Эко старт ап сценарий. аралды оудістемелік жмысы жніндегі орынбасары
Скачать 19.71 Kb.
|
Тақырыбы: «Eco Bio StartUp» мини инновациялық идеялар жобалар байқауы Жауаптылар: Жаратылыстану бірлестігі Семей қаласы 2023 оқу жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ «Eco Bio StartUp» мини инновациялық идеялар жобалар байқауының ашылу салтанатының жоспары Күні: 14.04.2023 жылы Өтетін орны: Ы. Алтынсарин конференция залы Уақыты: 12:30 Ашылуы. 1 – жүргізуші. Армысыздар аяулы ұстаздар! 2 – жүргізуші. Сәлеметсіздер ме оқушылар! 1 – жүргізуші. Аяулы ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Eco Bio StartUp» мини инновациялық идеялар жобалар сайысына қош келдіңіздер! Мақсаты: Экология ғылымының зерттеу объектісі – адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе–теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп–салдарын анықтау. Ең бастысы, биосфера тіршілігінің тұрақтылығын сақтау үшін «адам–қоғам–табиғат» арасындағы үйлесімділікті, ізгілікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Ол үшін табиғатқа деген тұрпайы түсініктен арыла отырып, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың қоршаған ортаға деген парасатты жауапкешілігін арттыру. Міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету; табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту; 2 – жүргізуші. Байқаудың бірінші кезеңінде жүлделі орын алған I , II, III орын алған жұмыстар Республикалық экологиялық байқауға жіберіледі. Жобалардың таныстырылымын өткізуде төмендегілер ескерілуі тиіс: жобаның мақсаты мен міндеттері, түйінді ойлары, жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, жобадан күтілетін нәтижелер (нақты инновациялық өнім). 1 – жүргізуші. ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ: 1. Регламент: 7 мин. (қатаң сақтау) 2. Үлгіге сәйкес Презентация (қоса беріледі) 3. 2 қатысушыдан аспау керек 4. Жұмысты қорғаған кезде авторға 10 минут уақыт (7 мин. докладқа, 3 мин. сұраққа) беріледі. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатысушылардың өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларын қорғау үшін көрнекі құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері болу шарт. 2 – жүргізуші. 9-10-сынып оқушыларының гимназияішілік «Eco Bio StartUp» мини инновациялық идеялар жобалар байқауының комиссия мүшелерімен таныс болыңыздар: 1. Малгаждарова Жанат Зейнелқызы – гимназия директоры 2. Садуакасова Гүлназ Кажыгалиевна – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 3. Ынтықбаева Гүлшат Капановна – гимназия менеджері 4. Кармысова Рыс Окметкановна – директордың шетел тілдерін оқыту жөніндегі орынбасары 5. Баймағанбет Жадыра Көшербаевна – математика пән бірлестігінің жетекшісі 6. Сарбасова Ардақ Жұмағалиқызы – эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі 7. Сағатбекова Жанар Каликановна – кәсіподақ төрайымы 1 – жүргізуші. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау біздің міндетіміз. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сондықтан осы айтылған жағдайларды бәріміз саралап, ары қарай өз әрекеттерімізбен көрсете білсек нұр үстіне нұр болар еді! Қош сау болыңыздар! |