Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау

  • ктп. 1-ші сабақ Ақпараттың өлшем бірліктері. А.А. Апаратты лшеу жне компьютер жады (информатика, 7сынып) Педагогті атыжні


    Скачать 17.01 Kb.
    НазваниеАпаратты лшеу жне компьютер жады (информатика, 7сынып) Педагогті атыжні
    Дата13.10.2022
    Размер17.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сабақ Ақпараттың өлшем бірліктері. А.А.docx
    ТипДокументы
    #732883

    ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

    Бөлім:

    Ақпаратты өлшеу және компьютер жады (информатика, 7-сынып)

    Педагогтің аты-жөні

    Кубегенова Д. Б. Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

    Күні:

    01.09.2022 ж

    Сынып:

    7

    Сабақтың тақырыбы

    Ақпараттың өлшем бірліктері

    Оқу мақсаты:

    7.2.2.1 ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту

    Сабақтың мақсаты:

    – Ақпараттың өлшем бірліктерін жіктейді;

    – Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдануды меңгереді.



    Сабақтың кезеңі

    Мұғалім іс-әрекеті

    Оқушы іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Ұйымдастыру

    Тақырып: Ақпараттың өлшем бірліктері

    Сабақтың мақсатымен таныстыру.

    – Ақпараттың өлшем бірліктерін жіктейді;

    – Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдануды меңгереді.

    Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу




    Презентация (1-3 слайдтар)

    Жаңа сабақ

    Жаңа сабақты түсіндіру

    Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, санды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріпті, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды, ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады.
       ​Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін, әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигнал болғанда 1, ал сигнал болмағанда 0 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді.
       ​Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады.
      ​Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, «Ақпарат» сөзі 7 байтты құрайды.

    Жаңа тақырыпты меңгеру




    Презентация (4-8 слайдтар)

    Практикум

       ​1. Кітапта 300 бет және әр беті 60 символдан тұратын 45 жол бар.
       ​2. Асхатта көлемі 8 Гб флэш-жад бар. Асхат флэш-жадта әр бетінде 50 қатар, әр жолында 40 символы бар 400 беттік қанша электронды кітап сақтай алады? (1 символ =1 байт.)
       3. ​Жедел жадтың көлемі 512 Мб, ал қатқыл диск көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан қанша есе артық екенін есепте.
       4. ​5 Мб ақпаратты 64 Кб/с жылдам-дықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?

    Ал 5 Гб үшін қанша уақыт кетеді?

    Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру

    Бағалау критерийлерін ұсыну

    Презентация (9- слайд)

    Бекіту

    Тақырыпты меңгергенін анықтау

    Тапсырма.

    Ақпараттық өлшем бірліктерді дұрыс есептеп жаз

       1 бит = ___ немесе ___

       10 байт = ___ бит
       15 килобайт (Кб) = ___ байт
       1 мегабайт (Мб) = ___ Кб
       1 гигабайт (Гб) = ___ Мб
       1 терабайт (Тб) = ___ Гб
       1 петабайт (Пб) = ___ Тб
       1 эксабайт (Эб) = ___ Пб
       1 зеттабайт = ___ Эб
       1 йоттабайт = ___ Зб
    Бекіту сұрақтары

    №1. Ақпараттың өлшем бірліктері дегеніміз не?

    №2. Символ дегеніміз ... сөйлемді жалғастырыңыз

    №3. Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігін қалай атаймыз?

    Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

    Бағалау критерийлерін ұсыну

    Презентация (11-13 слайдтар)

    Қорытынды

    Сабақты қорытындылау, рефлексия







    Презентация (14 слайд)


    написать администратору сайта