|
Аминоспирттер. химия сабақ аминоспирртер. Аминоспирттер Жоспар
Аминоспирттер Жоспар - Аминоспирттер
- Номенклатурасы.
- Алыну жолдары
- Қасиеттері
Аминоспирттер - Молекула кұрамындағы сутек атомдары амин топшасьша және гидроксил топшасьша алмасқан көмірсутек туындыларын аминоспирттер деп атайды. Халықаралық номенклатура бойынша аминоспирттерді спирттердің туындысы ретінде атайды.
Номенклатурасы. Алыну жолдары және қасиеттері - Аминоспирттер деп, аминтобы (N-алкил немесе N, N-диалкиламинтобы) және спирттік гидроксилі бар, көмірсутектердің туындыларын айтады. Амин тобы мен спирттік гидроксил көміртектің әртүрлі атомдарында орналасқан, аминспирттер тұрақты болып келеді. Аминоспирттердің атаулары үшін орныбасарлық атауларды бәрінен жиірек қолданады, бұған орай оларды, орынбасар ретінде аминтобы болатын, спирттердің туындысы сияқты атайды. Аминтоптарының орналасқан жағдайын (орнын) цифрмен немесе грек алфавитінің әріпімен нұсқайды
- Этаноламин жуғыш заттардың кұрамына кіреді. Холин немесе үшметил р-оксиэтил аммоний гидроксиді табиғатта бос күйінде немесе фосфатидтер жөне басқа туындылар түрінде кездеседі.
- Холин - кристалдық зат, судағы ерітіндісі күшті сілтілік реакция көрсетеді. Қьшқылдармен тұз түзеді. Холин физиологиялық активті зат, адам және жануарлар организмінде зат алмасуды реттейді, қан қысымен төмендетеді. Холиннің туындысы - ацетилхолин өте маңызды биологиялық рөл атқарады. Мысалы, ол нерв импульстерін тасымалдауға қатысады.
Алыну жолдары - Аминспирттерді органикалық оксидтерге аммиак пен аминдерді қосу арқылы және нитроспирттерді тотықсыздандыру арқылы алады. Қарапайым аминспирттер - өзіне тән иісі бар, суда еритін қою сұйықтықтар. Аминспирттер аминдердің жөне спирттердің қасиеттерін көрсетеді. Аминспирттердің қарапайым өкілі этаноламинді этилен оксидін аммиакпен өрекеттестіріп алады:
|
|
|