Главная страница

Кан курамы. Қан құрамын зертханалық клиникалық заманауй зерттеу әдістері. анды зерттеуді бірнеше трлері бар жалпы клиникалы, биохимиялы жне иммунологиялы


Скачать 55.41 Kb.
Названиеанды зерттеуді бірнеше трлері бар жалпы клиникалы, биохимиялы жне иммунологиялы
АнкорКан курамы
Дата26.10.2021
Размер55.41 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚан құрамын зертханалық клиникалық заманауй зерттеу әдістері.docx
ТипДокументы
#256738

Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.



Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар:

  • жалпы клиникалық,

  • биохимиялық

  • иммунологиялық.

Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.

Қанды биохимиялық және иммунологиялық әдістер зертханада мынадай заманауй әдіспен жүреді

Қанның лейкоциттік формуласы

Лейкоциттік формула – қан жағындысындағы лейкоциттер түрлерінің пайыздық арақатынасы. Қанның лейкоциттік формуласының өзгеруі көптеген ауруларда кездеседі және көбінесе ол арнайы емес болып келеді. Дегенмен, бұл әдістің диагностикалық маңызы зор, себебі ол науқастың жағдайының ауырлығын, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі туралы мәлімет береді.

Қандағы лейкоциттердің мөлшері - сүйек кемігінен жасушалардың келу жылдамдығына және олардың тіннен шығу жылдамдығына байланысты.

Шеткі қанда лейкоциттер мөлшерінің

10,0∙109/л –ден көп болуы лейкоцитоз деп аталады,

ал 4,0∙109/л –ден төмен болуы лейкопения деп аталады.

Қандағы лейкоциттердің жеке түрлерінің жоғарылауы және төмендеуі лейкоциттердің жалпы құрамына–қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты абсолюттік немесе салыстырмалы болуы мүмкін.

Мысалы, лейкоциттердің жалпы мөлшерінің төмендеуі кезінде (2,0∙109/л) лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің көбеюі (лейкоцитарлық формуланы есептеу кезінде 60%) салыстырмалы лимфоцитозды білдіреді, себебі осы жасушалардың абсолюттік саны қалыпты тербеліске сәйкес (1,2∙109/л) болып табылады. Лейкоциттердің әр түрлерінің пайыздық қатынасы лейкоцитарлык формула деп аталынады.

Қанды зерттеу әдістері:

NB! жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.
Қанның жалпы анализі
Қанның биохимиялық анализі

Қан ұю жүйесін зерттеу
Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін
зерттеу



Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады.

Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын
бағалайды: эритроциттердің саны мен оның
құрамындағы гемолабин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды



Қан алу.
Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор – инелермен алу міндетті. Спиртпен , кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі.
Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп
тастайды.

Гемоглобин.
Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз).
Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі
грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.
Гемоглобин жоғарылау себебі:
Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы,
қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);
Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;
Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;
Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)
Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);


Эритроциттер

Эритроциттер төмендеу себебі:

Эритроциттер сананың төмендеуі анемия деп аталады.

Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес.

Себептері:
Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам);
Қан жоғалту;
Лейкоздар;

Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)
NB!
Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.

Лейкоциттер
Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар
иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция,
токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер
сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі
қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді.
Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер,
базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы
сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты
ажыратылады.
Лейкоциттердің жоғарылау себептері:
1.Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау:


Тағам қабылдаудан кейін;

Белсенді физикалық жүктемеден кейін;
Жүктіліктің екінші жартысында;


Егу жасалғаннан кейін;

Етеккір кезінде;
2.Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық):


Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар;

Операциядан кейін;
Ревматизмнің асқыну кезінде;


Онкологиялық аурулар кезінде;
Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);


Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.
Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.
Гематокрит жоғарылау себептері:

Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет)
Гематокрит төмендеу себебі:


Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы.



Лейкоцитарлы формула
Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды.
Нейтрофилдер
Сегментоядролы форма 47-72%


Таяқшаядролы форма 1- 6%
Эозинофил 0,5-5%
Базофил 0-1%
Моноциттер 3-11%

Лимфоциттер 19-37%

Лейкоцитарлы формуланың оңға немесе солға ығысуы деген не?

Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы қалыпты жағдайда тек сүйек кемігінде
болатын жас, жетілмеген нейтрофилдердің қанда
пайда болуы және мөлшерінің көбеюін айтады. Мұндай жағдай жеңіл және ауыр түрдегі инфекциялық аурулар кезінде, қабыну аурулары кезінде (ангина, малярия, аппендицит), сонымен қатар қан жоғалту кезінде, дифтерия, пневмония, скарлатина, сепсис және интоксикация кезінде байқалады.
Лейкоцитарлы формуланың оңға жылжуы қанда кәрі, яғни сегментоядролы нейтрофильдердің көбеюін атайды. Мұндай көрініс радиациялық фоны жоғары
аумақта тұратын сау адамдарда байқалады. Сонымен
қатар В12 жетіспеушілік анемия, фолий қышқылының жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы аурулары бар және обструктивті бронхитпен ауыратын адамдарда кездеседі.



Эритроциттер тұну жылдамдығы ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) қанның плазмаға және эритроциттерге бөліну жылдамдығын анықтайтын лабараторлы анализ.
Кейбір қазақ тілді материалдарда орысша СОЭ сөзін ЭТЖ (эритроциттер тұну жылдамдығы), ал басқа жерде ЭШЖ деп (эритроциттер шөгу жылдамдығы) деп аударады.


Зерттеу мақсаты: эритроциттер плазмадан және лейкоциттерден қарағанда ауыр болып келеді, сондықтан жердің тартылыс күшінен олар пробирка түбіне түседі. Сау адамдарда эритроциттер мембранасы теріс зарядта болып, бір бірінен тебіледі (алшақтайды). Бұл олардың тұну жылдамдығын баяулата түседі.Бірақ кейбір ауруларда қанда келесідей
өзгерістер туындайды: Фибриноген мөлшері көбейеді. Сонымен қатар альфа- және гамма-глобулин және С-реактивті белок жоғарылайды. Бұлар эритроциттер бетіне жабысып, олардың салмағы жоғарылауына алып келеді. Альбумин концентрациясы төмендеу. Мұндай жағдайда эритроциттер жабысуына кедергі туады. Қанның электролиттік балансы
жоғарылайды. Соның әсерінен эритроциттер заряды өзгеріп, олар бір бірінен тебілмейтін болады. Осындай өзгерістер нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктері бір бірімен жабысады. Біріккен және ауырлаған эритроциттер пробирка түбіне жылдам түсетін болады. Нәтижесінде ЭТЖ (Эритроциттердің тұну жылдамдығы) жоғарылайды.


Радиоизотоптық зерттеу
Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың
өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен
немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен
белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады.
Цитохимиялық әдіспен
лейкоциттерді
зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады.
Науқатардың
қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны,
сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды.
Цитогенетикалық
зерттеу әдісімен клеткалардың хромосомасының морфологиялық
немесе сандық ауытқуларын табады.


Лимфа түйіндерінің УДЗ
УДЗ зерттеу 10-40 минут өтеді.
Мойындық лимфа түйіндерін зерттеу– фарингит,
тонзиллит, ларингит, ангинаны анықтай аламыз;


Шап аймағының түйіндерін УДЗ зерттеуі – шап аймағында қатаю, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, аяқ ісінулерінде өткізіледі.
Қолтық асты түйіндері – қолтық астында ауырсынуларда, қатаюлар пайда болғанда, бас ауыру кезінде өткізеді.
Перифериялық лифатүйіндері–перифериялық лимфатүйіндерінің ұлғаюы кезінде қабынуларда, онкологиялық аурулард тексеріледі. Лимфа түйіндерінің УДЗ зерттеуі кезінде дәрігер түйіндердің локализациясын, санын, пішінін, структурасын қарайды. Көлемі жасқа байланысты 5 до 50 мм дейін өзгереді.Формасы қасында орналасқанмүшелерге байланысты болады.


Формасы әртүрлі болуы мүмкін:
доңгелек, сопақша, кәрілік кезде лента тәрізді болуы мүмкін.




написать администратору сайта