Главная страница
Навигация по странице:

  • 7 тапсырма. Миокард инфаркті мен миокардтың коронарогендік емес некроздың болжамды даму себептеріне жатады:І. Миокард инфаркті

  • ІІ. Миокардтың коронарогендік емес некрозы

  • Жауабы: Науқастағы болжамды ауру: Миокард инфаркті

  • Жүрек тұсындағы ауырсынулардың пайда болу механизмі

  • С. Жүрекке күш түсуі жоғарыласа, тамыр тарылтқыш әсері бар, АТФ –тың ыдырау өнімдерінің түзілуі артады.

  • СРСП. Жұмаханова Ұ. А СРСП. араанды Медицина Университеті Орындаан Жмаханова . А топ 3016 жмф таырыбы Жректі ишемиялы ауруыны этиологиясы жне патогенезі


    Скачать 157.12 Kb.
    Названиеараанды Медицина Университеті Орындаан Жмаханова . А топ 3016 жмф таырыбы Жректі ишемиялы ауруыны этиологиясы жне патогенезі
    Дата03.11.2021
    Размер157.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖұмаханова Ұ. А СРСП.docx
    ТипДокументы
    #262081

    Қарағанды Медицина Университеті

    Орындаған : Жұмаханова Ұ. А

    Топ 3-016 ЖМФ

    Тақырыбы: «Жүректің ишемиялық ауруының этиологиясы және патогенезі»

    2 тапсырма.

    Миокард инфарктісі кезіндегі резорбциялық – некроздық синдромы дамуының сызбасын жасау.

    Тәждік артерия атеросклерозы / гипертония – коронарлық жетіспеушілік – миокард инфарктісі – некроз ошағынан токсиндер қанға түсуі – резорбциялық-некроздық синдром

    Миокард некрозданған жерден токсиндер қанға түседі. Осының салдарынан резорбциялық-некроздық синдром туындайды. Некротикалық заттар кесірінен иммунитет өз жұмысын бастайды, яғни дене температурасы көтеріледі, қанда нейтрофильді лейкоцитоз болады, 1-3 күннен кейін ЭТЖ өседі. ЭТЖ бұндай көрсеткіші 3 апта бойы тұрады.

    4 тапсырма.

    Миокард инфаркті кезіндегі өмірге қауіпті асқынулар дамуының олардың негізгі дамуының механизмдерін жаза отырып, сызбасын жасау.

    Миокард инфарктісі белгілі бір аймаққа қан келуінің толық тоқтауынан немесе күрт томендеуінен дамиды. Қанмен қамтамасыз етілуіне карай закымдалған ошақтық 3 зонасын ажыратады. Ортасында -некроз, ішінен- зақымдалу зонасы, сыртында- ишемиялық зонасын ажыратады. Некроз ошағында асептикалық қабыну процесі жүреді. Осылай миокард инфарктісі дамитын резорбциялық некроздық синдром пайда болады. Некроз ошағы біртіндеп тарқайды, онын орнында бірінші нәзік грануляциялық, кейін тыртықтық тін түзіледі. Зақымдалу және ишемиялық зонадда шала тірі қалған кардиомиоциттер ауыр метаболизмдік бұзылыстырға ұшырағандықтан өмірге қауып төндіретін ырғақ бзылыстарын туындатады. Сонымен катар некроз ошағы жүрек шамасыздығынын, жүрек аневризмасының асқынуларын дамытады.

    7 тапсырма.

    Миокард инфаркті мен миокардтың коронарогендік емес некроздың болжамды даму себептеріне жатады:

    І. Миокард инфаркті

    Себептері:

    1. Тәждік артерияларда тромбтардың түзілуі;

    2. Гипоксемия;

    5. Стресс кезіндегі альфа-адренергиялық импульстердің әсерінен коронарлық

    тамырлардың спазмы;

    ІІ. Миокардтың коронарогендік емес некрозы

    3. Миокардтың электролиттік балансының бұзылысы;

    4. Айқын бради- және тахикардия кезінде жүрекке қанның келуінің азаюы;

    6. кезбе жүйкенің жүректік тарамдары мен жұлдызша түйіндерінің тітіркенуі.






    8 тапсырма.

    Жүрек ишемиялық ауруы бар науқастың ауырсыну ұстамасының даму механизмінің құрамдық элементтерін дұрыс ретімен орналастыр:

    1. Коронарлық тамырлар спазмы 3

    2. Шамадан тыс күшті эмоциялық күй 1

    3. Миокардта ишемияның дамуы 5

    4. Төс артында ауырсынулардың пайда болуы 6

    5. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы 2

    6. Миокардтағы зат алмасуының бұзылыстары, толық тотықпаған алмасу өнімдерінің және брадикининнің жиналуы 4

    9 тапсырма.

    Стрестік әсерлер кезінде миокардтың коронарогендік емес некроздың даму механизмінің құрамдық элементтерін дұрыс ретімен орналастыр:

    1. Кардиомиоциттердің мембранасының липидтердің асқын тотығының күшеюі 4

    2. Стресс 1

    3. Кардиомиоциттер лизосомаларынан протеолиздік ферментттердің босап шығуы 5

    4. Кардиомиоциттердің зақымдануының дамуы 3

    5. Катехоламиндердің артық шығарылуы 2

    6. Қардиомиоциттердің қайтымсыз өзгерістері, некроздануы 6


    10 Жағдайлық есеп

    Кардиологиялық орталыққа жедел жәрдем көлігімен 62 жастағы ер кісі жеткізілді. Ол саябақта серуендеу кезінде төсінің артқы тұсында қатты ауырсынулар пайда болған. Соңғы 5 жыл бойына науқас жүру кезінде жүрек аумағындағы кезеңдік ауырсынулар кездесіп тұрғанын, жүктеме азайғанда, кейде нитроглицерин қабылдаған соң басылатынын айтады. Емханаға қаралмаған. Осы ауырсыну ұстамасы бұрынғыларына қарағанда қарқынды болған. Нитроглицерин ауырсынуды баспаған соң, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

    Стационарға түскен кезде науқас боп-боз күйде, төсінің артқы тұсында қатты ауырсынуға шағымданған. АҚ с.б.б., 90 / 60 мм, әдетте 140 / 90, пульс минутына 110 рет. Қанында тропонин табылған. ЭКГ бойынша SТ интервалы изосызықтан жоғары, Т «коронарлық» тісшесі, Q тісшесі терең.

    Науқастағы болжамды ауру түрін ата. Жүрек тұсындағы ауырсынулардың пайда болу механизмі қандай ?
    Жауабы:

    Науқастағы болжамды ауру: Миокард инфаркті, себебі науқас 5 жыл бойы жүрек аумағындағы ауырсынуды сезген, ол нитроглицерин қабылдағанның өзінде басылмаған, МИ кезінде нитроглицерин көмектеспейді, төс аумағында қатты ауырсыну сезімі болған, науқастың жасы, қанда тропониннің болуы, МИ кезінде тропонин деңгейі жоғарылайды. ЭКГ бойынша өзгерістер анықталған.

    Жүрек тұсындағы ауырсынулардың пайда болу механизмі: бұл жұлыннан бастап мидан кеуде және мойын сегменттерінен афференттік талшықтар арқылы тітіркендіретін лактаттың ишемия аймағында жиналуы. Ол негізінен осы сегменттер арқылы тарылып, иррадиация сол жақ қолға, иыққа, жауырынға, білекке, саусақтарға беріледі.
    11 тапсырма.

    Жүрек бұлшықетінің миокард инфарктісі басқа ағзалар мен тіндерге қарағанда неліктен жиі кездеседі: Жауапты дәлелдеу керек.

    А. Жүректегі альфа-адренергиялық реттеу механизмі болғандықтан, коронарлық тамырлар спазмға бейісм болады.

    В. Миокард ишемиясының пайда болуы жүректе бета – рецепторлық механизмі дамуы жеткіліксіздігінің салдарынан.

    С. Жүрекке күш түсуі жоғарыласа, тамыр тарылтқыш әсері бар, АТФ –тың ыдырау өнімдерінің түзілуі артады.

    D. Жүрек бұлшықетінде коллатералдар жеткіліксіз дамыған.

    Е. Коронарлық тамырлар тонусын нейрогуморалдық реттегіштер арасында тамыр тарылтқыш қабілетінің басым болуы.


    написать администратору сайта