соч 8 класса 2 четверть. 8тжтб. андай стильде жазылан Стильге тн андай сздер олданылады Мысал келтірііз
Скачать 24.44 Kb.
|
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика 1-тапсырма Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән сөз қолданыстарынан мысал келтіріңіз.[10] Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов. Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады. Осыдан екi-үш жыл бұрын «КаzSat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Бiрiншiден, отандық телевизия саласы дамып, көршiлес Қытай, Монғолия елiндегi отандастарымыз тамашалай алатын едi. Сондай-ақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк, алайда оның сапары сәтсiз болды. Белгiсiз себептермен жоғалып кеттi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады. Тақырыбы: Стилі Стилге тән сөздер мен сөз тіркестері: 2-тапсырма: Дұрыс жауабын белгілеңдер:1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Суыққа шыдамады. В) Белгілі кісі. С) Жақсы оқиды. Д) Түрлі бұйымдар. Е) Қиын есеп. 2. Қайсысы сөз тіркесіне қатысты емес? А) басыңқы сөз В) бағыныңқы сөз С) есімді тіркес Д) қосарлы айқындауыш Е) етістікті тіркес 3. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Дарқан дала. В) Ғұмырнама. С) Мұзға отырғызып кету. Д) Кедей – кепшік. Е) Самал жел. 4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Абысын-ажын. В) Жастық шақтың қызығы. С) Тайға таңба басқандай Д) Бес саусақ. Е) Жасыл желек. 5. Сөз тіркесін табыңыз. А) Ашу-ыза. В) Ақ-қара. С) Тиын-тебен. Д) Әдемі қыз. Е) Жолдас-жора. 6. Еркін сөз тіркесін табыңыз. А) Жүрек жұтқан. В) Жүрегінің түгі бар. С) Жүрегі тас төбесіне шығу. Д) Жүрегі дүрсілдеу. Е) Тас жүрек. 7. Еркін сөз тіркесін табыңыз. А) қаһарынан қар жауып. В) Сағы сыну. С) Марат- қоян жүрек.. Д) Қас қаққанша. Е) Қоян жүрек.. 8. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз. А) сөйлем В) сөз С) дыбыс Д) буын Е) сөйлем мүшесі 9. Бірыңғай есім сөз тіркестерін табыңыз. А) үлкен үй, үйді көру. В) жолдасын шақыру, менің үйім. С) сабаққа дайындалу, жаттап алу. Д) сыйлық алу, үздік оқушы. Е) мөлдір су, оқуға ынталы. 10. Есімді сөз тіркесін табыңыз. А) Олимпиадаға қатысу. В) Жарыста озу. С) Жарыстың жеңімпазы. Д) сабақты түсіндіру. Е) Журналға жазу. 3-тапсырма: Жазылым 1. Берілген тақырыпқа өз ойыңызды дәлелдейтін аргументативті эссе жазыңыз. сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз, сөз тіркестерінің астын сызыңыз.[10]
|