Главная страница

Дидактикалық материал (1). Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бкей Ордасында Сейітали Медешев, бдірахман йтиев

Скачать 37.15 Kb.
НазваниеАмангелді Иманов, Орал облысы мен Бкей Ордасында Сейітали Медешев, бдірахман йтиев
Дата15.09.2022
Размер37.15 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДидактикалық материал (1).docx
ТипДокументы
#677996

Танымдық мәтін:

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Николай ІІ патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы “Реквизициялау туралы” жарлығы шықты. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия, Сібірдің “бұратана халықтарының” ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу, окоптар қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық) алу белгіленді. Сонымен қатар, империянның еуропалық бөліктерін Қазақстанға 2 млн 400 мың адам қоныстандырылып, 1916 жылға дейін қазақтардан 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алынды. Бұл жергілікті халықты таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр етті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халыққа әскери салық салынып, әр отбасына көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді. Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.Осылай - отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтардың көбеюі, еңбекшілерді аяусыз қанау, күштеп орыстандыру саясаты, ұлттарды кемсіту соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп, ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Оны еңбекші халық өкілдері басқарды. Торгай даласында көтеріліске Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей Ордасында Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев жетекшілік етті. Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Жетісуда Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Үзақ Саурықов және тағы басқалар басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліске қазақ жұмысшылары да қатынасты. Спасск мен Қарқаралы зауыттарындағы, Успенск мен Жезқазған кеніштеріндегі, Қарағанды мен Екібастүз көмір кендеріндегі, Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі, Омбы, Орынбор-Ташкент темір жолын- дағы жұмысшылар жұмыстарын тастап, көтерілісшілерге келіп қосылды.

Тапсырма: 1

  • Мәтінді пайдаланып, Ұлт-азаттық көтерілістің барысын кесте арқылы дәптерге түсір

  • Көтерілістің қысқа және ұзақ мерзімді себептерін айқында

1916 жылғы көтеріліс

Сипаты

Қозғаушы күші

Жетекшілері

Негізгі орталықтары

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді себебі

Тапсырма:2

  • Қазақ зиялыларының көзқарастарын анықтайды

  • Өз көзқарасыңды тұжырымда.

Көзқарасты айқындайтын сұрақ:

  • «Неліктен ұлт зиялылары екіге бөлінді»?

Социал-демократтар

Революцияшыл топ өкілдері- Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 

Мен осы топ өкілдерін қолдаймын, себебі....

Либерал-демократтар

Либералдық-демократиялықзиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Мен осы топ өкілдерін қолдаймын, себебі....

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Көтеріліс орталықтары:

Торғай көтерілісі

Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы қүрылды. Торғай уезінің қазақтары Әбдіғапар Жанбосынды өздерінің ханы етіп сайлады. Әскердің бас сардарбегі Амангелді Иманов, көмекшісі Оспан Шолақов тагайындалды. Амангелді Сарбаздарын ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.

23 қазан күні Амангелді 15 мың көтерілісшімен Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округі қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бара жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым-қатынастың үзілгенін, Ырғыздың қоршала бастағанын» баяндады. Көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып, Орынбор-Ташкент темір жолындағы қозғалысты тоқтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.

1916 ж қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлық өкімет орындарының жұмысын толықтай дерлік тоқтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Генерал Лаврентьев басқарған арнайы экспедициялық корпус құрылып, бірден үш бағытта - Қостанай, Ақтөбе мен Шалқарда шабуылға шықты.

22-24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. Бірнеше жүздеген әйелдер, қарттар мен балаларды, мыңнан аса сарбаздарды өлді. Ақпанның соңында Доғал Үрпекті көтерілісшілердің қолында қалдырып, жазалаушылар шегінді. Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті. 1917 ж соңында Амангелді Торғайды алды.

Жетісу көтерілісі.

Тамыз айында Верный, Жаркент, Лепсі уездерінде халық көтеріліске шықты. Көтерілісті Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Жәмеңке Мәмбетов, Үзақ Саурықов, Ақкөз Қошановтар басқарды.

1916 жылы жазда көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршады. Толқуларға 5 мыңнан аса адам қатынасты. Көтерілісшілер Жаркент уезінде Таврия, Владислав, Краснояр, т. б. қоныстарға шабуыл жасады. Жайылмыш болысының көтерілісшілері подполковник Базилевичтің жазалаушы отрядымен шайқасты. Верныйдан әскербасы Фольбаум телеграфпен: «Қазақтардың аз адам болса да шоғырлануын бүлік деп санаңдар, ондайды басып-жаныштаңдар, болыстыққа үрей таратып, бүлікшілерді тұтқындаңдар, далалық сотқа беріңдер, бірден дарға асыңдар...

Патша үкіметі генерал Куропаткинді Жетісудағы көтерілісті басу үшін құрамында пулемет және зеңбірек командасы бар 95 рота мен 24 казак отрядын аттандырды. Жазалаушы әскермен ірі шайқастар Асы мен Қарқара жайлауларында, Самсы стансасы маңында, Қастек, Нарынқол өңірлерінде, Лепсі уезінде және басқа жерлерде өтті. Патшаның зеңбірек, пулеметпен қаруланған жендеттері қыспаққа алған көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аса қатыгездікпен, аяусыз басып тасталды. Бейбіт тұрғындар қырылды, мал-мүлік тартып алынды. Аман қалған халықтың бір бөлігі Қытайға ауып кетті. 1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.

Тапсырма:3

  • Берілген мәтінді мұқият оқып шық

  • Осы мәтінді пайдалынып Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығын аш

Тарихи маңыздылығы:

  1. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  3. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  4. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма:4

  • Берілген қазақ зиялыларының цитаталарын мұқият оқып шық

  • Олардың іс-әрекетіне өзіндік баға бер.

Цитата:

  • «Жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан,күндіз күлкіден айырылды» М.Дулатұлы

  • «Қазақ секілді іргелес жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» А.Байтұрсынұлы

  • «Қазақ қырғыз осы көтерлісте көп адамын өлтіріп,шаруасын күйзелтсе де келешекте қандай ел екенін білдіреді» Ә.Бөкейханов

Өзіндік баға:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушының аты-жөні:___________________________________________

А.Дерекккөз: Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс қүрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жүмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жүмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бүратана ер адамдар тартылсын:

Император ағзам 1916 жылғы 25 маусым күні былай деп жоғары дәрежелі әмір берді

В.Дерекккөз: Дерекккөз:Сырдария облысы елінің бәрі бірдей бас көтерген жоқ. Бір облыста көтеріліс алдымен 1916 жылы июльдің 11-інде ескі Ташкент қаласында басталды. Мыңнан астам халық ескі  Ташкент полиция мекемесінің қасында жиналып, жұмысқа адам алу туралы бұйрықтың орындалуына қарсылық көрсетті» Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы). - Алматы: Қазақстан, 1997. – 2 т. – 110-б.
С.Дерекккөз «Біздің жұртқа айтарымыз – бұған көнбеске болмайды. Көнгенде – шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Көнбегенде көретін ауырлық – бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер?» Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар 1916 жылы тамыздың 11-інде жарық көрген «Алаштың азаматы» атты үндеуінде.
Д.Дерекккөз: Т. Рысқұлов 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығына қарсы қарулы көтерілістер болып жатқан кезде ол Әулиеата уезіндегі көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болып, Мерке ауданында әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар сілтейді.

Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы). - Алматы: Қазақстан, 1997. – 2 т. – 110-б.
Е.Дерекккөз Жазушы Л.Соболев көтерілісшілер туралы шыншылдықпен былай деп жазған болатын: «Ол әскер, аңыз-ертегілерде жырланатындай – ауыл ұсталары соққан найза, қылышпен, білтелі мылтықпен, садақпен және жебемен қаруланған  таңданарлықтай әскер еді. Амангелді осы ортағасырлық әскерді зеңбіректері мен магазинді винтовкалары бар жазалаушы отрядтарға қарсы бастады» (Правда газеті, 5 қазан, 1940 жыл).

F.Дерекккөз Верныйдан әскербасы Фольбаум өзіне бағыныштыларға телеграфпен: «Қазақтардың аз адам болса да шоғырлануын бүлік деп санаңдар, ондайды басып-жаныштаңдар, болыстыққа үрей таратып, бүлікшілерді түтқындаңдар, далалық сотқа беріңдер, бірден дарға асыңдар... Күдікті деп есептелгендерден кез келгені үсталса, басқаларға үлгі болу үшін дереу дарға асыңдар» деп нүсқау берді.

Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулың

Жалпы редакциясын басцарган тарих еылымдарының докторы, профессор Б. Ғ. Аяган Алматы «Атамүра» 2013
Сізге 6 дереккөз берілген. Дереккөздер мен өз біліміңізді қолдана отырып, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске қатысты әрбір дереккөзге зерттеуші ретінде баға беріңіз.

написать администратору сайта