Сабақтың ортасы
| Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:
Ақпаратты кодтаудың мәтіндік түрінде әріптер мен символдар сол мәтін жазылған алфавиттің символдарымен кодталады. Ақпаратты кодтаудың сандық түрінде сандық ақпарат кодталады. Ақпаратты кодтаудың графикалық түрінде ақпарат суреттермен, кескіндермен кодталады.
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0 және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11) кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады.
Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады. Көрсетілім. Оқулық §6, 27-бет , 3-кесте
ASCII коды кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр.
ASCII кодтау кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128 символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған.
Баламалы бөліктегі 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа) берілген.
Бүгінгі таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте, иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды. Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен 65536 символды кодтауға болады. Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Декодтау»әдісі
Оқулық §,6 ,29-бет, талдап салыстырайық Дескриптор:
-декодтау орындайды;
-декодталған терминдерді қазақ және орыс тіліндегі аудармасын табады. ҚБ: стикер / 6 балл/ Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Берілген сөздерді ASCII кестесін пайдаланып, екілік кодпен кодта.
informatika, bit, binary coding Дескриптор:
- берілген сөздерді екілік кодпен жазады. ҚБ: стикер /2балл/ 3-тапсырма.
Берілген сөздердің қанша байт және биттен түратынын анықтандар.
informatika, bit, binary coding Дескриптор:
-берілген сөздердің қанша байт және биттен тұратынын анықтайды.
ҚБ: стикер /2балл/
| Мұғалімді тыңдайды
ASCII коды кестесімен танысады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
Стикер
6 балл
Стикер
2 балл
Стикер
2 балл
|
ASCII коды кестесі
Оқулық
Карточка
Карточка
|