Главная страница
Навигация по странице:

  • Асан ОМАРОВ, Абайтанушы, тарихшы ғалым, журналист

  • Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі

  • абай. тур. Апарат дереккз


    Скачать 32.31 Kb.
    НазваниеАпарат дереккз
    Дата11.05.2023
    Размер32.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатур.docx
    ТипДокументы
    #1123239

    Құнанбай 1804 жылы туған. Құнанбайдың анасы Зере мінезі жұмсақ кісі болған. Ел билеп, аға сұлтан болған шағында Құнанбай әкесінен өтімдірек болған деседі. 

    Құнанбай 41 жасқа келгенде Абай дүниеге келген. Ақынның анасы Ұлжан Құнанбайдың екінші әйелі болған. Бәйбішесі Күнкеден Құдайберді дүниеге келсе, Ұлжан Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан есімді балаларды өмірге алып келген. Үшінші әйелі Айғыздан Қалиолла, Ысмағұл, Кәмшәт деген балалары болған. Төртінші әйелі — Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

    Ақпарат дереккөз Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген. Бірақ, қазақтың бас ақынының туған күні әр деректерде әртүрлі беріледі. Оның туған күні юлиан күнтізбесі бойынша 29 шілде болса, григориан күнтізбесі бойынша 10 тамыз деп көрсетілген. Абайдың шын есімі –Ибрахим, бірақ әжесі Зере еркелетіп Абай деп атап кеткен. Абай Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келді. Ол Шыңғыс тауын жайлаған атақты Тобықты руынан Ырғызбайдан тараған. Әкесінің есімі Құнанбай, атасы Өскембай, арғы атасы Ырғызбай. Құнанбай өз заманында атақты, беделді ақсүйетердің бірі болды. 19 ғасырдың соңында Құнанбай патша үкіметінің сайлауымен Қарқаралы ауданының аға сұлтаны болып бекітілді. Абайдың анасының есімі Ұлжан, ал әжесі Зере. Абай ауыл молдасының қолында оқып жүріп, кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

    Балалық шақта үйде ауыл молдасынан басталған тәрбие Семейдегі Ахмет-Риза молданың медресесінде жалғасты. Онда араб, парсы және басқа шығыс тілдері оқытылды. Сонымен қатар, Абай орыс мектебіне де барды. Бес жылдық оқу аяқталарда ол өлең жазуды бастайды. 13 жасынан бастап әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару ісіне баулиды. 28 жасында Абай ел ісіне араласудан бас тартып, өзін тәрбиелеп, ғылым-біліммен айналысады. Бірақ, ол тек 40 жасынан бастап ересектерге арналған алғашқы өлеңдерін жаза бастайды. Абай үшін маңызды оқиға саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылып келген Е. П. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросспен арасу болды.

    Ол Тарту қаласына жер аударылып, кейіннен Семейге ауыстырылған статистика басқармасында жұмыс істейтін Михаэлиспен танысып, дос болды. Михаэлистің ғылыми ағартушылық қызметі тікелей Қазақстанмен байласысты болған. Абай мен Михаэлистің таныстығы Семейдің қоғамдық кітапханасынан басталды. Олар, сол сәттен бастап бірнеше жыл қатарынан тығыз араласты.

    Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға шығыс ақындары мен ғалымдары ықпал етті. Ол гуманистік идея ұстанған Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина сияқты ғалымдардың, сондай-ақ ресейлік классиктердің шығармаларын және тұтастай еуропалық әдебиеттерді көп оқыды. Ол Крылов, Лермонтов, Пушкин, Гёте және Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

    Халық әні саналатын «Қарағы түнде тау қалғып» өлеңінің тарихына тоқталсақ, ол «Горы дремлют в тёмной ночи» өлеңінің аудармасы. Гете «Ночную песню странника» өлеңін жазып, Лермонтов оны орыс тіліне аударды. Ал, жарты ғасырдан кейін Абай бұл өлеңнің мазмұнын өзінің ана тілі, қазақ тіліне аударады.

    Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына үлес қосты. Ол біраз уақыт бойы ел билеу ісіне араласып, Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болды.

    Совет әдеби сыншыларының пікірінше, Абай өз руының кейбір әдет-ғұрыптарын әжуалап, «әйелдерді құлдыққа тарту мәселесіне» қатысты сөз сөйлеп, қарсы шықты. Ол «әлеуметтік зұлымдық пен надандыққа қарсы» болды.

    Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған…» туындысынан бастаған. Ол қазақ поэзиясына мүлдем жаңа форма енгізген жаңашыл ақын. Оның «Көктем» (1890), «Жаз» (1886), «Күз» (1889), «Қыс» (1888) атты жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері бар. Ал «Масғұт» (1887) және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының сюжеті шығыс классикалық әдебиетінің мотивтеріне негізделген. Ол қазақ өлеңдеріне жаңа қыр, өлеңдер мен поэтикалық формалар енгізді. Абай 170-тен астам өлең, 56 аударма мен «Қара сөздер» және поэмалар жазды.

    Абай тек ақын емес, сондай-ақ композитор да болды. Оның бүгінгі таңда көпшілікке танымал жиырмадан астам әуенді құрды. Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңіне музыка қосылып, танымал халықтық ән болды.

    Абай үш рет неке қидырған, ең үлкен бәйбішесі Ділдаға 16 жасында үйленген. Үлкен ұлы Ақылбай Абай 17 жаста болғанда туылды. Бірақ, бала Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның тәрбиесінде болды. Ділдадан туған балалардың есімі Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан.

    Екінші рет үйленіп, сүйіп қосылған жары Әйгерімнің шын есімі – Шүкіман. Абай Әйгерімнің әнін естіп, ұнатып алған. Екеуі 1875 жылы шаңырақ көтерді. Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже есімді балалары болды. Абайдың он баласы болған. Бірақ, Абайдың әмеңгерлікпен үйленген үшінші әйелі Еркежаннан баласы жоқ.

    1868 жылы Әбдірахман есімді ұлды дүниеге келді. Әкесі оны еркелетіп «Әбіш» деп атады. Ол Түмен қаласындағы мектепті бітіріп, Санкт-Петербургте Михайловский артиллерия мектебін аяқтады. Алайда оның денсаулығы оған әскери академияға түсуге мүмкіндік бермеді. 1895 жылы Әбдірахман туберкулезден қайтыс болды. Бәйбішесі Ділдадан туған екінші ұлы Әкімбай да 7 жасында көз жұмды.

    Ал, Мағаш деп аталып кеткен үшінші ұлы Мағауия Семейде оқуын бітіріп келгеннен кейін, өз ауылына оралды. Ол әкесінің талабы бойынша өлең жазумен айнаысты. Оның ең көлемді еңбегі «Медғат-Қасым» поэмасы. Мағаш өмірінің соңғы жылдары жергілікті судья болды.

    Ал төртінші ұлы Тұрағұл 1875 жылы дүниеге келді. Тұрағұл «Алаш Орда» партиясының қоғам қайраткері, ақын және жазушы. Ол Джек Лондонның «Эскимос Киш» және «Мартин Иден», Максим Горькийдің «Челкаш», Неверовтың «Мария-большевичка», Болеслав Прустың «Антек» және тағы басқа шығармаларды қазақ тіліне аударған. Алайда, оның аудармалар сақталмаған. Ол 1934 жылы Шымкент қаласында қайтыс болды.

    Абайдың ең танымал туындысы – 45 қысқа әңгімелерден немесе философиялық трактаттан тұратын «Қара сөздері». Бұл прозалық поэмада тарих, педагогика, моральдық және этникалық қазақтардың мәселелері көтереді. Абай «Қара сөздерін» қартайған шағында жазды және олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, олардың арасында орыс, қытай, француз және басқалары.

     Күшікбай батыр ескерткіші дәл осы Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінде айтылған бейіт тұрған биіктің басында. Маңғыстаудың ақ тасынан жасалған монументте дулыға, киіз үй, қос ішекті домбыра мен аққудың бейнесі біріктірілген. Қаңқасы қалың темірмен шегенделіп, өн бойы әппақ мәрмәрмен өрілген. Биіктігі шамамен 20 метр. Ескерткіштің авторы Мәдуақас Мырзаханов. Кесенедегі батырдың бас киімі – дулығасы. Әрі найзасы, қалқаны бар. Жоғары жағында домбыраның бейнесі кескінделген. Бұған қоса қос аққудың көкке самғап бара жатқаны бейнеленген. Ол – пәктіктің белгісі. Көк аспанға мойындарын созған құстар мәңгілікке ұмтылысты аңғартады. Ондағы мақсат – қазақтың дархан даласын көрсету. Монументтің орта тұсында батырдың алып денесіндей құлпытас орын тепкен. Ал оған жанасқан найзаға сүйене 21 жасында көз жұмған Уақтың ұланын елестетеді. Бір жағын батырдың қалқаны жауып тұр.

          Асан ОМАРОВ, Абайтанушы, тарихшы ғалым, журналист: «Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» деген әңгімесіндегі Күшікбай асуында болған қайғылы оқиғаның кейіпкерлері Ғазиза мен оның әкесі Жақып жерленген зират, олар тұрған үй мен қораның орны көп ұзамай табылды. Зират пен тұрақты тапқан белгілі өнер қайраткері жерлесіміз Амангелді Жүкенов. Ең бастысы - табылған орын тұңғыш рет 1921 жылы жарық көрген шығармадағы Мұхтар Әуезов суреттеген жәйттармен тұспа-тұс келеді. Осы жайында «сүйіншілеп» мақала жазған едім. Бірақ оған назар аударған ешкім болмады. Аталмыш әңгімедегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, ұят пен намыстан, шарасыздықтан зар кешкен бейшара қазақ қызы Ғазизаның алай-дүлей боранның астында әкесінің қабірін құшақтаған күйі көз жұмғаны белгілі. Ендігі тілек - жауыздықтың жас құрбанының қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқан осы тарихи орын қоршалып, арнайы белгі қойылса».

       Күшікбай кезеңі – Семей мен Шыңғыстау арасында Абай сан рет тоқтап, басында түнеген бекет. Күшікбай асуы… Қазақтың он сегізінші ғасырдағы қасіретінің бір парасы. Еспенбет, Кеңгірбай билер заманының сарқыты. Сайын даланың төсінде қара тасты қақ жарып аққан Күшікбай бұлағына аялдап, шөлін басатындар көп еді. Басына тәу етіп өтетіндер де ешқашан  толастаған емес. Өйткені, Күшікбайдың басындағы бұлақ суы қысы-жазы мүлдем қатпайтын. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұлақ суының құрамында дертке шипа күміс бар көрінеді. Баһадүр батыр жүріп өткен төбеде әлі талай тарихтың тұнып тұрғаны рас.

    Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі — Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрілідегі Әуез әулеті қыстауында орналасқан тарихи және мәдени мекеме. Мұражай жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңында (1987, қыркүйек) ашылған. ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүз. ауқымда аталып өткен ұлы жазушының туғанына 100 жыл толу салтанаты алдында (1997, қыркүйек) мұражайда қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді.[1]

    Экспозициясы

    Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

    1. Әуез бөлмесі;

    2. Мұхтардың балалық, жастық шағы;

    3. Анасының бөлмесі;

    4. «Абай жолы» романы;

    5. Мұхтар отбасы;

    6. Мұхтар шет елдерде;

    7. Мұхтар туған жерінде соңғы рет;

    8. Сыйлықтар залы.

    Барлығы 1000-ға жуық экспонат бар. Оның 610-ы негізгі қорда. Мұнда жазушының өмірі мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, қызықтаумен бірге, ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді де тамашалауға болады.

    Мұражай аумағында Омархан мен НұржамалдыңАқылбайдыңӘйгерім мен Ділдәнің кесенелері бар.

    Бөрілі жер өңірі және елді мекеннің байырғы атаулар аты. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бері Абай мен Әуез арасындағы келісім-ұйғарыммен Әуез әулетіне қараған. Абай заманынан бері Әуез әулетінің ата қоныс-қыстауы. Шыңғыстағы Қызылшоқыдан көшіп келіп орналасқан. Бөрілі қаладан 82 шақырымда Семей-Қарауыл тас жолының шығыс жағында төрт шақырым қашықтықта. Жол бұрылысының музей-үйге бағыттамалық белгі-ескерткіштен (ашулы кітап кескін үлгісіндегі) басталады. 1987 жылы қыркүйекте облыстық тарих-өлкетану музейінің бөлімі ретінде ресми түрде музей болып ашылды. 1987 жылы желтоқсан айының 25-де ҚазССР Мәдениет министрлігінің № 411 бұйрығымен Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінің қарамағына берілді. Мұхтар Әуезовтің 80, 90, 100 жыл толған мерей тойлары кездерінде қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді ғимараттың бұрынғы нұсқа нобайы толық сақталған. 1997 жылы музей-үйі қайта жабдықталып, ішкі әлемі қайта жаңғыртылды. Жылу жүйесі бөлмесі орнынан Әуез бөлмесі жаңадан жасалды. Мұхтар Әуезовтің музей-үйі 13,2 х 22,3 көлемінде және биіктігі 3,5 метр, бір қабатты кірпіштен салынған. Ғимарат 8 бөлмеден тұрады. Музейдің аумағы 120,0 х 138,0 метр және темір шарбақпен қоршалған, көгалдандырылған.

    Музей-үйге 2015 жылы «Қазқайтажаңғырту» РМКҚ тарапынан күрделі жөндеу, 2020 жылы күрделі ғылыми-реставрациялық жұмыстары жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген.

    Жазушының 125 жылдығын атап өту жөніндегі республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылған.

    Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. 

    Жидебай қорығындағы Абайдың музей-үй ғимараты – ХІХ ғасырдың соңында салынған тарих және мәдениет ескерткіші. Құнанбай әулетінің 1840 жылдардан бастап мекендеген қыстауы. Кейіннен қыстауға Абайдың інісі Оспан ие болды. Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстауға Абай келіп қоныстанады. Ол ұлы ақын ойшылдың өмірінің соңғы он жылына куә асыл мұра. 1895 жылы ақын өз жоспары бойынша үйді қайтадан салғызады.

    1945 жылы Абайдың туғанына 100 толуына орай қыстақ музей-үй болып ұйымдастырылған. Музей 1971 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеуден өткізілді. 1976 жылы 30 қарашада Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінің балансына берілді.

    Ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген.

    Абай Құнанбайұлы 1904 жылдың 23 маусымында Шыңғыстағы Балшақпақ жайлауында дүниеден өткен. Ұлы ақын сүйегі осы Жидебайдағы Оспан бейітіндегі зираты қасына жерленді. Зираттар ұлы ақынның 150 жылдық шаралары жоспарына сәйкес мавзолейлік үлгі жобасында жасалып, қазіргі қос мұнаралы «Абай-Шәкәрім» мавзолейлер кешені ғимаратына айналды. Кешенді салуға республикалық байқау жүргізілді. 1991 жылы 19 наурызда республикалық жабық конкурстың комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен жобаларды қарап, жеңімпаздарды анықтады. Олар халықаралық конкурстардың лауреаты архитектур Бек Ибраев басшылық ететін авторлық топ болып шықты. Мемориалды кешеннің құрылысы 1993 жылы наурыз айында басталды. Қазақтардың космогониялық дәстүрлі ұстанымдары Мемориал тұжырымдамасының негізі болып қабылданды. Аталған концепция бойынша бұрыштарын көк аспан тіреп тұратын, жердің төрт тұғыры болады, ал көк төбе ортасы аспан мен жерді байланыстырған әлемдік ағаш бәйтерекпен аяқталған. Жер табанынан бес метрлік биіктегі мавзолей алаңының ені 65 м., ұзындығы – 200 м. Қос арыстың қабірлерінің аралығы – 140 м. Қабірлердің үстінен өрілген екі мұнараның іргесі үш белдем түзеген бетон тағаннан басталады. Мұнаралардың биіктігі мен аумағы екі түрлі: Абайға арналған мұнараны тұрқы – 32,5 м. Шеңберінің ені – 12 м. Шәкәрім қажының мұнарасының ұзындығы – 31,5 м., ені – 11 м.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген.

    Еліміздің рухани орталығы Семей шаһарынан қасиетті Абай жеріне баратын қасқа жолдың бойында тарихи ескерткіштер көп-ақ. Асықпай аралаған адам М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясын қайта парақтап шыққандай әсерде қалады. Соның бірі – ақ мәрмәрдан кескінделген «Еңлік-Кебек» ескерткіші.

    XVII ғасырдың II-ші жартысында қазақ жеріндегі ескіліктің құрбаны болған Матай елінің қызы Еңілік пен Тобықты руынан шыққан  Кебек атты жастарға қойылған. Ақсақалдар шешімінің билігімен қатаң жазаланған бұл екі жас бүгінгі жас ұрпаққа ерекше қастерлі. 1960 жылы Абай ауданының тұрғындары жеке қаражаттарынан кесене орнатқан. 1976 жылы осы аудан тұрғындарының өтініштерімен бүкіл кесене ақ мрамормен қапталды. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биіктігі 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында «Еңлік-Кебек» деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8-9 км жерде тағы бір ескерткіш бар. Онда: «1917 ж. 7 маусымда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды» деп жазылған.
    "Еңлік-Кебек" поэмасы - Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы. Ол  қос ғашықтың махаббатын жыр етеді. Оқиға Найман мен Тобықты арасында бітіспес дау орын алған уақытта болған еді.
    Тобықты руының қос басшысы Тоқтамыс деген кісі болады. Оның артынан ерген Кебек есімді інісі бар. 15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейілдігімен танымал болған Кебек аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барып, бал ашуын сұрайды. Қобызын сарнатып, қалшылдап-дірілдеп Кебектің болашағын болжаған Нысан абыз жігітке:" Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан, Батырым, ондай жанға көңіл берме", - деп ескертеді.

    Абыздың сөзін көңіліне алса да, жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді. Арада біраз уақыт өткен соң Кебек аң аулап жүріп адасып кетеді. Кешқұрым жолында кезіккен үйге кіреді. Ол Матай ауылына келген екен. Кірген үйінде кемпір-шал мен қойшы бала отырады. Және кемпір-шалдың бой жетіп отырған Еңлік есімді қызы бар еді. Ас ішіп, жөн сұрасқаннан кейін Кебек өзін таныстырады. Оның есімін естіген қыз Кебекке ұзақ қарап қалады. Ұйықтар уақыт болғанда Еңлік Кебекке өз төсегін салып береді. Кебек оны қыздың жеңілтектігіне балайды. Көз байланып, барлығы ұйқыға батқанда Еңлік Кебекті оятып, өз сырын айтады. Өзінің бір байдың баласымен атастырылғанын, оны өзіне тең көрмейтінін, атасқан жігітінің ездігі мен ынжықтығын айтады. Сырын ақтарған қыз Кебектен өзіне тең көрер болса алып қашуын өтінеді. Кебек те қызды сынап, оның ой-пиғылы таза екеніне көзі жетіп, алмаққа уағдаласады.Қыз Кебекке Тобықты мен Найман бітіскен уақытта алып қашуы керектігін айтып, оған дейін жартас маңында кездесіп жүрелік дейді. Екеуі солай уағдаласқан соң жігіт еліне аттанады. Осылайша олар 6 ай бойы кездесіп жүреді. Осы уақытта Найман мен Тобықты да бітімге келеді. Бір күні Еңлік сүйгеніне қол ұстасып, бірге қашар уақыт келгенін айтады. Ол кезде Еңліктің аяғы ауыр еді. Араға біраз уақыт сала екеуі бірге елден қашып, жартасты паналап жатады. Қыздың қашып кеткенін естіген қалың Матай оны іздей бастайды. Сұрастыра келе оның Кебекпен қашқаны белгілі болады. Матай Тобықтыға кісі салдырып, Кебекті өз қолдарымен ұстап берулерін талап етеді. Тағы да бір-біріне өшіккен екі рудың арасына бұл оқиға бітіспес дау салады. Жартаста тығылып жатқан қос ғашық ұлды болып, соны қызықтап өмір сүріп жатады.Ақыры екеуін тауып алған Найман мен Тобықты адамдары ғашықтарды өлтірмек болады. Осы тұста Еңлік өлер алдында үш тілегін орындауларын сұрайды. Алдымен Кебекпен араздастыруларын, өлтірсе бірге жерлеулерін және кінәсіз балаларын Кеңгірбай биге тапсыруын сұрайды. Көпшілік Еңліктің сұрауына рұқсатын береді. Бір-бірімен қоштасып, құшақтасқан екі жасты ашулы жұрт ат құйрығына байлап, сүйреп өлтіреді. Екеуін бірге жерлеп, бала жайлы ұмытып кете барады. Ертесіне бала естеріне түсіп, іздеп келсе оны жартас маңынан таба алмайды. Поэма осылайша аяқталады.


    написать администратору сайта