1 Аралық бақылау. Анализаторларды орта асиеттері
Скачать 14.33 Kb.
|
1. Жұлын негізінен екі маңызды қызмет атқарады. Олар өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер. Өткізгіштік функциясына тоқталып кететін болсам. Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Яғни өткізгіштік қызметі өрлеуші және төмендеуші жолдар көмегімен іске асырылатыны белгілі. Афференттік ақпарат негізінен жұлынға артқы түбіршектер арқылы келіп түседі, алдыңғы түбіршектердегі және организмнің әр түрлі мүшелер мен тіндерінің қызметін реттейтін эфференттік серпіністену алдыңғы түбіршектер арқылы жүзеге асырылады. Бұл Белла- Мажанди заңына сәйкес келеді. Бірақ соңғы кездерде алдыңғы түбішектерде бірінші реттік афференттік талшықтардың саны басым екендігі бақыланғанымен, оның маңызы қазіргі уақытта анықталмаған. 2.Анализатор немесе талдағыш-бұл сыртқы немесе ішкі ортаның серпіністері туралы ақпаратты өңдеуге және олар туралы көзқарастар яғни сезіну қабылдау алуға қатысатын мидың рецепторлары мен нейрондарының жиынтығы. Бұл терминді И.П.Павлов енгізген болатын. СондықтанПавлов тұжырымдамасы бойынша Барлық анализаторлар 3негізгі бөлімнен тұрады 1.Перифериялық-ол мұнда сыртқы орта сигналдарының электрлік үдеріске айналуынан жүреді. 2.Өткізгіштік-мұнда ақпараттың өңделуі мен оның мидың жоғарғы бөлімдеріне берілу жүреді. 3.Орталық немесе қыртыстық-бұл жерде сенсорлық ақпараттың соңғы рет өңделуі жүреді. Анализаторлардың ортақ қасиеттері 1.Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды. 2.Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді 3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. 4.Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. 5.Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты , яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан затратдың оссрін слезу және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализатора. Осы талдағыштардың жұмыс істеуінің негізгі принципі рецепторлармен тығыз байланысты. Рецепторлар дегеніміз сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қабылдауға арналған арнайы құрылым болып табылады. |