Главная страница

тақпақтар. Алтыныды айырбастап олаа, Отаныды айналдырса молаа


Скачать 14.98 Kb.
НазваниеАлтыныды айырбастап олаа, Отаныды айналдырса молаа
Дата08.12.2022
Размер14.98 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатақпақтар.docx
ТипДокументы
#834399

Алтыныңды айырбастап қолаға,

Отаныңды айналдырса молаға.

Өз тіліңді босағаға лақтырып,

Өз еліңде күн кешуге бола ма?!

 Сол кешегі желтоқсанның аспанын,

Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.

Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,

Намыс өлсе керегі не басқаның.

 Сен қазағым шыныменен ұлысың,

Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.

Ұл – қызыңның қаны судай шашылды,

Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.

Ереуілде ит пен құсқа таланған,

Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.

Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,

Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.

Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,

Құрбан қылды қарындастар пәктігін.

Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,

Табамыз деп ақиқаттын ақ туын.

Жеткенімше белім қанша бүгілді,

Сол аппақ ту – азаттығың бүгінгі.

Сол қыршындар жүрегімен көтерді,

Нар көтере алмайтұғын жүгіңді.

Тәуелсіздік – деген ұлы сезімім,

Алла берген аманат.

Мен бір сонау әпкелердің көзімін,

Жүрер ме екен жазалап.

Менің үшін, балам үшін күрескен,

Азат таңды әперіп.

Егемен ел ертеңіне ілескем,

Мұнша бақты көтеріп!

Қара жерге жас тәнімен құлаған,

«Қазақпын» деп жазығы.

Желтоқсанның желін жұтып жылаған,

Құлағымда наз үні…

Қазағым, қуанамын мен ел үшін!

Әлемнің маңдайалды Беделісің.

Аққу – күй, Алатау – ән, дария-жыр,

Келісті кең пішілген кемел ісің.

Көз ашты гүл-жазира бақ көңілде,

Кең далам бақ жұлдызын тақты өңірге.

Арманы ата-баба орындалып,

Шалқып тұр Астананың қақ төрінде.

Талайдан келген еді жан алқымда,

Жүрдік біз Мәскеу-бидің дәл артында.

Еліміз еңсе тіктеп, болды бүгін

Қаймықпай келешекке қарар Тұлға!

Ақбұлақ жарып шықты ақ тақырдан,

Халықпыз жылы биік тақта тұрған.

Тарылып Кремльдің тас құшағы,

«Құдай…!» деп құтылдық-ау қақпақылдан.

Өткен күн өкініші ол батпандай,

Тынбадық ел намысын қорғап қалмай.

Туды ғой Тәуелсіздік тар құрсақтан,

Толықсып тоқсан әйел толғатқандай.

Ие боп жасампаздық жарасымға,

Айналды Елбасымыз дара шыңға.

Қалықтап ұя салды бейбіт құсы,

Астана ақ ордалы қаласында.

Сарылып күткеніміз ақ таң екен.

Тәуелсіз қазағымды мақтан етем.

Елтаңба, Көк туымды биік ұстап.

Әнұранды бас иіп жаттап өтем.

Источник: https://www.tarbie.kz/sabak/2979


написать администратору сайта