Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың мақсаты

  • Оқытуда қолданылатын модульдер

  • Сабақтың түрі

  • Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті І .Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІІ.Білімдерін жан-жақты тексеру.

  • ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

  • Кубизм сұрақтары КІМ НЕ ҚАЙ ҚАНДАЙ ҚАНША ҚАЛАЙ

  • 10-сұрақ көлемінде өткен тақырыптарға арналған қысқа тест алынады. «Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы»

  • Апта Кні Сыныбы 10


    Скачать 246.86 Kb.
    НазваниеАпта Кні Сыныбы 10
    Дата05.03.2019
    Размер246.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1516722530.docx
    ТипДокументы
    #69625

    10-сынып
    ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

    Апта:

    Күні:


    Сыныбы: 10


    Пәні: Қазақстан тарихы


    Сабақтың тақырыбы:

    Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары.

    Қасым ханның билігі. §35-36   198-99 бет.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: ХҮІ ғасыр басында Қазақ хандығының өрлеуін, Қасым хан рөлін, ішкі қоғамдық қатынастар мен сыртқы саясатты шебер жүргізе алғандығын көрсете отырып, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы жан-жақты білім беру.

    Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

    Дамытушылық: Қазақ хандығының саяси әлеуметтік құрылымын сараптай отырып, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.

    Күтілетін нәтиже:

    Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға, ойын еркін әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыланады.

    Оқытуда қолданылатын модульдер:

    Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, СТО-ға үйрету, АКТ-ны қолдану, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.

    Сілтеме:

    Оқулық Қазақстан тарихы.Мектеп-2014, әдістемелік нұсқау К Төлеубаева, Ю.Наумова, Ә.Көпекбай, хрестоматия, М.Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди», Ш.Махмуд «Тарих-ишах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармалары.

    Көрнекілігі

    Интерактивті тақта, электронды оқулық Сарайшық, ХV-ХVІІ ғ. Қазақ хандығы картасы, қосымша материалдар.слаид.

    Сабақтың түрі:

    Аралас

    Сабақтың әдісі:

    Сұрақ-жауап тест, мәтінмен жұмыс,кубизм әдісі.топтық жұмыс.

    Мұғалімнің іс-әрекеті:

    Оқушының іс-әрекеті

    І .Ұйымдастыру кезеңі:

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    «Кубизм» әдісі.
    ку2

    ІІІ.Білімдерін жан-жақты тексеру.

    ІҮ.Жаңа сабаққа дайындық.

    «Өзара оқыту»

    Ү. сабақ жоспарымен таныстру.

    Ұғындыру.
    ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:

    тапсырма:

    топ жұмысы


    «Ғажайып жетілік»

    ҮІІ.Қорытынды.

    Математикалық лото.

    Бағалау.

    Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

    Оқушылар 1.2.3.4.5.6 сандары арқылы алты топқа бөлінеді.топқа «Ақылдының алты қалпағы» таратылады.
    «Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы».§34. 192-193 бет.

    Оқушылар кубиктің алты қырындағы сұрақтарға жауап береді.

    Кубизм сұрақтары

    КІМ? НЕ? ҚАЙ? ҚАНДАЙ? ҚАНША? ҚАЛАЙ?

    1. Қазақ хандығының негізін кімдер қалады?

    2. Қазақ хандығының Шайбанилермен соғысы не сабепті ұзаққа созылды?

    3. Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қай қалаларды өз қол астына қаратты?

    4. Алғашқы кезде Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

    5. Сырдария бойындағы қалалар қазақтар үшін қаншалықты маңызды болды?

    6. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?



    10-сұрақ көлемінде өткен тақырыптарға арналған қысқа тест алынады.


    «Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары

    Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы» §35-36 198-199 бет

    Оқушылар оқулық мәтінін және мұғалім тарапынан берілген тақырыптарды белгілі бір уақыт ішінде топ болып оқып, талдайды.Тақырыптың мәнінің ашылуына байланысты оқушылар күлегештер арқылы бағаланып барылады.
    1.Қазақ хандығы Жәнібек пен Керейден бастау алған.

    2.Сыр бойындағы қалалар үшін шайқас.

    3.Бұрындық хан билеген жылдар 1480-1511 жж.

    4.Қасым тұсындағы қазақ хандығы.
    Жаңа сабаққа байланысты қалпақтардың түсіне қарай түрлі тапсырмалар беріледі. Әр қалпақтың ұпайы тапсырманың деңгейіне қарай белгіленген.
    1-Қасым ханның шығу тегі туралы...

    2 - «Қасым ханның қасқа жолы» туралы не білдіңдер?

    3 - Қасым ханның ел басқару саясатын қалай бағалайсыңдар?

    4 - Қасым хан туралы қандай деректер немесе зерттеулерді білдіңдер?

    «Ғажайып жетілік»

    Тақтада жеті қаланың суреті беріледі, қалалар бойынша оқушылар тақырыпқа байланысты оқиғаларды аитып берілген сұрақтарға жауап береді.

    1.Сауран




    7.Самарқанд





    4.Сарайшық

    http://visitkazakhstan.kz/uploads/img/thumb_1250856567_place.jpg

    2.Ташкент

    international business center. tashkent city.jpg





    5.Жетісу өңірі

    http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/ozero_b_almatinskoe_49.jpg

    3.Тегеран

    http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/74/tehran_skyline_may_2007.jpg/360px-tehran_skyline_may_2007.jpg




    6.Сайрам

    http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/im004028_210.jpg


    1.Сауран қаласы қай ханның кезінде сауда орталығына айналды?

    2. Қасым хан қай жылы Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға қарсы соғыс ашты?

    3. Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған, парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) атты қолжазбада Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер көп ұшырасады. Қолжазбада Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы» кейде «Дешті Қыпшақ патшасы» деп атайды. Бұл қолжазба қай жылы табылды?

    4.Сарайшық қаласы туралы не білдің?.

    5.1514жылы кімнің Шығыс Түркістанға кетуімен, қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды?

    6.Қасым хан қай жылы Сайрамды алды?

    7. Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқандқа қашты?

    «Қайталау оқу айнасы»

    4000+220-3000=1220

    Шыңғысхан Отрар қаласын басып алған жыл.

    4000/2-532=1468

    Әбілхайыр хан қайтыс болды.

    728х2+9=1465

    Қазақ хандығының құрылған жылы.

    3800/2+91=1991

    Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылы.
    «Бұл жұрт Қытай, Жоңғар, Богдыхан қонтайшыларының жорық-қиянаттарын, Россия ақ патшаларының қанауларын – бәрін-бәрін бастан өткізді. Бәріне де шыдады, жалғыз жаңқасы қалғанша күресті, ақыры жерін де, суын да ешкімге бермеді. Сол көне қонысында қалды… Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада жаңа Қазақ Республикасы орнады».

    Ілияс ЕСЕНБЕРЛИН, «Алтын Орда» кітабынан




    Формативті бағалау.әр бір оқушы қанша күлегеш жинады санын бағалау парақшасына жазып береді.

    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    «Хақназар хан билігі,Тәуекел сұлтан билігі,Есім хан билігі,Жәңгір Тәуке хандар билік құрған заманда» тақырыбында эссе жазып келу. Оқулық 198 бет. Мектеп -2014ж.



    написать администратору сайта