араанды медицина университеті коммерциялы емес акционерлік Оамы
Скачать 40.42 Kb.
|
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ Патология кафедрасі 1 СӨӨЖ Тақырыбы: Остеопороз және остеомаляция патогенезінде кальций және фосфор алмасуының рөлі. Орындаған: Бейсенбай Динара Топ: 3-023 ,ЖМ Тексерген: Сулейменова Б.М. Қарағанды 2022 ж. Жағдайлық есеп №1 2 жасар бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынған жағдайымен жеткізілді. Тексерген кезде қабырғаларының «ескі» сынықтары, буындарының жоғары қозғалтқыштығы, тістерінің өзгерістері, көгілдір склералар анықталды. Дәрігер науқаста тұқым қуалайтын ауруының болуын болжады. Науқас балада қандай патология туындағанын болжауға болады? Бұл патология туындауының механизімін көрсетіңіз. Жауабы: I типті коллаген сүйек тінінің матриксін құрайды. Коллаген синтезінің бұзылуы «жетілдірілмеген остеогенез» атты тұқым қуалайтын доминантты ауру негізінде жатады, сүйектер, тістер, тері, көздер («көгілдір» склералар) зақымдалады. Аздаған жарақаттардың өзінде гематомасыз дамыған көптеген сынулармен сипатталады. Тапсырма № 1. Остеопороз патогенезінің сызбасын құрастырыңыз. Цитокиндер өндірілуінің жоғарлауы (ИЛ-1 ж.б.)
Сүйек тінінің ремодельдеуінің бұзылысы Остеоид түзілуі мен оның минерализациясының төмендеуі Сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі (остеопороз) Ортанжілік мойнының, омыртқа денешіктерінің, қабырғалардың, аяқ-қол сүйектерінің сынулары Тесттік тапсырмалар: 1. Остеопороз кезінде қауіп-қатер факторлары болып табылады: A) егде жас B) салауатты өмір салты C) ұтымды тамақтану D) физикалық дайындық E) зиянды дағдылардың болмауы 2. Остеопороз кезіндегі сүйек тінінің өзгерістеріне жатады: A) беріктігінің төмендеуі B) массасының ұлғаюы C) беріктігінің жоғарлауы D) тығыздалуы E) склероздануы 3. Екіншілік остеопороз келесі ағзалардың аурулары кезінде дамиды: A) жүрек B) ми C) тері D) бүйрек E) аллергиялық 4. Остепороз кезінде сүйек массасының төмендеу механизмі: A) остеокласттар санының азаюы B) сүйек матриксінің синтезінің күшеюі C) кальций экскрециясының төмендеуі D) кальций абсорбциясының жоғарлауы E) кальций экскрециясының жоғарлауы 5. Сүйек резорбциясын ынталандырады: А) интерлейкин -1 В) механикалық жүктеменің жоғарлауы С) кальцитонин D) фибробласттар өсу факторы Е) ß – трансформирлеуші өсу факторы 6. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллагеннің келесі гендерінің мутациясы орын алады: А) I тип В) II тип С) III тип D) IV тип Е) V тип 7. Остеопатиялар осыдан басқа барлық факторлардың әсерінен дамиды: A) витамин D дисбалансы B) гиперпаратиреоидизм C) сүйек тінінің қабынуы D) бүйрек қызметінің бұзылыстары E) минералокортикоидтардың дисбалансы 8. Остеопороз – бұл: А) шеміршектік тіннің деформациясы В) сүйек тінінің жұмсаруы С) сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі D) остеомаляция синонимі Е) остеоид түзілуінің бұзылуы 9. Остеопороздың қауіп-қатер факторы болып табылады: A) ана бездерінің қызметінің төмендеуі B) кальций препараттарын артық қабылдау C) тестостеронның гиперсекрециясы D) жоғарғы шыңдағы сүйек массасы E) бүйрек үсті бездерінің қызметінің төмендеуі 10.Остеопороз патогенезінде маңызы бар: А) остеобласттардың қызметінің күшеюі В) сүйектерде кальций мен фосфордың мөлшерінің жоғарлауы С) сүйек тінінің ремодельдеуінің белсенуі D) остеоид түзілуі мен минерализациясының бұзылуы Е) шыңдағы сүйек массасының жоғарлауы 11. Остеопороз патогенезінде келесі заттардың өндірілуінің жоғарлауы маңызға ие: А) интерлейкин - 1 В) простагландин Е С) тромбоцитарлық өсу факторы D) инсулин тәріздес өсу факторлары Е) кейлондар 12. Остеопорозды ынталандырады: А) остеобласттар белсенділігінің жоғарлауы В) остеокласттар белсенділігінің төмендеуі С) өсу факторларының өндірілуінің төмендеуі D) сүйек тінінің ремодельдеуінің белсенуі Е) остеоциттер санының көбеюі 13. Остеопороз салдары: А) сүйек сынулары В) инсульттер С) қант диабеті D) артериялық гипертензия Е) аяқтарының қисаюы 14. Остеомаляция кезінде: A) остеоид түзіледі, бірақ минерализациясы жүрмейді B) сүйек тінінің остеоиды түзілмейді C) остеоид түзіледі және минерализацияланады D) сүйектерде кальций мен фосфордың мөлшері жоғарлайды E) сүйек тінінің минерализация үрдістері күшейеді |