сценарий. Аналар асыл жандар. Аналар асыл жандар
Скачать 16.11 Kb.
|
«Аналар асыл жандар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! 2 - жүргізуші: Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Аяулы аналар» байқауын бастаймыз. 1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық, Мерекесі халықтың, Көктем тойын бастайық. Көктем тойға арналған, Сайысты біз бастайық. 2 - жүргізуші: Мың бұралған аналар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аналарын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! Ортаға аруларды шақырамыз. («Қыз сыны» әуені орындалады.) 1 - жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік: 1 -«Таныстыру» 2 -«Баламның тәтті қылықтары» 3 -«Қазағымның - асыл қазынасы»(салт - дәстүр) 4 -«Балапаныма тәтті тағам» 1 - 2 бастаушы хормен: Ендеше біз сайысымызды бастаймыз. 1 - басқарушы: І кезең «Таныстыру» Аяулы аналар келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Байыппен сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе аналарымыз өздерін таныстырып өтсін. Би: «Сұлу қыз» 2 - жүргізуші: ІІ кезең «Баламның тәтті қылықтары».(Бұл кезеңде аналарымыз өз балапандарының есте қалған тәтті қылықтарын айтады). Көркем өнер - жас бөбек, Сүйкімді болар бақпаса, Тортасын алған балқаймақ, Бойына сылау жақпаса Үлпілдеген қызыл шоқ, Басына үкі тақпаса,- дей келе аналарымыздың өнерін тамашалайық. 1 - жүргізуші: ІІІ кезең: «Қазағымның асыл қазынасы» (салт - дәстүр) «Қазағымның асыл қазынасы» (салт - дәстүр) демекші, осы кезеңде, аналарымыз салт – дәстүрлер туралы сұрақ жауап. 2 - жүргізуші: 4 - кезең «Балапаныма тәтті тағам» Бұл кезеңде аналар өздерінің пісірген тағамдарын көрсетеді. Ән: « » 1 - жүргізуші: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар../Марапаттау/ 2 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! 1 - жүргізуші: - Осымен «Аналар асыл жанда» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар! |