Главная страница

Документ. апластикалы анемия


Скачать 34.36 Kb.
Названиеапластикалы анемия
Дата17.10.2022
Размер34.36 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент.docx
ТипДокументы
#737593

ауқас  25 жаста,  әлсіздікке, жатырдан қан кетуіне,  терісінің қанталауына, t=38,7 шағымданады. Гемограммада сүйек миында жасушалар аз, май тіндері басымырақ. Геммограмадағы өзгерістер  қай патологияны көрсетеді://

+апластикалық  анемия//

геморрагиялық  васкулит//

тромбоцитопения//

Рандю-Ослер ауруы//

созылмалы  лимфолейкоз

***

 

Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмониямен науқаста жалпы қанын зерттегенде   Нв–120 г/л, эр – 4,2х1012 /л, лейк–22х109/л, эоз – 5, баз – 1, метамиелоцит  4%,  т/я – 14%, с/я– 54%, лимф – 19%, моноцит–3%, тр–200 х109/л, ЭТЖ – 36 мм/сағ. Бұндай анализді қалай талқылайсыз://

+лейкемоидты  реакцияның көрінісі//

созылмалы  миелолейкоз//

созылмалы  лимфолейкоз//

жедел  лейкоз//

идиопатиялық  миелофиброз

***

 

Науқас  32  жаста,  әлсіздікке,  «көгерулердің» пайда болуына,  тістің қызыл иектерінің қанауына, тамағының ауруына шағымданады.  Қарағанда -  дене қызуы 37,5;  тері жамылғысы бозарған, тері астында қан құюлар бар, лимфа түйіндері ұлғаймаған,  көк бауыры палпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-50 г/л, эр- 2,7∙109/л, лейк-1,5∙109/л, тр-18∙109/л, ЭТЖ-41 мм/сағ, формула: эоз-1%, с/я-16%, лимф-77%, моноцит-6%. Диагнозды қою үшін  қандай зерттеу тәсілін қолданған тиімді://

коагулограмма//

+миелограмма//

көк бауырды УДЗ//

ЛОР- дәрігерінің  кеңесі//

кеуде клеткасының рентгенографиясы

***

 

Жедел лейкозбен науқаста «7+3», 2 курс терапиясынан кейін  гемограммада  бластты жасушалар жоқ,   миелограммада - 10 %. Науқаста лейкоздың қай сатысы://

толық  ремиссия//

қайталану//

толық емес ремиссия//

сауығу//

+бірінші реттік  резистенттілік

***

 

65 жастағы науқас, мұрыннан қан кетуге, иық және сол сан аймағындағы теріастылық гематомаларға шағыммен түсті. Анамнезінде  5 жыл уақыт аралығында қант диабеті, артериалді гипертензия. 63 жаста – сол аяғының терең веналарының тромбозы,  бір жыл бұрын – сол жақ төменгі аяқтамалардың илиофеморальды флеботромбозы. Варфаринмен бір жыл ішінде ем қабылдап жүр. Жалпы қан анализі, коагулограмма зерттелінді.Ең мүмкін болатын зерттеу нәтижесі://

тромбоциттер деңгейінің төмендеуі//

+протромбиндік индекстің төмендеуі//

фибриноген деңгейінің төмендеуі//

тромбоциттер агрегациясының төмендеуі//

D-димер жоғарылауы

***

 

28 жасар әйел,  анамнезінде 2 босану, дәм сезуінің бұрмалануына және шаш түсуге шағымданып келген. Қанда-Нв – 72 г/л, тк. – 0,7, анизоцитоз, пойкилоцитоз, микросфероцитоз, формула ерекшеліксіз. Қанның Б/х ан. .: жал.билирубин- 18,5 ммоль/л, тік -4,5 ммоль/л, Fe сарысуда. 7,5 ммоль/л. Темір сульфатымен тәулігіне 200 мг дозада ем жүргілу басталған. Ең ерте терапияның эффективтілігін көрсететін лабораториялық көрсеткіш://

гемоглобин деңгейінің  жоғарылауы//

түстік көрсеткіштің қалпына келуі//

қандағы ферритин  деңгейінің жоғарылауы//

+ретикулоциттер мөлшерінің жоғарылауы//

сарысулық темір деңгейінің жоғарылауы

***

 

62 жастағы ер адам терлеудің   пайда  болуына әлсіздікке шағымданады. Тексеру кезінде бұғанаасты, қолтықасты лимфотүйіндері ұлғайған, консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынусыз, қозғалыстары,  аздаған спленомегалия байқалады. Қанда: гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түсті  көрсеткіштер - 1,0, ЭТЖ - 48 мм/сағ, лейкоциттер - 72 х 109/л, тромбоциттер - 110 х 109/л,  таяқшаядролы  лейкоцитарлы формулада   - 1%, сегментті ядролы - 16%, лимфоциттер - 79%, моноциттер - 4%. Қай диагноз болуы мүмкін://

+Созылмалы  лимфолейкоз//

Лейкемоидты  реакция//

Созылмалы миелолейкоз//

Жедел лимфобласты лейкоз//

Идиопатикалық   миелофиброз

***

 

Науқас А., 42 жаста, жалпы әлсіздікке, бастың айналуына, жүктеме кезіндегі ентігуге, тері жамылғыларының сарғаюына шағымданды. 2 ай бұрын ауырған, сол кезде алғаш рет жалпы әлсіздік, бастың ауруы байқалған. 1 ай өткеннен кейін жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралған. Зерттеу кезінде жалпы қан анализінде гемоглобин деңгейі 56г/л. Эритроцитарлы массаны құю, темір препараттарымен емдеу жүргізілді. Ем нәтижесінде гемоглобин до 80 г/л- ге дейін жоғарылады, бірақ 1 аптадан кейін жағдайы қайта нашарлады. Нәтижесінде дәрігерге қаралды. Зерттеу кезінде: Жалпы қан анализі: Нв 39г/л, эр.-1,3∙1012/л, ТК-0,9; лейк-8,2•109/л, формула: э-2, т-1%, с-55%, мон-5%, л-27%, ЭТЖ 35 мм/ч, тр-380•109/л.

Диагностикалық зерттеудің келесі қадамы қандай?//

сарысулық темірді зерттеу//

сүйек кемігін зерттеу//

фолий қышқылының деңгейін зерттеу//

+ретикулоциттер деңгейін зерттеу//

В12 деңгейін зерттеу

***

 

Созылмалы миелолейкоздың гемограммасындағы өзгеріске  жатады//

Боткин – Гумпрехт жасушалары//

полисегментті  ядролы нейтрофилдер//

эритроциттердің  гипохромиясы//

+базофильді- эозинофильді  ассоциация//

үш өскінді   цитопения

***

 

Созылмалы лимфолейкоздың ең жиі клиникалық синдромына   жатады//

геморрагиялық синдром//

плетора//

оссалгиялар//

гепатомегалия//

+лимфоаденопатия

***

 

Науқас  50  жаста,  әлсіздікке,  тамағында ауырлылық сезінуіне,   басының ауруына, кейде саусақ ұштарының күйдіріп ауырсынуына шағымданады. Бірнеше айдан бері ауырады. Объективті қарағанда: жоғары дене салмақты, терісі және кілегей қабаттары шие түстес,   көздің коньюктивасы қызарған, АҚҚ 210/160 мм.сн.бб. Қан анализінде  : эр- 6,5∙1012/л, Нb-200г/л, лейк-12∙109/л, эоз-3,б-1,  т/я-6, с/я-60, лимф- 25%,  м-5%. ЭТЖ-1мм/сағ, тр-450∙109/л.  Науқастың болжам диагнозы//

гипертония ауруы//

біріншілік эритроцитоз//

+эритремия//

созылмалы миелолейкоз//

шамалы эритроцитоз

***

 

Науқас К,  «7+3»  толық   2 курсын аяқтағанан кейін қарағанда шағымы жоқ.  Тыныс алуы везикулярлық. ЖЖЖ- 67  соққы. мин.  Бауыры және көк бауыры ұлғаймаған. Қан анализінде Нв-120 г/л, эр-4,2∙109/л, лейк-4∙109/л, тр-120∙109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, т/я-3%, с/я-60%, лимф-28%, моноцит- 8%. Миелограммада  4% бластты жасушалар. Емдеу көрсеткіштерін бағалаңыз//

+толық  ремиссия//

толық емес  ремиссия//

біріншілік  резистенттілік//

сауығу//

нәтиженің жоқтығы

***

 

Науқас К, «7+3»   2 курсты емдеуді аяқтағанан кейін шағымы болған жоқ.  Тыныс алуы везикулярлы. ЖЖЖ 67  соққы. мин.  Бауыры және көк бауыры ұлғаймаған.  Қан анализінде: Нв-120 г/л, эр-4,2∙109/л, лейк-4∙109/л, тр-120∙109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, т/я-3%, с/я-60%, лимф-28%, моноцит- 8%.Миолограммадағы бласттардың қандай деңгейінде толық ремиссия қоюға болады//

+4%//

8%//

12%//

15%//

20%

***

 

Науқас, 64 жаста. Көбнесе түнгі уақыттағы  тершеңдікке, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда мойын лимфа түйіндері  1 см-ге дейін үлкейген,  көк бауыры пальпацияланбайды.  Қан анализінде : Нв–90 г/л, лейк– 48∙109/л, с/я-28%, лимф-72%, тр  220∙109/л.  Rai K.  Бойынша аурудың сатысын анықтаңыз//

0 сатысы//

I сатысы //

II сатысы//

+III сатысы //

IV сатысы

***

 

83 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроциттер – 2,1*10¹²/л, MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоциттер – 4,1*10/9, тромбоциттер – 124 000, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++. Биохимиялық қан анализінде:  жалпы билирубин 35 мкмоль/л, тура билирубин – 28 мкмоль/л. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, қол саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс “лакталған”. Қандай анемия туралы ойлауға болады?//

Теміртапшылықты анемия II дәрежесі//

Теміртапшылықты анемия I дәрежесі//

Cидероахрестикалық  анемия//

+В12-тапшылықты анемия//

Апластикалық анемия

***

 

22 жастағы қызда ауыр ағымды ЖРВИ фонында сарғыштану пайда болды. Қарап тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-де: Өт қапшығында тас. ЖҚА: WBC-4.3*109/L, RBC-2.6*1012/L, HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тура емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады?//

Маркиафава-Микели ауруы//

+Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз//

Аутоиммунды гемолитикалық анемия//

Идиопатиялық гемолитикалық анемия//

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

***

Әйел адам 25  жаста, басынан өткерген вирусты инфекциядан кейін  бірінші  рет көп көлемде спонтанды тері астықан қан  құйылулары, мұрыннан қан  кету пайда  болды. Жгут симптомы, шымшу симптомдары оң. Қан  анализінде: Нв–100 г/л, тромбоцит-8х109/л. Қандай  емдеу әдісін  жүргіземіз?//

Спленэктомия//

Цитостатиктермен ем//

Тромбомасса құю//

+Кортикостероидтармен ем//

Сүйек миының трансплантациясы

***

Науқас 16 жаста, қатты  суықтағаннан  кейін есекжем пайда болды, жамбаста, аяқта, орталық  некроз орынында мономорфты симметриялық  папуллезді-геморрагиялық бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы 39°С. Бір  аптадан  соң  бел аймағының  ауруы, зәрдің  қараюы пайда  болды. Қан  анализі: лейк-18 мың. ЭТЖ-54 мм/с, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының жоғарлауы 3 рет, СИА тест-теріс. Зәр анализінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Антикоагуляциялық  терапиямен қосымша тағы  қандай  препарат  тағайындаймыз?//

+Жаңа  мұздатылған  плазма//

Диклофенак натрия//

Преднизолон//

Дезлоратадин//

Циклофосфамид

***

Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек?//

Бас миының КТ//

Бас миының МРТ//

+Люмбальды пункция//

Лимфабездерінің  пунктаттын зерттеу//

Иммунофенотиптеу мен трипонобиопсия

***

Науқас 28 жаста  созылмалы миелолейкозбен 3 жыл бойы  гливек (иматиниб) алған, науқаста осы  препаратқа  бейімделу  пайда  болды. Гливекті дазатинибке ауыстырды  (бұл препарат тирозинкиназа ингибиторлары  тобының препараты). 12 айдан соң ем   клинико-гематологиялық  ремиссияға жетті.  Иммуногенетикалық зерттеу көрсеткіші: Ph-позитивті жасуша – табылды. Терапияны  нилотинибмен  бастады. 6 айдан  соң: Ph-позитивті  жасуша – табылды. Келесі  қандай  тактика  тиімдірек?//

Комбинирленген  терапия цитозармен бірге//

Комбинирленген  терапия винкристинмен бірге//

+Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың трансплантациясы//

Қысқа әсерлі Альфа-интерферон әсер  ететін//

Сүйек миының трансплантациясы

***

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Гемофилия//

Жіті лейкоз//

Апластикалық анемия//

Рандю-Ослерауруы//

+Иммунды тромбоцитопения

***

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық;  көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді  тактика://

Қан ағызу + дезагреганттар//

Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма//

Дезагреганттар + хлорбутин//

Дезагреганттар + алкеран//

+Дезагреганттар + гепарин

***

55 жасар науқас,  басында ауыртпалық  сезіміне, бас ауруы, әлсіздік, саусақ ұштарында ашып ауыратын ауырсынулар шағымдарымен кардиологқа қаралды. Анамнезінде- 1,5 жыл бұрын миокард инфарктысы болған, 5 жыл бойы АҚ 200/100 мм.сын.бағ. дейін көтерілуін байқайды. Соңғы бірнеше айда саусақ ұштарында ашып ауыратын ауырсынуларды байқайды. Темекі шегу мерзімі  20-25 жыл, соңғы бір жыл бойы шылым шекпейді. Объективті: жоғары тамақтану, терісі мен сілемейлі қабаты шие түсті, қасаң қабықтың гиперемиясы. АҚ 210/115 мм.сын.бағ. көк бауыр шеті пальпацияланады. Қанында: эр- 6,5∙1012/л, Нв-200г/л, лейк-12∙109/л, эоз-3,б-1,  т/я-6, с/я-60, лимф- 25%,  м-5%. ЭТЖ 1мм/саә, тр-550∙109/л. Анағұрлым мүмкін болатын диагноз://

екіншілік эритроцитоз//

біріншілік эритроцитоз//

+эритремия//

созылмалы миелолейкоз//

салыстырмалы эритроцитоз

***

Науқас 15 жаста,  басының ауруына, құрғақ жөтелге, ентігуге, дене қызуының жоғарлауына шағынады. Қарағанда бұғана үсті лимфа түйіндері ұлғайып тығыздалған, ауырсынусыз, сонымен қатар көкірек  аралық лимфа түйіндері ұлғайған. Көкбауыры  сол жақ қабрға астынан 5-6 см шығыңқы. Жалпы қан анализінде: Нв-120 г/л, тромбоциттер-200х1011, лейкоциттер-70х109, бласты жасушалар – 68%, с/яд-22%, лим-5%. Миелопироксидаза теріс. Науқастағыболжамды диагнозы://

+жеделлимфобластты лейкоз//

Жеделмиелобластты лейкоз//

Созылмалылимфалейкоз//

Созылмалымиелолейкоз//

промиелоцитарлы лейкоз

***

44 жастағы әйел сарғаюға, жалпы әлсіздікке, жүрегінің қағуына, дене қызуының 37,8°С дейін жоғарылауына шағымданды. Тексергенде: шамалы спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер - 28‰, жалпы  билирубин 87 мкмоль/л, тура билирубин 15 мкмоль/л, Кумбстың сынамасы оң. Аталған препараттар тобының қайсысын тағайындаған дұрыс?//

Антибиотиктер//

+Глюкокортикоидтар//

Темір препараттары//

Урсодезоксихол қышқылы//

В12витамині//

***

Науқас  23 жаста,  әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эритроциттер-3,0 млн., гемоглобин-92 г/л, ТК 0,95, лейкоциттер-4,2 мын., тромбоциттер-192 мын, ЭТЖ-22 мм/с. Қан талдауының барынша ықтимал интерпретациясы://

жеңіл дәрежелі гипохромды анемия//

орташа ауырлық дәрежелі гипохромды анемия//

+жеңіл дәрежелі нормохромды анемия//

орташа ауырлық дәрежелі нормохромды анемия//

жеңіл дәрежелі гиперхромды анемия 

***

Науқас 62 жаста, жалпыәлсіздікке, бас айналуына, сол жақ қабырғаастыныңауырсынуынашағымайтады. Анамнезі: салқын ауа райы басталғаннан бері өзін аурумын деп санайды. Объективті: теріжәне көрінетін шырыш қабаттары боз, лимон-сары түстес. Орташагепатоспленомегалия. Жалпықанталдауы: гемоглобин-80 г/л, эритроциттер- 2,4 х1012/л, ретикулоцит-17%,  тромбоциттер - 220х109/л, лейкоциттер- 9,1х109/л, эритроциттердіңтұну жылдамдығы-28мм/сағ. Жалпынесеп талдауы – уробилин +++, Биохимиялыққанталдауы – жалпы билирубин 32 мкмоль/л, тікелей – 4,7 мкмоль/л, тікелейемес– 27,3 мкмоль/л.  «Бірінші қатардағы» барынша тиімді препарат://

Циклофосфан//

Фолий қышқылы//

Феррум лек//

+Преднизолон//

Гептрал

***

Науқас А. 19 жаста, қараған кезде спленомегалия анықталды. Гемограммада: лейкоциттер 78∙109/л; лейкоцитарлы формулада: промиелоцит 3%, миелоцит 8%, метамиелоцит 12%, таяқша ядролы нейтрофиль 21%, сегментті ядролы нейтрофиль – 41%, базофиль – 3%, эозинофиль – 6%, лимфоцит – 6%, тромбоцит – 784∙109/л, гемоглобин – 114 г/л. Сүйек миы гипержасушалы, миелокариоциттер мен мегакариоциттер саны артқан, гранулоцитарлы қатардың барлық элементтері анықталады. Зерттеудің келесі кезеңі://

Қанның иммундық зерттеуі //

+Қанның цитогенетикалық зерттеуі//

Көкбауырдың гистологиялық зерттеуі//

Сүйек миының гистологиялық зерттеуі//

Қанның цитохимиялық зерттеуі

***

Науқас 32 жаста әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағым атйтады. Анамнезінде: созылмалыгломерулонефрит 3 жыл. Объективті: тері мен сілемей қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер- 1,8 млн., гемоглобин- 59 г/л, лейкоциттер-4,2 мын., тромбоциттер-192 мын., ЭТЖ-22 мм/с. Анемияның коррекциясы үшін ең тиімді дәрі://

темірпрепараты//

глюкокортикостреоидтар//

моноклональды антиденелер//

+рекомбинанттыэритропоэтин//

комплексондар

***

Әйел 47 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. 1 жыл бойы етеккірі 10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: терісі мен шырышты қабықтарының бозғылттануы, тырнақтарының сынғыштығы, тахикардия 100 соққы минутына, ҚҚ 110/60 мм.сын. бағ. Қанда: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, ТК – 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, базофильдер – 1%, эозинофильдер – 2%, таяқшалар – 4%, сегменттер – 69%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л,. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикада келесі қадам болып табылады және себебі://

Вит В12 деңгейін анықтау, себебі гем биосинтезі бұзылған//

Сарысулық темірді тексеру, себебі ДНК синтезі бұзылған//

Вит В12 деңгейін анықтау, себебі ДНК синтезі бұзылған//

+Сарысулық темірді тексеру, себебі гем биосинтезі бұзылған//

Стернальнды пункция, себебі бұл патологияда эритроциттердің сүйекмилық бұзылыстары байқалады

***

Науқас, 56 жаста, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, тершеңдікке, сүйектердің ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, сол жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттардың айқын бозаруы. Іші спленомегалия салдарынан ұлғайған. ҚЖА: гемоглобин-105 г/л., эритроциттер-3,15х1012/л, тромбоциттер-450х109/л, лейкоциттер-205х109/л, лейкоформула: бласты 1%, промиелоциттер 3%, миелоциттер 7%, метамиелоциттер 11%, таяқшалар 21%, сегменттер 47%, эозинофилдер 7%, базофилдер 3%, ЭТЖ 40мм/сағ. Цитогенетикалық анализде Филадельфиялық хромосома анықталды. Төмендегілердің қайсысы «бірінші қатардың» дәрісі және неліктен?//

Гидреа, себебі ол  ДНК бөлінуін индуцирлейді және топоизомеразамен араласуына әсер етеді//

Гидреа, себебі ол гемопоэтикалыұқ клеткалардың пролиферациясын тежейді//

+Иматиниб, себебі ол Bcr-Abl ферментін клеткалық деңгейде тежейді//

Миелосан, себебі ол гемопоэтикалық клеткалардың пролиферациясын тежейді//

Иматиниб, себебі ол ісікке қарсы әсер етеді

***

В. деген 53 жастағы науқас басы, жүрек тұсының ауыруы, су процедураларынан кейін күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі қызарған көгілдір түсті, склерасы инъецирленген. Куперман симптомы оң. Жүрек үндері тұйық. АҚ-170/100 мм с.б. Көк бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, ауыру сезімінсіз. Қанда: эр-6,9 млн., Нв-201 г/л, ТК-0,9, лейк-11,3 мың, таяқша-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-480 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Қандай ем қолданасыз, негіздеңіз://

+Полихимиотерапия, себебі  цитостатиктер ісікке қарсы әсер етеді//

Полихимиотерапия, себебі цитостатиктер гемопоэтикалық клеткалардың пролиферациясын тежейді//

Дезагреганттар, себебі олар Х факторды тежеп, қан ұюынәлсіретеді//

Дезагреганттар, себебі олар АДФ  рецепторларымен бірігіп, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді//

Жаңа мұздатылған  плазма, себебі ол плазминоген активаторлары әсерін тежейді

***

16 жасар қызда тері жабындарының бозғылттығы, терісінде геморрагиялық бөртпелер, дене  температурасының 39оС жоғарылауы, сүйек перкуссиясы кезінде ауырсыну,  шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі, гепатоспленомегалия байқалған. ҚЖА:  эритроциттер - 2,1х109/л, гемоглобин – 64 г/л, лейкоциттер – 4,6х109/л, тромбоциттер - 56х109/л, бласты,  СОЭ - 48 мм/сағ. Лейкограммадааралық формалары жоқ, зәр қышқылының деңгейі 0,7 г/л құрады (норма 0,3 г/л дейін).Еміне қандай дәрілер қосқан дұрыс және неліктен://

Монохимиотерапия және фуросемид, себебі  цитостатиктер  гемопоэтикалық клеткалар пролиферациясын тежейді және   гиперурикемия//

Монохимиотерапия  мен эритроцитарлы  масса, себебі  цитостатиктер  гемопоэтикалық клеткалар пролиферациясын тежейді,    анемия//

+Аллопуринол мен полихимиотерапия, себебі  цитостатиктер ісікке қарсы әсер етеді, гиперурикемия//

Аллопуринол мен полихимиотерапия, себебі  цитостатиктер  гемопоэтикалық клеткалар пролиферациясын тежейді және   бластемия//

Глюкоза мен антибиотиктер, себебі  антибиотиктер қабынуға қарсы әсер етеді

***

Жедел лейкоз диагнозын дәл анықтауға қандай міндетті зерттеу әдісі қажет?//

Қан жұғындысы//

Коагулограмма//

+Сүйек миының пункциясы//

Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы//

Бауыр мен көкбауырдың УДЗ

***

21 жастағы әйел, әлсіздікке, бас ауруына, жүрек қағуына, буындардың аурысынуына, денедегі «көгерулерге» шағымданады. Ауру тарихынан: 2 аптадан бері ауру. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері мен көзге көрінетін сілемейлі қабаттары боз, көптеген қанталау ошақтары бар. Лимфа түйіндері 1-1,5 см-ге дейін ұлғайған, ауырмайды. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 100 соққы/мин. Орташа гепатоспленомегалия.  Жалпы қан талдауы: гемоглобин - 99 г/л , эритроциттер -3,0х1012/л, лейкоциттер 87х109/л, тромбоциттер – 57х109/л. Лейкоформулада: бласттар 60%, сегментті ядролы 27%, лимфоциттер 13%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы 60мм/сағ. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды?//

+Жедел лейкоз//

Аппластикалық анемия//

Тромбоцитопениялық пурпура//

Созылмалы лимфолейкоз//

Жүйелі қызыл жегі

***

71 жастағы науқас, тәбетінің төмендеуіне, тағам қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырлыққа, тіл ұшындағы ауырсыну мен күйдіруіне, жалпы әлсіздікке, ентігуге, аяқта «құмырсқа жүру» сезіміне, аяқтың ұюына шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы созылмалы гастритпен зардап шегеді. Объективті: тері боз, сарғыш түстес, тілі тегіс, «лакталған», глоссит. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -80 г/л, эритроциттер -2,2х1012/л, лейкоциттер 7,1х109/л, тромбоциттер – 160х109/л. 

Гемограммады: макроциттер, мегалоциттер, эритроциттерде Джолли денешігі, Кебот сақиналары. Миелограммада: қан өндірілуінің мегалобласты түрде жүруі эзофагогастродуоденоскопияда жайылмалы атрофиялық гастрит. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді?//

12- дәрумені//

Фолий қышқылы//

Сорбифер-дурулес//

Флудара//

Эритропоэтин

***

16 жасар науқас, талмаға, көзінің алды қарауытуына, кесек жеуге құштарлыққа, тырнақтарының сынуына шағымданады. Анамнезінен: етеккірі 3 күннен. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, құрсақ, ауыз бұрыштарының тілінуі. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -85 г/л, эритроциттер- 2,8х1012/л, реңдік көрсеткіш-0,72, тромбоциттер-180х109/л, лейкоциттер-4,3х109/л. Лейкоформулада: таяқша ядролы -4%, сегментті ядролы -62%, моноциттер-9%, лимфоциттер-22%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы -18 мм/с. Сарысулы темір – 6,7мкмоль/л, сарысулы ферритин -10,24 нг/дл. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді?//

В12- дәрумені//

Фолий қышқылы//

+Сорбифер-дурулес//

Флудара//

Эритропоэтин

***

Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқас жалпы әлсіздікке, шамалы күш түскендегі ентігуге, бор жеуге құмарлығы барына шағым айтады.Обьективті: науқастың терісінде трофикалық өзгерістер анықталады, тері түсі бозғылт. Қан анализі талдау: эритроциттер -3,3х 10 12/л, гемоглобин-90 г/л, түсті көрсеткіш -0,75, ретикулоциттер -2%, қандағы темір -5,6 мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыған?//

Гемолитикалық анемия//

+Темір жетіспеушілік анемия//

Эритремия//

Апластикалық анемия//

В12 –жетіспеушілік анемия

***

35 жастағы науқас жиһаз фабрикасында 10 жылдай жұмыс жасаған. Жұмыс кезінде ксилол қолданған. Созылмалы интоксикацияға күдікпен науқас госпитализацияланды. Қанда – панцитопения, анемиялық синдром анықталған. Интоксикацияға анемияның қай түрі сәйкес келеді.//

+Сидероахрестикалық//

Темір жетіспеушілік анемия//

Гемолитикалық анемия//

Апластикалық анемия//

Пиридоксин жетіспеушілігі

***

60 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, эпигастрий аймағында ауырлық сезіміне, тамақ ішкеннен кейін кекіруге шағым айтады. Обьективті: дене температурасы 36,6 С , ТАЖ 20 рет минутына, пульс 96 рет мин, АҚҚ 115/70 мм.сб, тері және кілегей қабаттары бозғылт.Қан анализінде: эритроциттер -2,0х 10 12/л, гемоглобин-100 г/л, түсті көрсеткіш -1,5, ЭТЖ 28 мм/сағ. Асқазанның париетальды клеткаларына антиденелер анықталған. Науқасқа анемия синдромын емдеу үшін қай тактика сәйкес келеді.//

Темір препараттарын ішуге тағайындау//

Тұз қышқылы препараттарын тағайындау//

12 витаминдерін тағайындау//

Темір препараттарын парентеральды тағайындау//

Эритроцитарлық массаны құю

***

Темір мөлшерінің жоғарлауы болатын қандай ауруларда дисфераль қолдануға болады?//

Талласемия//

В12 темір жетіспеушілік анемия//

+Тұқым қуалайтын микросфероцитоз//

Аутоиммунды гемолитикалық анемия//

Темір жетіспеушілік анемия

***

35 жастағы ер адам денесіндегі себепсіз пайда болатын көгеруге байланысты дәрігерге қаралды. Бұл аталған көрініс бірінші рет 2,5 жыл бұрын, ЖРИ-дан кейін  пайда болған. Қан талдауында: тромбоциттер саны 50000/ мкл3. Науқас антигистамин препараттарын және викасолды қабылдаған,нәтиже болмаған.Кейін тромбациттер саны қалыпқа келген.Екі апта ішінде геморраргиялық бөртпелер жойылған, бірақ 1,5 жылдан кейін стоматолог қабылдауында тісін жұлдыртқаннан кейін қан кету үш тәулікке дейін тоқтамаған. Сол жылы аппендоэктомия болған, бірақ операциялық тілік біріншілік тартылумен жазылған. Қан талдауы: Hb – 120 г/л, лейкоцит-7,3х 109/л, лейкоформула өзгермеген. ЭТЖ 25 мм/сағат. Диагнозды нақтылау мақсатында қандай зерттеу жүргізілуі қажет?//

Протромбин уақытын анықтау//

Қан кету ұзақтығын анықтау//

+АИТВ анықтау//

Плазмадағы фибриноген санын анықтау//

МНО-ны анықтау

***

Созылмалы лимфолейкозбен ауыратын науқас, 15 мг хлорбутин тәулігіне қабылдайды, қызба пайда болған, гемоглобин 80 г/л дейін төмендеген, ретикулоциттер 40 % дейін жоғарлаған, тікелей емес билирубин жоғарлаған. Аталған ұсыныстардың қайсысы дұрыс://

Хлорбутин дозасын жоғарлату//

Хлорбутинді циклофасфанға ауыстыру//

+Қосымша преднизалон тағайындау//

Қосымша БҚҚП тағайындау//

Қосымша антибиотиктерді тағайындау

***

Жедел лейкозбен ауырытын науқаста жұлын сұйықтығында лейкемиялық (бластты) жасуша анықталды. Нейролейкозды  интратекальды жолымен емдеу үшін кандай препарат барынша тиімді?//

Цитозар//

Винкристин//

+Метотрексат//

Преднизолон//

Циклофосфан

***

Әйел адам 46 жаста,  гемограммада: лейкоцит- 82х109/л, промиелоцит-4%, миелоцит-9%, метамиелоцит-11%, т/я-20%, с/я–40%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоцит–8%, тромбоциттер–584х109/л, Нв–112 г/л. Миелограммада: жасушалардың көбеюі, миелокариоциттер мен мегакариоциттердің ұлғаюы, гранулоцитарлы қатардағы барлық элементтер анықталады, миелоидты жасушалардың  эритроидты жасушаларға қатынасы – 28:1. Ph-хромосома бойынша позитивті жасушалар анықталды. Емнің тиімділігін жоғарылату үшін қандай препаратты ертерек қосу керек ?//

Трансретинойлы қышқыл//

+Иматиниб (Гливек)//

Альфа-интерферон//

Аллопуринол//

Винкристин

***

Қандай препараттан стандартты терапияда протокол бойынша жедел промиелоцитарлы лейкозда 85-96% науқастар клиникалық және цитогенетикалық ремиссия ала алады?//

+Трансретиноидті қышқыл//

Иматиниб (Гливек)//

Циклофосфамид//

Винкристин//

Цитозар//

***

67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//

Викасолды//

Дицинонды//

Тромбомассаны//

Криопреципитатты//

+Коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес

***

Науқас К., 36 жас, денесінде петехиальды-дақты бөртпе пайда болды, қызыл иектен, мұрыннан қан кету мазалайды. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Қанда - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгермеген, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Науқастың сүйек кемігінде қандай өзгерістер болуы барынша тән?//

Сүйек кемігінің босап қалуы//

Бластоз 30% жоғары//

Плазмоклеткалық инфильтрация//

Қан жасау мегалобластты//

+Мегакариоцитарлы өсінділерінің тітіркенуі

***


написать администратору сайта