Главная страница
Навигация по странице:

  • Химиялық құрамы

  • Зат, % Баланқұрттың жасы 2 күн 3 күн

  • Ара сүті жайлы

  • Амалбек СЕРҚҰЛОВ

  • Реферат Ара сүті. =Ара сүті Маточное молочко КАЗ Реф. Ара сті жмысшы бал арасыны безінен шыатын биогендік асиеті бар зат. Жмысшы ара болатын баларттарды 3 кнге дейін, аталы араларды рттарын жетілдіргенше, ал ана арасы мір бойы оректендіреді. Химиялы рамы


    Скачать 24.87 Kb.
    НазваниеАра сті жмысшы бал арасыны безінен шыатын биогендік асиеті бар зат. Жмысшы ара болатын баларттарды 3 кнге дейін, аталы араларды рттарын жетілдіргенше, ал ана арасы мір бойы оректендіреді. Химиялы рамы
    АнкорРеферат Ара сүт
    Дата24.02.2022
    Размер24.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла=Ара сүті Маточное молочко КАЗ Реф.docx
    ТипДокументы
    #372328

    Ара сүті - жұмысшы бал арасының безінен шығатын биогендік қасиеті бар зат. Жұмысшы ара болатын балаңқұрттарды 3 күнге дейін, аталық аралардың құрттарын жетілдіргенше, ал ана арасы - өмір бойы қоректендіреді.

    Химиялық құрамы

    Ара сүті - ақ түсті, қоюлығы кисель тәрізді қышқыл дәмді сұйықтық. Құрамы күрделі:

    • 65—66,5 % су,

    • 9—19% ақуыз, яғни альбумин мен глобулин (2:1), құрамы қанның

    ақуыздарына ұқсас ақуыздар,

    • 8—19% қанттар, (глюкоза, фруктоза, сахароза)

    • 2—9% майлар

    • 1% астам минералды тұздар

    • және дәрумендер: А, Д, С, В1, В2, В3, В6, В12, В15, Н, Е, РР,

    пантотен қышқылы

    • микроэлементтер

    • ацетилхолин

    • стерин

    • липидтар

    • гормондар (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) және

    т.б.

    Ара сүтінде микробтар көбеймейді, себебі құрамында гермицидин бар.


    Балаңқұрттың жас ерекшелігіне байланысты ара сүтінің құрамының өзгереді

     Зат, % 

    Баланқұрттың жасы

     2 күн 

     3 күн 

     4 күн 

     5 күн 

     6 күн 

     7 күн 

    Ақуыз

    18,9

    10,4

    10,1

    9,4

    9,0

    10,6

    Майлар

    8,6

    4,9

    6,0

    4,2

    4,3

    2,6

    Қанттар

    11,2

    8,3

    9,5

    11,2

    10,2

    13,8


    Қолдануы

    Ара сүтін құрғатып, одан дәрі дайындайды. Ара сүті жас баланың тәбеті төмендегенде және ересек адам гипотония, себорея (бет терісінің ауруы) ауруларымен ауырғанда, жүйке жүйесі қызметі бұзылғанда қолданылады. Ара сүтін Адиссон ауруымен ауыратын адамға беруге болмайды, сондай-ақ, бұл дәріге ағза сезімтал келіп қабылдамайтын болса, онымен емдеу мөлшерін азайтады не тоқтатады.

    Және ара сүтінде силденафилге құрамы ұқсас заттар табылған. Сол себепті ара сүтін еркектердің белсіздігін - ипотенцияны емдеуге қолданады.

    Бұл сөздің латынша атауы – апилак,орысша «маточное молочко» дейді. Жарық дүниеге келгеніне 14 күн өткен соң-ақ аналық аралар жұтқыншақ бездерінен сүт бөліп шығарады. Оның құрамы көптеген ферменттерден тұрады. Араның аналық сүтінің құрамында нуклеин, амин қышқылдары, түрлі дәрумендер, май, тағы басқа микроэлементтер кезігеді.

    Ара сүтінің түрі ақ-сары, өзіне тән иісі, дәмі бар. Ғылыми медицинада, фармацевтикада одан «апилак» дәрісін дайындайды әрі парфюмерияға қолданылады. Жаңадан алынған ара сүті адам денесіне түскен микробтардың одан әрі өрбімеуіне, көбеймеуіне көп көмегін тигізеді. Қан қысымы жоғарылағанда, қан тамырлары тарылып қысылғанда ара сүті ем болады. Науқасшаң адам ара сүтін дәрі есебінде қабылдаған соң құлағының шулағаны басылып, жүрек ауруы бәсеңдеп,ұйқысы жақсара бастайды, күйгелектігінен құтылады. Қан қысымы да төмендеп, тамақ ішуі жақсара түседі. Зертханалық тәсілмен тексергенде қандағы холестерин көлемі, қанның құрамы біршама түзелгендігі байқалады..

    Медициналық тәжірибеде ара сүті денсаулығы нашар балаларға емдік балауыз (свеча) түрінде де беріледі. Ай-күніне жетпей туған немесе жаңа туған сәбилерге 2,5 мг, туғанына 2-3 ай болған сәбиге 5 мг емдік балауызды тік ішекке қояды. Бұл ем 7 күннен 15 күнге дейін созылады. Бір емдік балауызды күніне үш мәрте қолданады. Мұндай емнен кейін балалардың тамақ ішуі жақсарып, тәуір бола бастағаны байқалады, салмағы да артады. Сондай-ақ, аналық ара сүті қолқа демікпесі, кейбір тері ауруларына, қан азайғанда, буындағы ревматизм ауруларына да жиі қолданылады.

    Ара сүтін жасы егде тартқан адамдарға бергенде қан қысымы орнына келіп, тамаққа деген тәбеті ашылып, көзінің көруі жақсара түседі. Қандағы холестерин азайып, әл-қуаты артады.

    Қан қысымы жоғары не төмен адамдар ара сүтін күніне 20-30 мг пайдаланған соң науқасынан тез сауыға бастайды. Ағзаға тараған ара сүтінің без жасушаларын бөліп шығаратын (секреция) заттарға әсері мол. Әсіресе, жыныс бездерінің қабілетін тез дамытады. Сондықтан ара сүтінен алынған дәрі бала көтермейтін әйелдерге, белсіздік танытатын ерлерге бірден-бір көмектесетін ем.

    Ара сүтін адам ой еңбегі мен дене еңбегінен қалжырап шаршағанда ішсе, денесі бірден ширығып, күш-қуаты артады. Ара сүтінің осы қасиетін жете аңғарған дәрігерлер оны ғарышкерлерге, спортшыларға аса пайдалы деп табуда. Ал жүрек қабынуына (стенокардия) шалдыққан адамдар 30 мг ара сүтін бір дүркін (20-30 күн шамасында) қабылдаған соң науқастарынан тез айыға бастаған.

    Ара сүті жоғарыдағы науқас түрлерімен қоса операция салдарынан жүдеген адамдарды да тез әлдендіреді. Ол үшін ара сүтінен жасалған апилакты 20-22 күн бойы күніне 1-2 түйіршектен (Р-0,1 мг) ас алдында 30 минут бұрын тілдің астына салып ерітіп ішеді. Осындай емдік шарадан соң ауру адамның көңіл-күйі жақсарып, қан тамырының қалыпқа келуі, жүрек қабынуы тоқтап, жадының ұстамдылығы артып, көз жанарының нұры, есту қабілеті жақсара түседі.

    Ара сүтінен алынған апилак дәрісін қолданғанда дәрігер-фармацевтің ақыл-кеңесіне сүйену керек.
    Ара сүті жайлы

    Ара сүтінің ем екенін білемізбе?

    А дам денсаулығына да, қоршаған ортаға да тигізер септігі көп ара шаруашылығына көңіл бөлінбей отырғаны қынжылтады.

    Бүгінде ара балының 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауданында да бал шаруашылықтары бар. Аз ғана. Әсел өндіруден де маңызды жаңалықтар орын алуда. Соңғы әлетте араның сүтінен түрлі дәрі жасауға болатындығы анықталып, әлем елдері осыған белді бекем буып, білек сыбана кірісіп кетті. Мәселен, араның сүтінің өзін кәделеп, әртүрлі салада пайдаға жарата бастады. Бұл сөздің латынша атауы – апилак, орысша «маточное молочко» деп аталады. «Жұмыртқаны жарып» шыққаннан кейін 14 күн өткен соң-ақ аналық аралар жұтқыншақ бездерінен сүт бөліп шығара бастайды. Оның құрамы көптеген пайдалы элементтен тұрады.

    Араның сүтінің құрамында нуклеин, амин қышқылдары, түрлі дәрумендер, май, тағы басқа микроэлементтер бар.

    Фармацевтикада одан «Апилак» дәрісін дайындайды әрі косметика өндірісінде кәдеге асырады. Ара сүтінің құрамын зерттеген ағылшын ғалымдары оның көптеген дертке дауа екенін анықтаған. Мәселен, жаңадан «сауылған» ара сүті адам денесіне түскен микробтардың одан әрі өрбімеуіне, қанға түсіп таралып кетпеуіне сеп болады. Қан қысымы үнемі жоғары болатындарға таптырмайтын ем. Дәл осы диагнозбен ауыратындар ара сүтін ішкен соң, құлағының шулағаны басылып, жүрек ауруы бәсеңдеп, ұйқысы жақсара бастайды, тәбеті ашылады. Қандағы холестеринді азайтады. Шала туылған балаларға ем ретінде қолданылады. Сонда олардың салмағы артып, қалыпқа келе бастайды. Дәрумені көп ара сүтінің бұдан басқа да дерттерге дауасы бар. Демікпе дертінен жапа шегетіндерге, кейбір тері ауруларына, қан азайғанда, буындағы ревматизм ауруларына да таптырмайтын ем. Әсіресе бойындағы қуаты қайтып, қартайған адамдар үнемі пайдаланса, қан қысымы бір қалыпты болып, көру қабілеті жақсарады. Қан қысымынан зардап шегетіндер күніне 20-30 мг пайдаланған соң, ауруынан айыға бастайды. Урологтар мұның жыныс бездерінің қабілетін дамытатынын айтады.
    Ара сүтінен жасалған дәрі – бір шаранаға зар болып жүрген әйелдерге, белсіздік танытатын ерлерге бірден-бір пайдалы ем. Жіті зерттеуден өткен ара сүтінің ерекше қасиетін тапқан дәрігерлер күш-қуатты арттыру үшін оны ғарышкерлерге, спортшыларға аса пайдалы тағам ретінде береді. Есте сақтау қабілетін жақсартуға да септігі мол.

    Жуырда Ұлыбританиядағы сән салондарында косметологтар бет терісін жаңартудың жаңа әдісін ойлап тапты. Олар ара уын пайдалана бастады. Бұрынырақта ара уы өте қауіпті деп саналып келсе, бүгінгі зерттеулер оны жоққа шығарып отыр. Алғашқы жаңалыққа құмартушылардың қатары тіптен артқан. Ең алғашқысы Чарльз ханзаданың жұбайы Камилла болыпты. Ол сәндік процедураның кереметтігін айтып, тамсануда. Демек, бұдан кейін жасаруға ден қойғандардың саны тіптен артатыны сөзсіз. Косметологтар ара уының ботоксты алмастыратынын айтады. Одан жасалған маска бет терісін жақсартып, ұсақ әжімдерді кетіріп, тері жасушаларының қартаюын тежейді. Бұл ғажайып жаңалықтың авторы – косметолог Дебора Митчелл. Ол жаңа әрі керемет жаңалыққа құмартушыларды бір рет қабылдағанының өзін 55 фунт стерлингке бағалап отыр. Бұл ем 30 жастан асқан әйелдерге арналған. Косметолог Дебораның айтуынша, соңғы кездері пластикалық хирургияның көмегіне жүгінетіндердің саны кеміген. Сәнқойлар пышаққа түспей-ақ, сұлулығын сақтап қалу үшін арзанырақ осындай көмекке жүгіне бастаған. Жақын арада саудаға құрамында араның уы бар гельдер мен лосьондар түсе бастайды. Оның көмегімен көптеген тері проблемасынан арылуға болады, соның ішінде целлюлитке де әсері мол.

    Міне, осылайша, араның сүтін де, уын да, көзін тапсақ, кәдеге жаратуға болады екен. Елімізде еңбектеніп жатқан ара шаруашылығының тізгінін ұстағандар екі есе пайда түсіретін осындай іске бет бұрса дейсің. Алайда тізгінді тарта тұруға әкеліп тірейтін тірліктер жетіп-артылады. Араның бүкіл өн бойындағы пайдалы заттарды кәдеге асырмақ түгіл, оның балының өзін өндіруде де біршама кертартпалық бар. Әуелі балдың өзін табыс көзіне айналдырып алсақ та, жарар деп есептейтіндер де жоқ емес. Тың жаңалықты қос қолды көтеріп қолдап кетуге келгенде маман тапшылығы да кері шегінтеді. Расында да, еліміздегі косметологтардың дені ескі әдіспен жұмыс істейді. Ал дәрінің 90 пайызын шеттен тасып жатқанда, одан дәрі жасап шығаруға қауқарымыздың жоқтығы тағы анық. Әйтеуір, қолды байлайтын мәселелер жетіп-артылады. Сонда әлемді тамсандырар жаңалықтар біздің елде қашан ғылыми негізде жолға қойылар екен?

    Амалбек СЕРҚҰЛОВ, халық емшісі:

    Әрине, ара емінің пайдасы ұшан-теңіз. Өзім араға шақтырып емдеймін. Оның уы – мың да бір ауруға ем. Бірді-екілі халық емшілері пайдаланбаса, көбіне медицинада оның шетелден әкелінген дәрілерін қолданады. Оған арнайы зауыт ашудың қажеті жоқ шығар, дегенмен аз-аздап еліміздегі фармацевтика компаниялары қолға алса, бюджеттің бүйірін толтыруға сеп болары сөзсіз.

    Дереккөздер

    1. [http://www.beeproduct.narod.ru/pp-milk.htm Маточное молочко]

    • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

    • Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ара сүті

    • Википедия


    написать администратору сайта