Главная страница
Навигация по странице:

  • Зерттеудің ғылыми болжамы

  • Екінші кезең

  • Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды

  • І. Кіріспе 1.1 Ортау ауылы туралы жалпы мәлімет.

  • Топырағы және өсімдіктері.

  • КАРЛАГ бөлімшесі туралы қысқаша.

  • Ғылыми жоба. ғылыми жоба. Аннотация ылыми жобаа тадалан таырып аясында туан лкеміз туралы ты деректермен танысты, табиата шыты. Оушы тек деректерді ізденіп ана оймай, табиата шыып денсаулыын жасартып, таза ауамен тыныстап, зіні достарына алан серімен блісті.


    Скачать 23.31 Kb.
    НазваниеАннотация ылыми жобаа тадалан таырып аясында туан лкеміз туралы ты деректермен танысты, табиата шыты. Оушы тек деректерді ізденіп ана оймай, табиата шыып денсаулыын жасартып, таза ауамен тыныстап, зіні достарына алан серімен блісті.
    АнкорҒылыми жоба
    Дата21.02.2023
    Размер23.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлағылыми жоба.docx
    ТипДокументы
    #948779

    Ортау негізгі орта мектебі

    Жоба тақырыбы:

    «Менің туған өлкем»


    Жобаны дайындаған: Серік Әнуар

    Жоба жетекшісі: Демеу А.Т

    2020-2021 оқу жылы
    Аннотация: ғылыми жобаға таңдалған тақырып аясында туған өлкеміз туралы тың деректермен таныстық, табиғатқа шықтық. Оқушы тек деректерді ізденіп қана қоймай, табиғатқа шығып денсаулығын жақсартып, таза ауамен тыныстап, өзінің достарына алған әсерімен бөлісті.
    Зерттеудің мақсаты: Ортау ауылының тарихымен, табиғатымен, өсімдік пен жануарларымен таныстырып, көпке беймәлім қырларын ашу. Туған елдің патриоты болуға, оны құрметтеуге баулу.

    Зерттеудің ғылыми болжамы: туған жерінің тарихын зерттеу, беймәлім қырларын ашу, өз елінің патриоты атану.

    Зерттеудің негізгі қасиеттері:

    Бірінші кезең: жалпы ауыл жайлы мәлімет беріп, оған сүйіспеншілікпен қарауға, патриот болуға шақыру. Ортау ауылының тарихы, өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет беру, табиғат аясына шыққан жерлерден үзінді көрсету. Ауыл табиғатына туризм саласын кіріктіру туралы пікір білдіру.

    Екінші кезең: жиналған мәліметтерді қорытып, бір тұжырымға келу.

    Үшінші кезең: Ортау ауылында туризмді дамыту туралы ұсыныс тастау.

    Зерттеу әдістері: жинау, зерттеу, талдау.

    Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:

    ауылдың шығу тарихы, өсімдік пен жануарлары туралы мәліметтер; жобаның негізгі қасиеттеріне байланысты табиғат аясына шығу, үлкендерден сұхбат алу; жиналған мәліметтер бойынша қорытынды жасау.
    Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:

    — тіл  дамыту, қоршаған  дүниемен үнемі байланыста болып, ол туралы мәліметтермен бөлісе жүру;

    — Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалану;
    І. Кіріспе

    1.1 Ортау ауылы туралы жалпы мәлімет. Ортау ауылы-Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ортау тауының етегінде орналасқан ауылдық округ. 1932-1953 жылдар аралығында бұл жерде Карлаг бөлімшесі болған. Округтың жалпы аумағы 204 мың га, ауылдың аумағы 101, 1 мың га. Ауылдың негізгі шаруашылығы-қой шаруашылығы, қосымша жылқы шаруашылығымен айналысады. Ауылда 1 орта мектеп, 1 медициналық пункт, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Округке ең жақын станса Ақадыр кенті(35км). Бүгінгі таңда округте «Шарой», «Жамсап», «Қаңтарбай», «Аманбай», «Мұқұш», «Мешіт», «Нұрмағанбет», «Әлішер», «Босаға», «Алабас», т.б шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда зейнеткерлікке шықса да, ауылдың өміріне тығыз араласып, ауыл белсендісі атанған ақсақалдарымыз бар, олар: Дошанов Демеу атамыз, Әбдіқадыров Ғарифолла атамыз, Ысқақов Өмірәлі атамыз, Мамытов Амангелді атамыз, Нұрмағанбетов Мешітбай атамыз, т.б

    Ортау – есімі Орта жүзге әйгілі Байғозы батырдың, Сарыарқаның өжет серісі Иманжүсіптің, дауылпаз ақын Сәкеннің, палуан Битабардың, ғұлама молда Шаққан қажының тағы басқа атақты тұлғалардың жастық шағын өткізген кіші отаны. Ортаудағы Қарашілікте Сәкеннің әкесі Сейфолланың қыстауы болған. Ортауға Жошы хан ордасын тіккен деген аңыз бар.
    ІІ. Негізгі бөлім.

    2.1 Климаты (ауа-райы). Ортау селолық округі қуаң аймаққа жатады. Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Ең суық температура -42, ең ыстық ауа температурасы +45 градусқа дейін барады.

    Өзен-көлдері. Ортау өңірінің жүйесін негізінен шағын көлшіктер, Құрманақа, Сұлуманақа, Жаманөзен өзендері және оның салалары құрайды. Бұл өзендер жазда жиі тартылып, суы азаяды. Ауыл шетінде екі жасанды тоған бар, оның біреуіне жаз айларында туристер келіп демалады.

    Жетіқұдық – Ортау ауылында орналасқан, тау бойымен ағатын, емдік қасиеті бар өзен. Жетіқұдық деп аталуының себебі, таудың биігінен төменге қарай құлдилай ағатын, көлемі әртүрлі құдықтардан таза судың ағуы.

    Топырағы және өсімдіктері. Ортау жеріндегі топырақ жамылғысы жұқа қабатты, қарашірігі аз, қиыршық тасты келеді. Мұндай жерлерден ауа райы қолайлы кездерде дәнді дақылдар, қант қызылшасын, көкөністер алуға болады. Нақтырақ қандай топырақтар кездесетініне тоқталсақ: сары – қоңыр түсті саздар, ұсақ қиыршықты құмдар, сұр түсті қалың саздауыттар, ұсақ түйіршікті құмдар.

    Ортау жерінің өсімдіктері Қазақстанның аласа таулық, құрғақ далалық, шөлейт өңіріне тән. Дала алқаптары жауын-шашынмен ғана қоректенеді. Далалық өсімдіктерден қара жусан, сұр жусан, құрғақ жусан, бетеге боз, арша, итмұрын, қарақат, селеу, тобылғы көп тараған. Ауыл маңында адам денсаулығына пайдалы өсімдіктер көп тараған, солардың бірі – жартас түймешетені. Ол халық медицинасында ежелден қолданылып келеді. Гүлшоғырын гепатит, ішек түйілуі, гастрит, қатерлі ісік ауруларын емдеуге пайдаланылады. Тау көлемінде осыған ұқсас пайдалы өсімдіктердің 62 тұқымдастыққа жататын эфирлі-майлы 91 түрі және 155 тұқымдастыққа жататын емдік қасиеті бар 207 түрі бар екені анықталған.

    Жануарлар дүниесі.

    Ортау жерін аңдардан арқар, қасқыр, түлкі, қарсақ, сасықкүзен, борсық, қоян мекендейді. Сілеусін мен елік сирек кездеседі. Кейінгі жылдары киіктердің саны күрт азайып кеткен. Дала алқаптарында суыр, секіргіш қосаяқ, үлкен қосаяқ, сарышұнақтар және т.б кемірушілер мекендейді. Тау ішінде қызыл кітапқа енген жабайы мысық – сабаншы бар.

    Виктор фон Герннің ертеректе Ортауды аюлар мекендеген деген жазбалары бар. Бұл дерекке сенуге болар, өйткені көршілес Ақтаудан 1947 жылы геологтар аю атып алған.

    Құстардан жиі кездесетіні: сұр шіл, бөденелер, шымшықтар, бозторғайлар, қараторғайлар. Жыртқыш құстардан: қарақұс, жапалақ, қаз-үйректер, шағала, балықшы, аққулар және бүркіттер тіршілік етеді.

    Жорғалаушылардан сұр жыландар, секіргіш кесірткелер мекен етеді. Өзен жағалауларында жасыл құрбақалар өмір сүреді.

    Қарағандыдағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің 2013 жылғы 1 тоқсанындағы санағы бойынша, Ортау тауларында 43 арқар, 21 елік, 28 қасқыр, 37 түлкі, 80 қоян, 47 қарсақ, 432 құр мен 214 шіл тізімге алынған.

    Тағы бір қызық дерек: Ортау тауларын жабайы адам мекендейді деген аңыз бар. Сенуге қиын болғанымен, интернетте жарияланып кеткен журналист Константин Миляевтың шағын әңгімесінен көруге болады. Бірақ бұл дәлелденбеген жәй ғана әңгіме.

    2.2 КАРЛАГ бөлімшесі туралы қысқаша. КАРЛАГ (Қарағандының еңбекпен түзеу лагері) 1930 жылға мамыр айындағы қаулысы арқылы ашылды. Карлаг тұтқындары барактарды, мал қораларын, күзетшілерге, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Карлаг бөлімшесінде ұрылар, қарақшылар, аса ауыр қылмыс жасағандар отырды.
    ІІІ. Қорытынды.

    3.1 Менің туған өлкем...

    ...Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған,

    Ұйпалақтап қып қызыл түлкіңді алғам.

    Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктіңкөлі,

    Бір-бір ұштың көзімнен, дүние жалған.

    Иманжүсіп Құтпанұлы

    Сөз жоқ, менің ауылым ерекше ықыласқа лайық, тарихымызға қосқан үлесі зор, тағдырдан алған тағылымы мол жоралы жұрт, жарастықтың мекені. Басқасын былай қойғанда, елдік еркін тірліктің ең соңғы бұлқынысы Кенесары көтерілісінің бір ұшқыны осында болған. Оған Кенесары асуы, Дуан, Ақтау қорғаны сияқты жер атаулары нақты куә, мұнда аңызға бергісіз әңгімелер көп. Ортау өңірі адамзаттың сұңқары, сұлу Сәкеннің кіндік қаны тамған киелі жер екенімен де ерекше мәртебелі, мерейлі. Сондай-ақ халқымыздың маңдайына басылған қара таңба Карлагтың бір бөлімшесі болғаны жөніндегі тарих та – шерлі шежіре. Әлі күнге дейін қолтаңбасы, көріністері кеңінен сақталған. Бұл жерде небір қабырғалы би-шешендер елдік жайында сөз толғаған, небір батыр-бағландар ерлік шежіресін жазған, небір абыз ақсақалдар, атпал азазматтар елдің ертеңі, өскелең ұрпақтың келешегі үшін жар құлағы жастық көрмей қызмет жасаған, халық шаруашылығының, елдің рухани-мәдени өмірінің небір майталмандары еңбек еткен. Бұл күнде Ортау жері – бірнеше буын ұрпақ өкілдерінің ат байлар атамекені, ардақ тұтар қасиетті қонысы.


    написать администратору сайта