Главная страница

қамқоршылық кеңес хаттамасы. Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы. аморшылы кеесі отырысыны хаттамасы 2 хаттама


Скачать 13.84 Kb.
Названиеаморшылы кеесі отырысыны хаттамасы 2 хаттама
Анкорқамқоршылық кеңес хаттамасы
Дата04.04.2023
Размер13.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚамқоршылық кеңесінің хаттамасы.docx
ТипДокументы
#1035650

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

№ 2 хаттама

4.11.2019 жыл.

Еңбекші ауылы
Қатысушылар :

1. Кеңес төрағасы

2. Кеңес төрағасының орынбасары

3. Кеңес мүшелер
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:


  1. 2019-2020 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» республикалық акцияның қорытындысы.

  2. Қазақтану кабинетін жасақтау.

  3. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру.


Тыңдалды :
1-мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы С.К.Нурлыбаев – 2019-2020 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» республикалық акция барысында 90 мың теңге қаржы жинақталып мектептегі аз қамтылған отбасы балаларын мектеп формасымен және оқу құралдармен қамтамасыз еттік. Атап айтатын болсақ 1 аз қамтылған отбасы баласын 40 мың теңге көлемінде темір жол жұмысшылары мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар ауыл тұрғындары Қалмұратов Ж, Агисова У.Көпжасарова А. мұғалімдер атсалысты.

2-мәселе бойынша кеңес мүшесі А.Б.Утеулина – мектебімізден 5-11 класс аралығында «Қазақтану» курсы өткізіледі екен. Соған байланысты мектебіміздің ішінен «Қазақтану» кабинетін жасақтау қажет. Осы кабинетті жасақтау үшін мектеп-балабақша директоры А.Т.Боранкулова қамқоршылық кеңестен қаржылай көмек сұрады.

3-мәселе бойынша кеңес мүшесі Б.Е.Төлениязова – мектептің ішін аралау барысында көргеніміз жаңбыр жауған кундері мектептің төбесінен су тамшылаған, кластардағы линолеумдер жыртылған, акт залының қабырғасы көгерген, есіктер, шамдар барлығын ауыстыруды қажет етеді. Сол себепті мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына демеушілер тартып қаржы қарастырып беруіміз қажет.
Шешім етті:

1. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету жалғастырылсын.

2. Қамқоршылық кеңесінің төраға орынбасары Ш. Жумановқа «Қазақтану» кабинетін жабдықтау үшін демеушілік қарастыру жүктелсін.

3. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және демеуші табу қамқоршылық кеңесінің төраға орынбасары Ш.Жумановқа міндеттелсін.
Төраға : С.К.Нурлыбаев

Мүшелері : Қ.Р.Байдышева

А.Б.Утеулина

Б.Е.Толениязова

А.А.Кшаева

У.Ж.Агисова


написать администратору сайта