Главная страница
Навигация по странице:

  • «Балауса» бөбекжай балабақшасы «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»

  • Ғарыш ғаламаты. Ананы алааныбалаа айдынды оныс


    Скачать 20.58 Kb.
    НазваниеАнаны алааныбалаа айдынды оныс
    Дата25.09.2022
    Размер20.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҒарыш ғаламаты.docx
    ТипДокументы
    #695028

    «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»

    Мақсаты:

    1. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

    2. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің

    жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты

    жақсарту

    3. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарт

    Тренинг бағдарламасы.

    • I.Кіріспе

    • ІІ.Негізгі бөлім:

    • 1.”Танысу”

    • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

    • 3.”Ата аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын

    • 4.”Қызықты сұрақтар ойыны,”

    • 5.Жаттығу “ Күн шуағы”


    І. Кіріспе бөлім:

    - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

    Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны –

    балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық

    «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

    Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

    А.С.Макаренко

    ІІ.Негізгі бөлім

    1.“Мен үшін қымбат..”


    • 2.“Бала деген кім?”

    • туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады

    Жүректен шыққан жақсы сөз
    Ғалымдардың айтуынша,

    баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –

    бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
    Ата-аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын

    1. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру

    1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
      «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
      «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
      2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
      — егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
      — егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
      3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
      — егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
      — егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
      — егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз

    2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
      1. Балаңыздың туған күні?
      2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
      3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
      4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
      5. Балаңыздың досы кім?
      6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
      7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
      8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
      9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

    10. Балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттерін атаңыз?
    “Тілек шырағданы”

    Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,

    жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
    Ой-толғаныс

    Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.

    Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

    «Балауса» бөбекжай балабақшасы


    «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»

    Ата –аналарға арналған тренинг


    Педагог-психолог: Абдикаримова Б.

    Тереңөзек 2019жыл

    1.Балаңыздың туған күні?

    2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?

    3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

    4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

    5. Балаңыздың досы кім?

    6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

    7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?

    8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
    9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

    10. Балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттерін атаңыз?


    написать администратору сайта