Сабақтың кезеңі
| Мұғалім іс-әрекеті
| Оқушы іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру
| Тақырып: Ақпараттың өлшем бірліктері
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
– Ақпараттың өлшем бірліктерін жіктейді;
– Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдануды меңгереді.
| Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу
|
| Презентация (1-3 слайдтар)
|
Жаңа сабақ
| Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, санды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріпті, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды, ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін, әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигнал болғанда 1, ал сигнал болмағанда 0 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді. Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, «Ақпарат» сөзі 7 байтты құрайды.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
| Презентация (4-8 слайдтар)
|
Практикум
| 1. Кітапта 300 бет және әр беті 60 символдан тұратын 45 жол бар. 2. Асхатта көлемі 8 Гб флэш-жад бар. Асхат флэш-жадта әр бетінде 50 қатар, әр жолында 40 символы бар 400 беттік қанша электронды кітап сақтай алады? (1 символ =1 байт.) 3. Жедел жадтың көлемі 512 Мб, ал қатқыл диск көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан қанша есе артық екенін есепте. 4. 5 Мб ақпаратты 64 Кб/с жылдам-дықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?
Ал 5 Гб үшін қанша уақыт кетеді?
| Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| Презентация (9- слайд)
|
Бекіту
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
Тапсырма.
Ақпараттық өлшем бірліктерді дұрыс есептеп жаз
1 бит = ___ немесе ___
10 байт = ___ бит 15 килобайт (Кб) = ___ байт 1 мегабайт (Мб) = ___ Кб 1 гигабайт (Гб) = ___ Мб 1 терабайт (Тб) = ___ Гб 1 петабайт (Пб) = ___ Тб 1 эксабайт (Эб) = ___ Пб 1 зеттабайт = ___ Эб 1 йоттабайт = ___ Зб Бекіту сұрақтары
№1. Ақпараттың өлшем бірліктері дегеніміз не?
№2. Символ дегеніміз ... сөйлемді жалғастырыңыз
№3. Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігін қалай атаймыз?
| Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| Презентация (11-13 слайдтар)
|
Қорытынды
| Сабақты қорытындылау, рефлексия
|
|
| Презентация (14 слайд)
|