

    • сәнді, мықты, дайындау қарапайымдылығы

    • сәнді, түсін өзгертпейді

    • +сәнді, мықты, түсін өзгертпейді және маргиналды пародонтқа кері әсерін тигізбейді

    • қызыл иекті жарақаттамайды, осал, түсін өзгертеді

! Мүсіндегі тіс тұқылына қандай мақсатпен лакты екі рет жағады?

    • +металдың шөгуін болдырмау мақсатында

    • ғаныш мүсіннің шөгуін тоқтату үшін

    • ғаныш мүсіннің беріктігі үшін

    • металл қалпақша жеңіл алынуы үшін

    • пішінді бұзбау үшін



! Металды керамикалық сауыттармен протез салғанда ең жиі қолданыла- тын жансыздандыру түрлері?

  • аппликациялық, интралигаментарлық

  • аппликациялық, инфильтрациялық

  • +инфильтрациялық, интралигаментарлық

  • наркоз, аппликациялық

  • аппликациялық, өткізгіштік

! Жартылай бұзылған сауыттың негізгі аспаптық тексеру әдісі?

  • шұқып тексеру, қағып тексеру, тістің қозғалғыштығын анықтау

  • шұқып тексеру, ЭОД, қағып тексеру, томография

  • қағып тексеру, R- сурет, электромиография

  • ЭОД, R- сурет, электромиография

  • +шұқып тексеру, ЭОД, R- сурет

! В.Ю.Миликевич бойынша жартылай бұзылған сауытты жасанды сауытпен

емдеу көрсеткіштері:

  • 0,4-0,5 мм

  • +0,6-0,8 мм

  • 0,8 бірліктен жоғары

  • 1,0 бірліктен жоғары

  • 0,3-0,4 бірлік

! Штампталған жасанды сауыттың клиникалық кезеңдері:

      • тексеру, егеу, қалып алу, мүсін құю, сауытты шақтау және тапсыру

      • егеу, қалып алу, мүсін құю, сауытты шақтау және тапсыру

      • тексеру, қалып алу, қарсы штамп құю, біржолата штамптау, сауытты шақтау

      • +тексеру, егеу, қалып алу, сауытты шақтап көру, тапсырып,цементке бекіту

      • қалып алу, алдын ала және соңғы штамптау, ағарту, цементке бекіту

! Штампталған сауытты дайындаудың зертханалық кезеңдері:

  • тісті егеу, мүсін құю, мүсіндеу, ғанышты және металды қалыптау, бастапқы және ақырғы қалыптау

  • мүсін құю, окклюдаторға отырғызу, мүсіндеу, ағарту, тегістеу, цементке отырғызу

  • мүсіндеу, қалыптау, шақтау, ағарту, тегістеу

  • мүсін құю, ғанышты және екі металды штамп алу

  • +мүсін құю, окклюдаторға отырғызу, тістің сауыт бөлігін мүсіндеу, ғаныштан және екі металл штамптар алу, бастапқы және ақырғы штамптау, ағарту, тегістеу

! Сауытты цементке бекіту кезеңдері:

* жасанды сауытты антисептикалық жолмен тазарту, цемент әзірлеу, араластыру, сауытты толтыру, бекіту

* тісті, сауытты антисептикалық жолмен өңдеу (сутегі асқын тотығы, эфир, спирт), цементті араластыру, бекіту

* цементті дайындап және араластыру, тісті, жасанды сауытты антисептикалық жолмен тазартып, сауытты бекіту, тампонмен айыру

* цементті дайындап және араластыру, тісті мақта тампонымен айыру, тісті, жасанды сауытты антисептикалық жолмен тазарту, цементті араластыру, бекіту цементті дайындау

* +цементтің ұнтағымен сұйығын дайындау, антисептикалық жолмен тазарту, цементті араластыру, цементпен сауытты толтыру, бекіту

! Штампталған жасанды сауытты шақтап кигізген кезде оның алдына қойылатын технологиялық сапалары:

* жасанды сауыт ағартылған, жылтыратылған, тістің анатомиялық пішініне сай

* сауыттың шеті ғаныш бағанасында тістің клиникалық мойын деңгейінде, ғаныш бағанасында тістің клиникалық мойын деңгейінде, ғаныш бағанасынан күшпен алынады

* жасанды сауыт ағартылмаған, жылтыратылмаған, дөңестері нашар көрінеді, сайлары тығыз, сауыттың шеті клиникалық мойынға жетпейді, ғаныш бағанасынан жеңіл алынады

* жасанды сауыт ағартылған, ғаныш бағанасына жылтыратылған түрде киілген, сауыт шеті анатомиялық мойынды жауып тұрады ғаныш бағанасына күшпен алынатын, қалыңдығы бірқалыпты

* +сауыт жылтыратылмаған, тістің анатомиялық пішінін қайталайды, ғаныш бағанасында клиникалық мойынды жауып жатады, одан сәл күшпен алынады, қалыңдығы бірқалыпты, қатпарсыз

! Тұқылды штифті салманы қай кезде қолдануға болады?

* тістің патологиялық қажалуы кезінде

* тістің ұлпасы бір жыл бұрын алынса

* тістің түбір өзегі толығымен бекітілсе

* тіс түбір тұсының тіндері сау болса

* +тістің сауыт бөлігі қызыл иекке дейін бұзылса

! Металды керамикалық протезге қалып алу үшін қандай қалыптық масса

қолданылады?

      • сиэласт, стенс, репин

      • стомальгин, дентофлекс, ортокор

      • +сиэласт, дентофлекс

      • упен, ғаныш, сиэласт

      • ғаныш, стенс

! Не үшін металды керамикалық сауытта фарфор массасымен жабылмаған металдық «жаға» қалдырады?

  • жақсы бекіту үшін

  • жақсы эстетикалық қасиет үшін

  • +жақсы жылу өткізу үшін

  • сауыттың мықтылығын жоғарылату үшін

  • фарфордың бұзылуын тоқтату үшін

! Фарфордың металға өту шекарасы қалай болуы керек?

* +фарфор толығымен сауытты жауып тұруы керек

* орталық окклюзиядағы антагонист тістердің түйісу аймағында болуы керек

* фарфор вестибулярлы және шайнау бетінің кесу қырын жауып тұру керек

* өту шекарасы окклюзиядағы антагонист тістердің түйісу аймағында болу керек

* фарфорды жартылай жабу керек

! Жасанды сауыттармен емдеуге көрсетілімдер:

  • +клиникалық сауыттың жартылай бұзылуы

  • клиникалық сауыттың толық бұзылуы

  • терең тістем, аномалиялары

  • периодонттағы созылмалы қабыну

  • пародонтоз

! Металды керамикалық сауытқа арнап тісті егеу ерекшелігі қандай?

  • +мойын аймағында кертпені жасау

  • «қарлығаш» құйрығы тәрізді егеу

  • кертпе жасау, тегістеу

  • экватор аймағында кертпе жасау

  • тіс тұқылына цилиндр тәрізді пішін беру

! Салма үшін қуыстың түбін (табанын) қалай қалыптастырады?

  • +тіс қуысының төбесіне параллель

  • тіс қуысы төбесінің бедерін қайталап

  • ұлпа мүйізшесіне 5° етіп

  • ұлпа мүйізшесіне 10° етіп

  • тіс қуысының қабырғасына параллель

! Тісті протез салу үшін егеп болған соң ұлпаның қантамырындағы бұзылыстар қанша мерзімнен кейін қалпына келуі мүмкін?

  • бір аптадан соң

  • екі аптадан соң

  • +бір айдан кейін

  • бір жылдан соң

  • екі жылдан соң

! Пластмассадан жасалған салманы қай кезде жылтыратады?

  • тісті цементпен бекітер алдында

  • +тісті цементпен бекітіп болған соң

  • кез-келген уақытта

  • маңызы жоқ

  • зертханалық жағдайда

! Металдан жасалған салманы қай кезде жылтыратуға болады?

  • +тіске цементпен бекітер алдында

  • тіске цементпен бекітіп болған соң

  • кез-келген уақытта

  • маңызы жоқ

  • зертханалық жағдайда

! Штифті тіс ненің себебінен түсіп қалуы мүмкін?

  • пародонттың қабынуынан

  • штифті тістің қозғалуынан

  • +штифті тісті бекіткен цементтің еріп кетуінен

  • пародонтиттің пайда болуынан

  • пульпиттің пайда болуынан

! Пластмассалы сауытқа кертпе жасала ма?

  • жоқ

  • +жасауға болады

  • міндетті түрде

  • тістемге байланысты

  • денсаулығына байланысты

! Хромникель қорытпасынан штампталған сауытты дайындаудың 1-клиникалық кезеңі:

* +тексеру, диагноз қою, конструкция таңдау, жансыздандыру, тісті егеу, тістемде қалып алу, сырқатнама мен тапсырыс толтыру

* тексеру, диагноз қою, жансыздандыру, қалып алу, шақтап көру, сырқатнама және тапсырыс толтыру

* тексеру, жансыздандыру, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама және тапсырыс толтыру

* егеу, қалып алу, сауытты цементке бекіту

* жансыздандыру, қалып алу, тапсырыс толтыру

! Штифті тістерді қолданып протез саларда қандай қателіктер жиі кездесуі мүмкін?

* тіс түбірінің қақ жарылмауы

* +тіс түбір қабырғасының тесілуі

* шырышты қабықты тістей беру

* штифті тістің пародонтты жаралауы

* қызылиектің қабынуы

! Жасанды сауыт шайнау қызметін қанша пайызға қалпына келтірді?

  • 55-70%

  • 40-55%

  • 70-90%

  • +95-100%

  • 90-95%

! Пластмассалы сауыт шетінің тіске орналасуы қандай?

  • тістің анатомиялық мойын деңгейінде

  • +тістің клиникалық мойын деңгейінде

  • қызылиек астына 4 мм-ге енеді

  • қызылиек астына 2-3 мм-ге енеді

  • қызылиек астына 0,1-0,2 мм-ге енеді

! Штамп сауыттың шеті тіске қалай орналасады?

  • тістің анатомиялық мойын деңгейінде

  • тістің клиникалық мойын деңгейінде

  • қызылиек астына 4 мм-ге енеді

  • қызылиек астына 2-3 мм-ге енеді

  • +қызылиек астына 0,1-0,2 мм-ге енеді

! Жасанды сауытты цементке отырғызу кезінде медикаментозды өңдеудің реті:

  • +сутегі асқын тотығы, спирт, эфир

  • эфир, спирт

  • спирт, сутегі, асқын тотығы

  • ауа, эфир

  • эфир, спирт, ауа

! Қазақтың қай стоматолог ғалымы тістің қатты тініне ортопедиялық ем жасау кезінде жансыздандыру мәселелерін зерттеді?

  • +Д.Н.Джумадиллаев

  • В.С.Погодин

  • М.А.Темирбаев

  • И.И.Постолаки

  • С.С.Рузуддинов

! Тіс кіреукесінің үстін кесу үшін аспаптың қандай жылдамдығы керек?

  • орташа

  • +жоғары

  • аз

  • өте жоғары

  • шамалы жылдамдық

! Металды керамикалық сауыттың 2-клиникалық кезеңі:

  • тісті егеу

  • күйдіруден кейінгі сауытты шақтап көру

  • +қалпақшаны шақтап көру, түсін анықтау

  • сауытты тапсыру

  • сауытты қайта өңдеу

! Штампталған сауыттың 2-клиникалық кезеңі:

  • тісті егеу

  • қалып алу

  • +сауытты шақтап кигізіп көру

  • сауытты тапсыру

  • сауытты қайта негіздеу

! Егелген тіске штампталған сауыт 0,2мм-ге қысқарса не істеу керек?

  • созу керек

  • сол қалпында қалдыру керек

  • +қайта жасау

  • тісті сәйкес келгенше егеу

  • крампонмен созу керек

! Егелген тіске штампталған сауыт ұзын болған жағдайда не істеу керек?

  • +қысқарту керек

  • қайта жасау керек

  • сол қалпында қалдыру керек

  • крампонмен созу керек

  • сол қалпында қалдыру керек

! Тіректі тістің сауытын егегеннен кейінгі оның пішіні:

  • дұрыс цилиндр тәрізді болады

  • +анатомиялық пішіні сақталады, бірақ көлемі кішірейеді

  • көлемі кішірейеді, тістің беткей бөлігі бір-біріне 90°С бұрышқа тең

  • сауыт тіс түбірінен қызыл иек астына 0,5-1 мм кіреді

  • бір-біріне бүйір бөлігі параллель, ұзындығы өзгермейді

! Пластмассалы сауытты дайындауда қолданылатын мүсін:

  • +суперғаныштан құйылады

  • отқа төзімді мүсін құйылады

  • аралас суперғаныштан тұрады

  • ғаныштан тұрады

  • аралас металдан тұрады

! Сауытты тапсырған кездегі тістемнің жоғарылауы неге байланысты?

  • тіс толығымен егелмеген

  • фосфат-цемент сұйық араласқан

  • +фосфат-цемент қою араласқан

  • сауыттағы мақта талшықтары кіріп кеткен

  • сілекейге байланысты

! Штампталған сауыттың 1-клиникалық кезеңі:

  • +тісті егеу, қалып алу

  • тісті егеу

  • қалып алу

  • сауытты шақтап көру

  • сауытты ағарту

! Егер қызылиек науашығының тереңдігі 0,5 мм тең болса, металдан құйылған сауыт шетінің ұзындығы неге тең болады?

  • 0,1-0,2 мм-ге

  • +0,3-0,4 мм-ге

  • 0,5-0,7 мм-ге

  • қызылиек түбіне жетпейді

  • қызылиекке тиіп тұрады

! Тісті форфорлы сауытқа егегенде:

  • кертпе қызылиек шетінен жоғары жасалады

  • +кертпе қызылиек шетінен бір қатарда жасалады

  • кертпе қызылиек қатарынан төмен жасалады

  • кертпе экватор деңгейінде жасалады

  • кертпе клиникалық мойыннан жоғары жасалады

! Құйылған сауыттың 2-клиникалық кезеңі:

* +шақтап кигізіп көру

* сауытты негіздеу

* сауыттың балауызбен жабылған окклюзиялық бетін қосымша егеу

* вестибулярлық бетінде тесік жасау

* тісті қосымша егеу

! Ортопедиялық емді жоспарлауда металды керамикалық сауыт таңдау неге байланысты?

* +тістем түріне, клиникалық сауыт биіктігіне, пародонт жағдайына

* тек тістем түріне, парадонтқа

* тістің топтығына, пародонт жағдайына

* тістің түріне байланысты

* тістің ақауына, сау тістің жағдайына

! Жасанды фарфорлы сауыт тістің тұқылына қалай отыру керек:

  • тығыз

  • қысым түсіріп

  • бос, күшсіз

  • +тығыз, күшсіз

  • бос күйде

! Сауытты бекітуге арналған цемент қандай күйде болу керек?

  • сұйық күйде

  • қою

  • қамыр тәрізді

  • +қаймақ тәрізді

  • қатты

! Металды сауыт сапасының технологиялық көрсеткіштері:

* +саңылаусыз, ойықсыз, жақсы жылтыратылған

* кең, ойықсыз жылтыратылған

* саңылаусыз, ойығымен, жақсы жылтыратылған

* саңылау, тесігі жоқ

* өткір қыры жоқ, тегіс, жылтыратылмаған

! Металды сауыт сапасының клиникалық көрсеткіштері:

* +анатомиялық пішінін сақтау, тістемді жоғарылатпау, кең болмау, қызылиек астына 0,2 мм ену керек

* тегіс, кең болу, тістемді жоғарылатпау

* анатомиялық формасын сақтау, тістемді жоғарылатпау, қызылиек астына 0,3 мм еніп бекітілуі тиіс

* анатомиялық пішінін сақтау, қысқа болу, тістемді жоғарылатпау

* тегіс болу, жұқа болу, қызылиек астына 0,1 мм ену керек

! Қандай сауыт дайындау кезінде тістің вестибулярлы бетінің қызылиек

деңгейінде 0,5 мм кертпе жасалғаны дұрыс?
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта