Главная страница
Навигация по странице:

  • Жеті жылдық соғыстан (1756–1763) кейінгі ірі мемлекеттер мен отарлық территориялар

  • Индустриялық революция.

  • Томас Эдисон 1880 жылы ойлап тапқан

  • Баяндама. БАЯНДАМА. Алтыншы блім жаа заман дниесі алыптаса бастады 17501914 жылдар Революциялар толыны 17201830 жылдар


    Скачать 112.45 Kb.
    НазваниеАлтыншы блім жаа заман дниесі алыптаса бастады 17501914 жылдар Революциялар толыны 17201830 жылдар
    АнкорБаяндама
    Дата18.09.2022
    Размер112.45 Kb.
    Формат файлаrtf
    Имя файлаБАЯНДАМА.rtf
    ТипДокументы
    #682943


    Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер?

    АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

    Жаңа заман дүниесі қалыптаса бастады

    1750–1914 жылдар

    Революциялар толқыны

    1720–1830 жылдар

    Адамзаттың жердегі өмірі XVIII ғасырдың орта тұсында зымырандық жылдамдықпен өзгере бастады. Соңғы 250 жылдағы қоғамдық, экономикалық және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты өзгерістердің маңызы – тарихи тұрғыдан осыдан 12 мың жыл бұрынғы өндіруші шаруашылықты ойлап табу мысалымен ғана тең келеді. Бұл жаңалықтарды осы кітапта жаңа заманмен, яғни қазіргі кезеңмен салыстырамыз. Алтыншы бөлімде 1750 жылдан Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған 1914 жыл аралығындағы жаңа заманды қарастырамыз.

    1750 жылдан 1914 жылға дейінгі кезеңді зерттей отырып, мынаны қаперде ұстауымыз қажет: жаңа заманның мәні мен бағыты бізге әлі де толық белгісіз, өйткені ол заман қалыптастырған бағыт әлі жалғасуда. Экономикадағы, әлеуметтік құрылымдағы, микробиология мен электроникадағы революциялардың формасы мен маңызын бүгін байқамасақ та, болашақта көп дүниеге әлі де көз жеткізуіміз мүмкін.

    Тараудың бірінші бөлімінде сауда-саттық арқылы қоғамның әмбебап тәжірибе алмасуын паш еткен жаһандық экономикадағы жылдам өзгеріс пен қаржыландыру, әскер жасақтау және қоғамдық тәртіпті қолдау сынды дүниежүзіндегі алып мемлекеттер бетпе-бет келіп, күн өткен сайын арта түскен қиындықтар арасындағы байланысты қарастырамыз. XVIII ғасырдың орта тұсында Еуропа мемлекеттері, әсіресе Британия, Франция, габсбургтік Австрия, Пруссия және Ресей бұған дейінгі азиялық империялармен салыстыруға келмейтін, өте қуатты әскери күш жинақтады. Олар мұнымен қоймай, жаһандық байлыққа қол жеткізу үшін өзара талмай күресті. Солтүстікамерикалық үндістер мен оңтүстіказиялық халықтар 1756–1763 жылдары бас көтергендіктен, Еуропа мемлекеттері «дүниежүзілік соғыспен», яғни Жеті жылдық соғыспен бетпе-бет келді.

    Жеті жылдық соғыстан (1756–1763) кейінгі ірі мемлекеттер мен отарлық территориялар

    Империялардың кейбірі көрші жерлердегі, кейбірі мұхиттың арғы жағында орналасқан ауқымды аумаққа иелік етті. Бұдан да үлкен аумақ пен байлыққа қол жеткізуге деген ниет империялар арасындағы бәсекеде байқалды. Жеті жылдық соғыстан кейінгі мемлекеттердің осы саяси картасының қандай қырлары еуропалық елдер арасындағы қақтығыстардың жаһандық сипатын түсіндіреді? Осыған тоқтала кетсек, дүниежүзілік дүрбелеңді бақылаушылар мысықтабандап келе жатқан тұрақсыздықты болжап білмеді. Оның ерте белгілері үздіксіз әрі қарқынды жаһандық экономиканың белсенді қабатында байқалып қалды. Дүниежүзі лезде коммерцияланды. Бағалардың өзгеруі мен нарықтық шарттарға сәйкес, өңірлер арасында да, жергілікті деңгейде де дайын тауар мен шикізат өнімдерін және жұмыс күшін сату мен сатып алу қарқындады. Кейінгі XVII–XVIII ғасырларда да салыстырмалы түрде аздаған кіріске ие әулеттер нарықта жоғары материалдық игіліктерге қол жеткізіп, сатып алып, табанды еңбек етті әрі бұрынғымен салыстырғанда жұмыс уақытының ұлғайғанына куә болды. Мұның соңы индустриялық революцияға алып келді.

    Индустриялық революция. Нарыққа жаңа әрі тартымды тауар түрлері шыққан соң, XVIII ғасырда дүниежүзіндегі тұтынушылардың талабы мен талғамы жылдам өзгере бастады. Мысалы, Британияның Ост-Инд компаниясының қызметкерлері 1664 жылы король ІІ Карлға екі фунт қытай шайын таныстырғанға дейін, ешбір еуропалық оның дәмін татып та көрмеген еді. Келесі онжылдықтарда шай Британияға энергия беруші әрі қант қосып ішетін, болмашы тәуелділік туғызатын сусын ретінде таралды. 1690 жылы шайдың Қытайдан импорты шамамен 38 мың фунтқа өсті, 1750 жылы 37,4 миллионды құрады1. Жаңа тағам түрлері мен өзге де тауарлардың саны артып, дүниежүзіндегі тұтынушылар өздері қалаған өнімдерін сатып алу үшін талап қоя бастады. Оңтүстік Қытай, Жапония, Үндістан, Батыс Еуропа және Британдық Солтүстік Америка отарлары секілді, коммерциялану жылдам жүрген аймақтарда ақша табатын кісілер жұқа мата өнімдері, өнер мен үй фурнитурасында өте жоғары талғам қалыптастырды, мұндай бағалы матаны бұған дейін жер иесі – ақсүйектер ғана тұтына алатын. Батыс Африкада жергілікті көпестер сәннен қалған киімдерді емес, өзгеше өрнектері бар үнді шыттарын ала алмаса, еуропалық құл саудагерлеріне тұтқындарды сатудан бас тарта салуы мүмкін еді.

    Сонымен қатар, Үнді матасы да британ сәніне ықпал етті. Кеудеше және белдемше – XVIII ғасырдағы Еуропа сән үлгісінің бір мысалы. Қолдан өрнектелген мата – Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Коромандель жағалауынан келді. Гүлдер – үнділерге тән дизайн. Ағылшын тігіншісі бұл киімді шамамен 1780 жылы тіккен.

    Сондай-ақ, үдей түскен қаржылық қиындықтар мен жаһандық экономикадағы күрт өзгерістер Осман империясының ресурстарын тұрақты түрде әлсірете берді. Стамбұлдағы таңғажайып Топкапы сарайына орныққан сұлтандар әкімшілік істерден барған сайын шет қалды. Тамыр жайып алған саяси және діни топтардың арасында реформа жасауға ұмтылған пашалардың ықпалы әлсіреді немесе бастамалары сәтсіздікке ұшырады. Экранда ІІІ Селим сұлтан (1789–1807 жылдары билік құрды) Топкапы сарайында ірі шенді тұлғаларды қабылдауда. Стамбұлдағы Осман сарайы империя әкімшілігінің негізгі орталығы еді. Сұлтан бұл жерде сарай адамдарының, шенді тұлғалардың және янычарлардың ортасында отыр.

    Дегенмен, 1830 жыл – жаңа заманға көшудің тарихи сәтін паш етті. Келесі онжылдықта жылдам өзгерген жаһандық экономиканың күрделі де бұлыңғыр күйі көптеген қауымдастықты құқықтарын, бостандықтарын және ұлттық өзін-өзі билеу құқығын талап етуге мүмкіндік сыйлады. Қала жұмысшылары мен елдегі басым шаруалар қоғам өміріне белсенді араласуға кірісті, белгілі бір елдерде ерлер сайлау құқығы мен қызмет иелену құқығына ие болды, құлиеленушілік пен құл саудасына қарсы тараптар күш жинады және Атлантика революцияларына оттық болған идеялар Азия мен Африкадағы қалаларда өмір сүретін сауатты халықты да оята бастады.

    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталар болсақ, бұл даму жаһандық күштің қалыптасуындағы үлкен өзгерістің арақатынасын кескіндейді. Тарихта алғаш рет батысеуропалықтар мен солтүстікамерикалықтар жаппай өнім өндіруде, жаңа технологиялар мен өндіріс үдерісін ойлап табуда, өте күрделі коммерциялық және банк жүйесін жасауда, ауылдық жерлерден қалаға немесе бір қиырдан екінші бір жерге жалдамалы жұмысшыларды көшіруде дүниежүзінің қалған бөлігінен озып кетті.

    Келесі сөз кезегін әріптесім ..... беремін

    Сұрақ:

    Лампаны ойлап тапқан кім?

    Жауабы: Томас Эдисон 1880 жылы ойлап тапқан


    написать администратору сайта