Главная страница

анестезиология. Емтихан сұрақтары. Аместикалы афазия бас миыны ай блімі заымданан кезде болады


Скачать 76 Kb.
НазваниеАместикалы афазия бас миыны ай блімі заымданан кезде болады
Анкоранестезиология
Дата23.12.2020
Размер76 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЕмтихан сұрақтары.doc
ТипДокументы
#163369


Аместикалық афазия бас миының қай бөлімі зақымданған кезде болады?

Науқаста біріккен (сходящееся) қылилық анықталды. Қай нерв зақымдалған?
Науқаса керу симптомдары анықталды: Ласег, Нери, Дежерин. Диагнозды нақтылау қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет?

Науқас Г. Бульбарлы синдром анықталды. Бас миының қай артериясының зақымдануы оған әкеледі?
Джексон альтернирлеуші синдромын анықтау кезінде қандай қосымша зерттеу әдістерін тағайындауға болады?
Науқас А. 18 жаста, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін бетінің сол жақтан ассимметриясы, лагофтальм,«желкен» симптомы, сол жақта гиперакузия. Аталған симптомдар қай нервтің зақымдануына тән?
20 жастағы науқаста салқын тигеннен соң, құлақ арты маңы ауыратын болды. Біраз уақыттан кейін сол көзі нашар жабылатынын, аузының оң жаққа қарай қисайғанын, сұйық тамақ сол жақтан төгілетінін аңғарған. Объективті: бет асимметриясы, маңдай қыртысы солға қарай жазылған, сол көзі оң көзден үлкенірек, жабылмайды. Аузын ашқанда оңға қарай қисаяды.Аузын бұртита және ысқыра алмайды. Бұл аурудағы бет нервісінің нейропатиясының мүмкін себебін көрсетіңіз:
Науқас сол аяғының бойлай ауыратынына шағым айтады. Объективті: сол жақтағы Валл нүктелерінің ауырсынуы, сол жақтан тартылудың оң симптомдары. Сол аяқтағы бойлық сызық түріндегі тотальды түсу. Зақымдану ошағын көрсетіңіз:
25 жастағы әйелде жүктілік кезінде бетінде, кеудесінде, аяқ-қолдарында еріксіз тез қимылдар пайда болды. 18 жасында ревматикалық қызба болған, содан бері 1 жылдай уақыт аралығында осы бұзылыстар анықталады. Объективті: беті мен аяқ-қолдарында тез еріксіз хаостық қмылдар анықталады, әдеттегі қимылдарына кедергі келтіреді, аяқ-қолдарындаы бұлшықет тонусы гипотониядан жеңіл ригидтілікке алмасады, рефлекстері орташа, патологиялық рефлекстер анықталмайды. Гиперкинездер түрін анықтаңыз.
Ишемиялық инсульт кезінде қандай препаратты қолдануға қарсы көрсетілген?
Вертебро-базилярлы бассейндегі инсультке не тән?
Науқас М., 48 жаста, оң жақта балтыр мен өкше аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Айтуынша, омыртқа остеохондрозымен бірнеше жылдан бері ауырады, периодты түрде амбулаторлы ем алып тұрады. Аталған өршу сатысы 2-3 апта бойында, ештеңемен байланыстырмайды. Объективті қарауда: ошақтық симптоматика жоқ, оң жақ санын әкелгенде ауырсыну пайда болады, балтыр бұлшықеттерінің гипотрофиясы, ахилл рефлексінің оң жақта төмендеуі, ауыспалы ақсақтық анықталады. Сіздің диагнозыңыз:
Науқас А., 28 жаста, кене шаққаннан кейін, дене қызуы 39-40 градусқа жоғарылады, жалпы милық симптоматика, менингеальды синдром, делиориозды күй, бастың салбырау синдромы. Жұлын сұйықтығы аназинде: лимфоцитарлы плеоцитоз 280 клеткаға дейін х 106/л, ақуыздың жоғарылауы. Қандай әдістер диагнозды нақтылайды?

Дұрыс тағайындалған эпилепсия емінде, қанша пайыз оң нәтижде береді?
Науқас П., 48 жаста, жедел түрде физикалық жүктеме фонында, бел аймағында ауырсыну пайда болды. Объективті қарауда омыртқаның бел бөліміндегі қозғалыстың шектелуі, арқа, бел бұлшықеттерінің қатаюы, оң жақта Нери, Ласег симптомдарының оң болуы анықталады. Науқасқа қай препаратты тағайындаған дұрыс?

Каротидті бассейнге қай артерия жатады?
Беттегі триггерлі аймақты тітіркендіру ауырсыну синдромын тудырады. Қай ауруға тән?
Науқас А. 32 жаста, көз алдындағы заттардың екіленуіне, бас айналуға, жүрісінің теңселуіне, аяқтарындағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтық ішке қарай қылилық (сходящееся), мишықтық атаксия, төменгі спастикалық парапарез. Бас миының МРТ–сында: демиелинизация ошақтары. Патолгенетикалық емге қандай препарат тағайындау керек?
Эпидемиялық энцефалиттің созылмалы сатысындағы паркинсонизм синдромын емдеу кезінде қандай патогенетикалық терапия қолданылады:

Естен тану кезінде ес жоғалту қанша уақытқа созылады?
Қандай препараттар ишемиялық инсульттің екіншілік алдын алуда қолданылады?

Ортаңғы ми артериясы бассейніндегі инфарктқа қандай синдром тән?
Патогенетикалық ем ретінде қай препаратты үшкіл нерв невралгиясында тағайындау қажет?
Соңғы тырысу ұстамасы және ЭЭГ қалыпты көрсеткіштерінен соң, қай уақыттан соң құрысуға қарсы дәрілік заттарымен емдеуді тоқтатуға болады?

Миастениялық криз кезінде қай препаратты тағайындау қажет?
Науқас А. Бас айналуға, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысына, аяқтарындағы әлсіздікке, жүре алмауына, үлкен және кіші дәрет кідірісіне шағымданады. Анамнезінде: 3 ай бұрын кенеттен көз көруі нашарлап, қайтадан қалпына келген. Жағдайының нашарлауы соңғы 2 аптадай. Объективті қарауда: төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?
Қалқанша безіне жасалған отадан кейін, науқаста дауысының қарлығуы, ларингоскопияда оң жақ дауыс байламының параличі анықталды. Қай нерв зақымдалған?
«Актилизе» препаратын қолдануға қарсы көрсеткіштерді атаңыз

Қай бұлшықет парезі шығыршық нерв зақымдануын нұсқайды?
Науқас А. 54 жаста, Мийяр-Гублер синдромы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаймыз?

Эпилепсия емдеуіндегі жалпы қағидаларын көрсетіңіз?
50жастағы ер адам, созылмалы алкоголизммен ауыратын, жүргенде шайқалуына, кейде тіпті құлауына шағымданады. Обективті: аяқтарында «шұлық» тәрізді барлық сезімталдық түрілері төмендеген, аяқ бұлшықеттерінде гипотония анықталынады, ахиллов рефлекстері жоқ, ромберг позасында тұра алмайды, қозғалысына бөтен адам көмегін қажет етеді, өкше-тізе сынамасында айқын интенционды тремор байқалады, Бабинский асинергиясы анықталады, парездер мен басқа неврологиялық ауытқулар жоқ. Ем тағайындаңыз:
Мына симптомдардың қайсысы Паркинсон ауруына тән ЕМЕС:
Эпиұстама кезіндегі сананың өзгеруі:
Шашыранды склероздағы патоморфологиялық өзгерістерді көрсетіңіз:
Науқас қараған кезде (жасы 20-да), анықталды: көлденең нистагм, атактикалық жүріс, Ромберг позасында тұрақсыз, іш рефлекстерінің жойылуы, интенционды дірілдеу, тізе рефлекстерінің жоғарлауы, табанның клонусы. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

Шашыранды склероз дебютына сәйкес синдромы қандай?
Джексондық эпилептикалық ұстама оң жақа қараудың парезі, бет нервісінің орталық парезі және оң жақты гемипарез бас миының қай жерінде орналасқан ісігіне сәйкес келеді?
Науқаста бүкіл мимикалық бұлшықет парезі, көз құрғауы, гиперакузия, оң жақ тілінің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуінің жоғалуы. Зақымдалу орнын анықта:

Травматикалық емес субарахноидальды қан құйылулардағы ангиоспазм жағдайында алдын алу мақсатында қандай препараттар қолданылад?
Миішілік қанқұйылу диагнозын қою үшін аса мағлұматты диагностикалық әдісі қандай?

Қанша уақыттан кейін субарахноидальды қан кетуді бас ми КТ-ысымен анықтауға болады?
Науқас Р., 35 жастағы ауру жоғары АҚҚ фонында, стресстен кейін құсу, психомоторлы қозу, птоз, оң жақта мидриаз және көз қылилығы пайда болды, менингеальды симптом, гипертермия 38,50С. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

Вертебральды-базилярлы артериялар бассейніндегі инсультқа қандай симптоматика тән?
27 жастағы науқас оң қолындағы әлсіздікке шағымданады, балдақ пайдаланады. Объективті: білезік пен саусақтың жазушы бұлшық еттерінің күші төмендеуі, иықтың артқы бөлігі бойынша сезімталдықтың төмендеуі. Иықтың үшбасты бұлшық еттері рефлексінің төмендеуі. Берілген жағдайда қандай қандай препараттар берілу қажет?

Қандай жағдай бас ми қан құйылуында хирургиялық емге абсолютты көрсеткіш болып саналады?
Шашыранды склероз кезіндегі көру өткірлігі төмендеуі қай құрылымның зақымдануынан байқалады?

Гийене-Барре синдромына сай ликворда қандай өзгерістер байқалады?
Анамнезінде өкпе туберкулезі көрсетілген 58 жастағы науқаста бас ауыруы, арықтау, жалпы әлсіздік, шаршау, қитарланған қылилық, төмен қарағанда қосарлану сезімі пайда болды. Берілген жағдайда ликворда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Ми инсульты бар науқастарда модифицирленген Рэнкин шкаласы не анықтайды?
Диабетикалық полиневропатия даму негізінде қандай процесс жатыр?
Жедел біріншілік Гийене Барре полирадикулоневритке сәйкес синдромды көрсет:

Бет нервопатиясының жедел кезеңінде қандай патогенетикалық ем қолданылады?
Гийен-Барре синдромында қандай патогенетикалық ем қолданылады?

Қандай препараттар дәрілік полиневропатия шақырады?
Люмбаго сәйкес белгіні көрсетіңіз
Оң жақ табанның ырғақты тартылуы түрінде эпилептикалық ұстамалар басталады. Зақымдалу ошағын анықтаңыз

Шашыранды склероз кезіндегі спастиканы емдеуде қандай препарат қолданылады?
Шашыранды склероз кезінде қандай құрылымдар зақымдалады?

Шашыранды склероз дебютына қандай белгі жатады?
Шашыранды склероз өршуін басу мақсатында қандай препараттар қолданылады?

Миастенияның ұзақ емделуінде қандай препараттар қолданылады?
Алкогольдік полиневритияны сипаттайтын симптомды көрсетіңіз:

Қандай симптомдар оң жақ ортаңғы ми артериясының тромбозын сипаттайды?
Қосымша әдістің қайсысы тимоманы анықтау үшін тағайындалады?

Иық жауырынды периартрозды ажырату диагностикасында қандай тексеру әдісін тағайындау қажет?
Негізгі тежелу әсерлі медиаторын көрсет
Қант диабетімен ауыратын 70 жастағы науқаста оң қолының әлсіздігі, көздегі қосарлана көру, сол көз алмасының жоғары, ішке, төмен қозғалыстары жоғалуы пайда болды. Объективті: сол жақ жоғарғы қабақтың птозы. Сол көз алма сыртқа әкетілген. Оң жақты спастикалық гемипарез. Ликвор - түссіз, қысымы-180 мм. с.б., цитоз - 5 лимфоцит. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?
Созылмалы алкоголизмнен зардап шегетін науқас онемияға, аяқ-қолдың ауыруына, олардың әлсіздігіне, жүргенде тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: дистальды бөлімдердегі аяқ-қол парездері, олардың гипотония және гипотрофиясы, карпорадиальды рефлекстердің төмендеуі және ахиллды рефлекстердің болмауы, "қолғап" және "шұлық"түрі бойынша гипестезия. Науқасқа қандай диагноз қоясыз?
Мойын остеохондрозының неврологиялық көріністерінің хирургиялық емдеу көрсеткіштері:
Мигрень - бұл:
Ауыр, эпизодтық пульсациялайтын бір жақты, ұзақтығы 15-180 минутқа созылатын, екі күнде 1 реттен тәулігіне 8 ретке дейін жиілікпен күнде пайда болатын, жиі сол жағынан қарашықтың кеңеюімен және беттің қарқынды терлеуімен сипатталанатын бас ауыруы терминмен аталады:
47 жастағы әйел дәрігерге соңғы 3 ай ішінде мазалайтын бас ауруына шағымданды. Одан әрі сұрағанда ауырсыну қысқыш, тартқыш сипатқа ие, ауырсыну қарқындылығы шамалы, ауырсынудың пайда болуы физикалық жүктемемен байланысты емес екені анықталды. Сонымен қатар, ауырсыну ешқашан жүрек айнуы немесе құсу мен белгіленген жоқ. Шамасы, әйелдің зардап шегуінің себебі:
45 жастағы әйелде созылмалы атрофиялық гастрит аясында полинейропатия белгілері - қол және аяқ саусақтарының жансыздануы мен әлсіздігі дамыды. Қандай препаратты кешенді терапияға енгізген жөн?
Вегетативті жүйке жүйесінің негізгі қызметі:
Келесі симптом гипоталамикалық аймақтың зақымдалуына тән:
Келесі симптом вегетативті жүйке жүйесінің сегменттік бөлігіне зақым келтіруге тән:
22 жасар П. науқаста, көздерінде қосарланып көру, бас айналу, жүрген кезде тұрақсыздық пен сенімсіздік, аяқтарының әлсіздігі пайда болған. Объективті түрде: сол жақ көзқозғалтқыш нервтің парезі, мишық атаксиясы, төменгі сапстикалық парапарез. Бас мидың МРТ-да демиелинизация ошақтары анықталған. Патогенетикалық емді таағайындаңыз:
Шашыранды склероздың патогенетикалық емін жүргізу үшін препараттарды атаңыз:
33 жасар Р. Науқаста келесі симптоматика анықталған: шеткі тетрапарез, аяқ-қолдарындағы түбіршектік ауырсынулар, полиневриттік түрі бойынша гипестезия. Анамнезінен мәлімет: ауырғаны шұғыл түрде, ЖРВИ-дан кейін. Диагнозды анықтаңыз:
Түстен кейінгі уақытта күшейетін патологиялық бұлшықет әлсіздігі, птоз, жұтынудың қиындауы ... ауруға тән:
66 жасар А. науқас, стационарға шұғыл түрде жеткізілген. Науқас қант диабет жәен артериялық гипертензиямен аурады. Ауырғаны ертеңгілік уақытта, оң жақ аяқ, сонан соң қолының әлсіздігін сезген кезде. 20-30 минутан кейін сөйлеу қабілеті жойылған, сөйлей алмаған. Бас ми КТ-сында ишемиялық ошақ анықталған. Бұл жағдайдағы ишемиялық инсульттың ықтимал даму механизмін көрсетіңіз:
78 жасар П. науқас, ЖИА-мен және жыбыр аритмиямен аурады. Жағдайының нашарлауы шұғыл түрде, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі мен естің жойылуы пайда болғанда. 2 апта бұрын ЖРВИ-ні басынан өткізген. Объективті түрде: пульс минутына 78-102 соғыс, неврологиялық статуста солжақты гемипарез байқалады. Бас мидың КТ-да ишемиялық ошағы анықталады. Бұл науқастағы ишемиялық инсульттың ықтимал даму механизмін көрсетіңіз:
Өткінші ишемиялық щабуылдың ишемиялық инсульттан айыратын негізгі айырмашылығын көрсетіңіз:
Ишемиялық инсульттің екіншілік профилактикасы ретінде тағайындалатын препаратты атаңыз:
Артериялық гипертензимен ауратын П. науқаста, бас ми қан тамырларын зерттеген кезде, қан тамырларының арнасын 75%-дан артық жауып тұрған, атеросклероздік дақтың бар болуы анықталған. Ишемиялық инсульттың екншілік профилактикасы ретінде қолданатын ем-шараны таңдаңыз:
74 жасар О. науқас ишемиялық инсульттың клиникасымен инсульт орталығына жеткізілген. Бұл жағдайда фибринолитикті («Актилизе» - плазминогендің тіндік активаторы) қолдануға қарсы көрсетілімін таңдаңыз:
68 жасар В. науқас ишемиялық инсультты басынан өткізген. Инсульттың екіншілік профилактикасы ретінде, қандағы холестериннің мөлшерін төмендету үшін қолданатын препараттарды таңдаңыз:
49 жасар А. науқаста, гипертониялық кризі жағдайында геморрагиялық инсультдамыған. Неврологиялық статуста: естің деңгейі – кома, көз қарашықтары D>S, оң жақты гемиплегия. Бас ми КТ-да көлемі 50 мл миішілік гематомасы анықталған. Бұл жағдайда хирургиялық емді жүргізу үшін көрсетілімді анықтаңыз:
Артқы ми артериясысы бассейніндегі ми инсультына ... тән болып келеді:
Омыртқа артериялардың қанмен қамтамасыз ететін аймағын атаңыз:
48 жасар К. науқас, ми қан айналымы бұзылысының жедел түрінің клиникасымен стационарға жеткізілген. Бас ми КТ-да оң жақ жартышарының терең бөліктерінде қанқұйылу ошағы анықталады. Емді тағайындаңыз:
Науқаста алғашқы рет пайда болған эпилепсиялық ұстама байқалды. Пациенттің әрі қарай жүргізу тактикасын анықтаңыз:
Генерализацияланған эпилепсиялық ұстамалардың ұзақтылығын белгілеңіз://
35 жасар В. науқаста, бас жарақатынан кейін, сол жақ аяғы мен қолына шабатын ритмдік тартқылауымен және естің жоғалусыз өтетін құрысу ұстамалары пайда болған. Эпилепсиялық ұстамалардың түрін анықтаңыз:
22 жасар С. науқаста, кенет, дені сау болған жағдайда, эпилепсиялық ұстама, психомоторлық қозу пайда болған. Көз түбінде іркілу белгілері байқалады. Неврологиялық статус: науқас эйфория жағдайында, критикасы төмендеген, орташа когнитивті бұзылыстар. Алғашқы диагнозды анықтаңыз:
96. Бауыр ауруларында жүйке жүйесінің зақымдану синдромдарының көріністерінің ерекшелігі:

жедел басталу және найзағай тәрізді ағым

алдағы жылдарда неврологиялық тұрақты дефицитпен көрінетін жедел басталу

прогредиетті ағыммен өтетін аурудың біртіндеп басталуы

неврологиялық көріністердің ремиссиямен жүретін аурудың біртіндеп басталуы +++

жедел басталу және ешқандай рецидивсіз толық тәуір болу

97.Бауыр ауруы кезіндегі неврологиялық асқынулардың ерте формалары:

экстрапирамидті бұзылыстар

психиканың бұзылыстары

неврастениялық синдром +++

полинейропатия

ми қан айналысының жедел бұзылуы
98. Бронхтар мен өкпенің жедел ауруларында церебральды неврологиялық асқынулар дамуы немен байланысты:

ишемиялық (дисциркуляторлы) гипоксия

гипоксиялық гипоксия +++

анемиялық гипоксия

метаболикалық гипоксия

комбинирленген гипоксия

99. Пневмококкты пневмонияда жиі кездесетін неврологиялық асқыну:

полинейропатия

миелопатия

энцефалопатия

менингит +++

мононевропатия

100. Қант диабетінің ағымын қиындататын ең типтік неврологиялық синдром:

A. энцефалопатия

B. миелопатия

C. полинейропатия +++

D. құрысу синдромы

E. гипертензионды




Н БҚММУ 703-13-12. Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар. Бірінші басылым.


написать администратору сайта