Главная страница

инф01 Жанибек Айгерим 4мөж. Апаратты жинау мен деу дістері мен ралдары


Скачать 15.31 Kb.
НазваниеАпаратты жинау мен деу дістері мен ралдары
Дата12.10.2021
Размер15.31 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаинф01 Жанибек Айгерим 4мөж.docx
ТипДокументы
#245703

№4 МӨЖ. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру процесі жоспарланған мақсатқа жетуге бағдарланған болуы керек. Мақсатқа бағдарлау басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың кәсіби басқарушылық технологияларды қолдану нәтижесінде жеткізіледі. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы – бұл ұйымның жалпы және басты мақсаттарына жету үшін басқарушының персоналға басқарушылық ықпалын жүзеге асыру дағдысы, шеберлігі және өнері. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы келесілерден тұрады:

- ақпаратты жинау мен өңдеу әдістері мен құралдары;

- персоналға тиімді ықпал ету тәсілдері;

- ұйым мен басқарудың қағидалары, заңдары мен заңдылықтары;

- бақылау жүйелері.

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары құрамына басқарушылық шешімдерді әзірлеудің мақсаттық технологиялары және процессорлық технологиялар кіреді. Процессорлық технологиялар мақсаттық технологияларға қызмет етеді, мақсаттық технологияларға қатысты олар құралдар болып табылады. Мақсаттық технологиялар ынталылық-мақсаттық, бағдарламалық-мақсаттық және регламенттік технологиялардан тұрады. Мақсаттық технология – бұл мақсаттардың жағдайлардан басымдығына негізделген технология. Мақсаттық технология шешімді қоздыратын ықпалдарды жоюға емес, мақсатқа жетуге бағдарлайды.

Мақсаттық технологияның негізгі пәні мақсат болып табылады. Ұйым мақсаты – бұл ұйым үшін тіленген және мүмкін, қоғам үшін қажетті және қолайлы процесс (құбылыс). Процесс ретінде мақсат ұйымда қабылданған даму тенденциясын көрсетеді. Құбылыс ретінде мақсат қандай да өнімді жасаудың соңғы сатысын анықтайды.

Мақсат аса ұсақ мақсаттарға (мақсаттар иерархиясы) бөлінуі мүмкін, әрбір мақсат екі міндеттен кем емес қалыптастыруы керек.

Мақсаттық технологияны іске асыру кезінде ортақ және пропорционалдық авторлықты бөліп көрсетуге болады. Ортақ авторлық – бұл нәтижелер мен тапсырмаларды орындаудың барлық бағдарламасына басшылар мен орындаушылардың тең құқығы. Пропорционалдық авторлық – бұл бағдарламаға қатысқандар барлық қатысушыларының шығындары (материалдық, интеллектуалды және т.б.) қатынастарымен анықталатын барлық бағдарлама мен тапсырма нәтижелеріне немесе олардың бөлігіне құқығы.




написать администратору сайта