1.Анимистiк нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор өзiнiң «Алғашқы мәдениет» еңбегiнде берген.
Э. Тайлордың теориясы бойынша, бұл нанымдар екi бағытта дамыған.
Анимистiк түсiнiктердiң бiрiншi қатары ертедегi адамның ұйқы, елестер, дерт, өлiм құбылыстары жөнiндегi ойлануларының нәтижесiнде, сондай-ақ транс пен галлюцинацияларын бастан кешiру барысында пайда болды. 2.Дiни нанымдардың бұл формасының дереккөзiн ағылшын этнографы Б. Малиновский өзiнiң «Магия, ғылым және дiн» атты еңбегiнде толық сипаттап өткен. Тынық мұхиты аралдарында тұратын түземдiктердiң (жергiлiктi тұрғындардың) өмiрiн зерттей отырып, Б. Малиновский өте қызық заңдылықты байқайды. Түземдiктердiң егiн шаруашылығында өнiмдерi құбылмалы болатын түйнектi өсiмдiктердi отырғызғанда магияны қолданатындары анықталады, бiрақ магия тұрақты, бiр қалыпты өнiм беретiн жемiс ағаштарын отырғызғанда қолданылмайды. Балық аулауда магиялық әдiстер акула және басқа да iрi, қауiптi балықтарды аулау кезiнде практикаланады, ал майда балықтарды аулауда магия артық деп саналады. 3.Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады.
| Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3—4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т.б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау — ғылыми қажеттілік деп есептейміз.
Қандай болмасын халықтың шығу тегі — этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты.
Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Дегенмен олардың этностық атауы жөнінде нақты деректер жоқ.
Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б.з.д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды біз олардың мәдениетінің атымен андрондықтардеп атаймыз.
Андрондықтардың этностық тегі жөнінде әлі дәлелденген пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, андрондықтар фин-угор этностық тобына жатқан. Фин-угорлардегеніміз — кейінгі финдер, марийлер, мордвалар, т.б. осы тілдес халықтардың ата тегі. Бір топ ғалымдар андрондықтар унді-иран немесе арийтектес халык деп есептейді. Үнді-иран, арий тілінде сөйлегендер қазіргі үнді, иран, пуштун, тәжік, т.б. халықтардың ата тегі. Андрондықтар — үнді-иран тектес деуші ғалымдар сан жағынан басым. Кейінгі кезде жекелеген ғалымдар: "Андрондықтар — түркі тілдес халық болған" деген пікір айтуда.
|