бактерия. Архебактериялар. Архебактериялар метан тзушілер, аэробты жне анаэробты жадайларда ккіртті тотытандыратын жне ккіртті тотысыздандыратын, галобактериялар, термоацидофильді бактериялар (микоплазмалар) болып бес топа блінеді
Скачать 17.75 Kb.
|
Бактериялар (көне грекше: βακτηρία - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады. Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[2]. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Архебактериялар — жасушасында ядро болмайтын, таза бактериялар. Өздерінің физиологиялық-биохимиялық өзгешеліктері арқылы ерекшеленетін микроағзалар тобы. Ғылымға Архебактериялардың 25 туысы, 40-тан астам түрі белгілі. Архебактериялардың жасуша қабырғасында басқа бактериялардағыдай муреин* болмайды. Олардың май құрамы глицериннің қарапайым эфирлері мен көп молекулалы спирттерден тұрады. Архебактерияларда антибиотиктерге өте сезімтал РНҚ— полимераза ферменті кездеседі. Архебактериялар метан түзушілер, аэробты және анаэробты жағдайларда күкіртті тотықтандыратын және күкіртті тотықсыздандыратын, галобактериялар, термоацидофильді бактериялар (“микоплазмалар”) болып бес топқа бөлінеді. Архебактериялардың метан түзушілер тобының жасушаларының таяқша немесе шар тәрізді, қозғалатын және қозғалмайтын, спора түзбейтін түрлері болады. Тіршілігіне қажетті қуатты көмір қышқыл газын метанға дейін тотықсыздандыру арқылы алады. Аэробты және анаэробты жағдайда күкіртті тотықтандыратын және тотықсыздандыратын кезде бөлінетін қуатты пайдаланады. Оларға ыстық бұлақ суларында тіршілік етуге бейімделген Sulfolobus, Desulfurococcus, Thermophіllum туыстары жатады. Галобактерияларға Halococcus, Halobacterіum туыстары жатады. Галобактерияның ішінде аэробты да, анаэробты да өкілдері кездеседі. Олардың бір ерекшелігі — фотосинтез процесі кезінде күн сәулесін хлорофилл дәні арқылы емес, керісінше, бактериородопсин* арқылы сіңіреді. Архебактериялардың термоацидофильді топтары Thermoplasma жоғ. темп-рада (600С), төменгі қышқылдықта (рН(1-2), оттегі жоқ жерде тіршілік етеді. Молекулалық деңгейде жүргізілген зерттеулерге қарағанда Архебактериялардың эукариотты ағзаларға ұқсастығы бар. Сондықтан Архебактериялар тобындағы микроағзадердің эволюция тұрғысынан алғанда шығу тектері бірдей болуы мүмкін деген болжам айтылады. . К.Вуз 1977-2002 аралығында архебактерияларды зерттеп,ол тіршіліктің үшінші түріне жатқызды. Бұрын тірі организмдерді екі үлкен патшалыққа бөлген:эукариоттылар және прокариоттылар. К.Вуздың ұсынуымен тірі организмдерді үш доменге бөлді. Eukarya, Bakteria , Archea Архебактериялар бактериялардан құрылымдары мен молекулярлыбиологияның қасиеттері бойынша ерекшеленеді және эукариоттармен кейбір ұқсастықтары бар. Клеткалардың пішіндері әр түрлі:таяқша,үш бұрыш,төрт бұрыш пішінді болады.Алайда архебактерияларда бұл түрлері өзгеше болып келеді.Бұларда бұрыс сфера және бұрыс таяқша болып келеді.Таяқша тәрізді архебактериялар сопақша,коккабациллалы және қысқа таяқша түрінде болады.Кейбір түрлері жіпше тәрізді,табақша,әйнектің сынығы тәрізді жазық үшбұрышты,төртбұрышты пішінділер жатады. Кокктардың мөлшері 1-2 мкм,жазық төртбұрышты,клеткалардың қалыңдығы 0,2-0,3 мкм.Жіпше тәрізді клеткалардың ұзындығы 100-200 мкм.Жақында (2002ж)өте ұсақ түрі сипатталған.Оларды нанобактериялар д.а.Көптеген ұқсастықтарына байланысты Берджи анықтағышында архебактерияларды 13 топ метан түзуші бактериялармен біріктірген.Берджи анықтағышында Метан түзуші бактерияларлдың 3туысы сипатталған Methanobacterium, Methanosarcina, Methanococcus. Олардың негізгі ерекшеліктері – метан түзеді,және мктан түзу арқылы энергия алады. Архебактериялар мен метантүзуші бактериялар басқа бактериялардан айырмышылығы экстремальды жағдайда тіршілік етуі өте тұзды жерлерде (галофильдер) ыстық қышқылды жерлерде (термоацидофильдер).600 С температурада,қышқылды ортада (рН 1-2) өседі. Клетка қабықшасы 5 типке бөлінеді: 1. Иілген қапшық түрінде,пептидогликан жоқ,гетереполисахаридтен тұрады. Methanosarcina және галобактерияларда табылған. 2. Иілген қапшық псевдомуреиннен Methanobacterium туысына жататын метаногенді бактерияларда табылған. 3. Иілімді қапшығы жоқ Methanococcus туысына жатады. 4. Қабықшасы иілімді емес,ол гетеропротеиннен тұрады.Halobacterium 5. Ешқандай қабықшасы жоқ архебактериялар. Thermoplasma Псевдомуреииннің химиялық құрамы муреинге қарағанда өзгеше Nацетилмурам қышқылының орнына N-ацетилталозамин болады.Клетка қабықшасында пептидогликан қабатының болмауы архебактерияларды антибиотиктерге төзімсіз болады.Архебактериялардың клеткалары прокариотты болғандықтан,оларда ядро мембранамен қапталған.Бірақ археобактериялардың рибосомасының құрылысын нағыз бактериялар мен эукариот/н өзгеше.Мөлшері бойынша олар 70S.Морфологиясы жағынан археобактериялар рибосоманың кіші бөлігі бөлігі (30S) өзгеше. Архебактериялардың рибосомасының кіші бөлшегінде тұмсығы бар.Бұл жағынан,ол эукариоттар рибосомасына ұқсас,бірақ қалақтары жоқ.Рибосомадағы белоктардың саны бактериялардың белоктарының санына қарағанда артық,бірақ эукариоттардан кем. Физиологиялық және биохимиялық қасиеттері Архебактериялардың экстремальды жағдайларда кездеседі:оттегі жоқ жерлерде,мұхит пен теңіздерде,өшпеген жанартауда,малдардың қарны мен ішектерінде. Оттегінің қажеттілігі бойынша олар бактериялар сияқты аэробтарға,факультативті анаэробты және қатал анаэробтыларға бөлінеді. Ортаның қышқылдығына қарай нейрофильді,ацидофильді,алкилофилді болып бөлінеді. Температураның қатысына қарай мезофилді,термофильді болып келеді. Crenarchaeota Euryarchaeota Korarchaeota Nanoarchaeota Thaumarchaeota Aigarchaeota Муреин (бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер) бактериородопсин (белок) |