Анатомия. 3 сабақ 2 нұсқа. Анатомия кафедрасы
Скачать 0.92 Mb.
|
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы:Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы артериялары: топографиясы, проекциясы, тармақтары, қандандыру аймақтары. Бұғанаасты артериясы: топографиясы, проекциясы, тармақтары, қандандыру аймақтары. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Сыртқы, алдыңғы, ішкі мойындырық веналар, бұғанаасты венасы: топографиясы, құйылыстары. Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері. №2нұсқа 1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар(1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 3балл.Максималды 45 балл 1.Көз артериясының тармағы A) көзжас артериясы B) маңдай артериясы C) мұрындық артерия D) көзұя астылық артерия E) торлы қабықтың орталық артериясы 2. Омыртқалық артерияның тармағы A) базилярлық артерия B) алдыңғы дәнекер артерия C) мидың ортаңғы артериясы D) мидың алдыңғы артериясы E) алдыңғы бүрлі артерия 3. Шайнау бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз ететін артерия A) ішкі ұйқы B) жоғарғы жақсүйек C) жалпы ұйқы D) бұғана асты E) қолқаның жоғарылаған бөлімі 4. Мидың үлкен артериялық шеңберін құратын тамырларды көрсетіңіз: A) алдыңғы дәнекер артерия B) мидың алдыңғы артериялары C) мидың артқы артериялары D) алдыңғы бүрлі артериялар E) мидың ортаңғы артериясы 5. Көз артериясы көзұяға қай тесік арқылы өтеді: A) көзұялық жоғарғы саңылау B) көзұялық төменгі саңылау C) дөңгелек тесік D) көру өзегі E) сопақ тесік 6. Бет артериясының орналасқан жерін көрсетіңіз: A) шайнау бұлшықетінің алдында B) тіласты-тіл бұлшықетінің ішінде C) төменгі жақсүйекасты бездің ішінде D) ұйқы үшбұрышында E) мойындырық тілікте 7. Алдыңғы дәнекер артерия қай артерияларды қосады: A) мидың алдыңғы және ортаңғы артерияларын B) мидың ортаңғы және артқы затын C) мидың оң және сол жақ алдыңғы артерияларын D) оң және сол жақ ішкі артерияларды E) мидыңортаңғы және алдыңғы артерияларын 8.Бұғана асты артериясы орналасқан: алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер аралығындағы кеңістікте ортаңғы және артқы сатылы бұлшықеттер аралығындағы кеңістікте 1-ші қабырғадағы аттас жүлгеде 1-ші қабырға астында ІІ-ші қабырға астында 9.Бұғана асты артериясынан саты аралық кеңістікке дейін бөлініп шығатын артерия: мойынның көлденең артериясы қабырға-мойын сабауы қалқанша-мойын сабауы кеуделік ішкі артерия омыртқа артериясы 10.Саты аралық кеңістіктегі бұғанасты артериясының тармақтары: беткей мойын артериясы бұғана асты артериясы қабырға-мойын сабауы қалқанша-мойын сабауы кеуделік ішкі артерия 11.Қалқанша-мойын сабауының тармақтары: жауырын үстi артериясы мойынның беткей артериясы қалқаншалық төменгi артерия мойынның жоғарылаған артериясы д) қалқаншалық жоғарғы артерия 12. Омыртқа артериясының тармақтары: a. spinalis anterior a. spinalis posterior мидың ортаңғы артериясы мидың алдыңғы артериясы а. choroidea 13.Базилярлық артерияның соңғы тармағы: мидың ортаңғы артериясы мидың артқы артериясы мишық артериясы ми артериялары мидың алдыңғы артериялары 14. Мидың артериялық шеңберiн түзетiн артериялар: алдыңғы дәнекер аретрия мидың алдыңғы артериясы мидың артқы артериясы алдыңғы бүрлiк артериялар жұлынның алдыңғы артериясы 15.Бұғанаасты артериясының саты аралық кеңiстiктен шыққаннан кейiнгi тармақтары: мойынның көлденең артериясы қабырға- мойын сабауы бұғана үстi артериясы мойынның беткей артериясы омыртқа артериясы 2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-7 балл
3 тапсырма. Жағдайлық есептер 1 тапсырма. Ота кезінде хирург бұғанаасты артерияға қолжеткізді. Сұрақ: 1. Бұғана асты артериясының топографиясы қандай, оның бөлімдерін атаңыз. 2. Оң және сол жақ бұғанаасты артериялар қайдан шығады? 2-тапсырма Сыртқы және ішкі ұйқы артериялар арасындағы жүйелік анастомоздар қандай? Құрастырушы ассистент Оханова М.И. |