Главная страница
Навигация по странице:

  • Анафилактикалық шок: әсері қандай

  • Анафилактикалық шок: емі

  • Тесттт. Документ (22)шок. Анафилактикалы шок пайда болу себебі


    Скачать 13.5 Kb.
    НазваниеАнафилактикалы шок пайда болу себебі
    АнкорТесттт
    Дата08.04.2021
    Размер13.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент (22)шок.docx
    ТипДокументы
    #192523

    Анафилактикалық шок: пайда болу себебі 

    Дерттің пайда болуы аллергия басталған кезде туады. Кейде тіпті дәріні қайта-қайта пайдаланғану да сеп болуы мүмкін. Ең негізгі пайда болу себептері:

    – дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек пайдалану;
    – денеден қан бөлінуі;
    – рентгенге түсу кезінде немесе диагностикалық ем қабылдау сәтінде;
    – екпе алу кезінде;
    – тамақтан улану арқылы;
    – жәндік шағуы;
    – суыққа төзбеу.

    Анафилактикалық шок: клиникалық белгісі

    Дерттің басталу белгісі ішкі немесе сыртқы күш әсер етуінен көрінеді. Мәселен жүрек айну, бет қызаруы, дақтар пайда болуы, іштің ауруы, диарея секілді түрлі белгілер қабаттасып кетеді. 

    – қан қысымының түсуі; 
    – естен тану, дірілдеу, бас айналу; 
    – терінің ағарып кетуі немесе соққы алған секілді көгеру; 
    – теріде күйік секілді дақтар пайда болуы; 
    – бет тұсында, иекте дақтар пайда болуы; 
    – іш ауруы және жүрек айну; 
    – жүрек қысылуы, дем жетпеу. 


    Анафилактикалық шок: әсері қандай? 

    Бұл дерт пайда болған жағдайда алғашқы көмек көрсетілмесе, науқас тіл тартпай кетуі мүмкін. Бұл кезде он екі мүшенің барлығы дерлік ауырады. Әлсіреп, адам бір орында тұра алмайды. Ең жаманы анафилактикалық шок қайтадан сол сәтте қозатын болса, оның арты жақсылыққа апармайды. Жүректің соғысына кері әсерін тигізіп, жүйке жүйесіне зақым келеді.


    Анафилактикалық шок: емі 

    Анафилактикалық шок тумай тұрып, жоғарыда аталған белгілер байқала бастағаннан жедел жәрдем шақырыңыз. Ол келгенше аурып жатқан адамның қан қысымын өлшеуді тоқтатпаңыз. Ал егер жедел жәрдем кешігіп жатқанда тез арада мына әрекеттерді жасауға тырысыңыз: 

    – Аурып жатқан адамды тігінен жатқызыңыз. Қан қысым қалыпқа келу үшін екі аяғының астына жастық немесе биік зат төсеңіз. Төменгі иекті ары-бері қозғап тұрыңыз, тісте протез болған жағдайда алып тастаңыз; 
    – жүрек қағысы мен қан қысымын тексеру;
    – талмаға қарсы дәрілер беріңіз. Көнбесе де тырысу керек;
    – дәрігер келген соң ақпаратты дәлме-дәл жеткізіңіз; 


    написать администратору сайта