Главная страница
Навигация по странице:

  • Бірінші, «Денсаулық. Жеке тұлға» секторынан бастаймыз.

  • Одан соң «Байлық. Ақша. Өркендеу» секторына өтеміз.

  • «Атақ-даңқ. Өз-өзіңді таныту» бұрышы

  • «Махаббат. Қарым-қатынас. Неке»

  • «Отбасы. Үй. Қоғам»

  • «Балалар. Шығармашылық. Хобби»

  • «Білім. Парасат. Даналық»

  • «Карьера. Мамандық»

  • Соңғы «Саяхат. Көмекшілер. Қамқоршылар»

  • Арман керек адамға. Арман. Арманым орындалсын десеіз (рбір армантілек орындалады. Тек оны пиясын білсеіз боланы) Сіз білесіз бе, егер кез келген адам дрыс армандай білсе, ол зіні арманына ол жеткізе алады екен. Армандар орындалады


    Скачать 35.68 Kb.
    НазваниеАрманым орындалсын десеіз (рбір армантілек орындалады. Тек оны пиясын білсеіз боланы) Сіз білесіз бе, егер кез келген адам дрыс армандай білсе, ол зіні арманына ол жеткізе алады екен. Армандар орындалады
    АнкорАрман керек адамға
    Дата06.12.2020
    Размер35.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАрман.docx
    ТипДокументы
    #157636

    Арманым орындалсын десеңіз... (Әрбір арман-тілек орындалады. Тек оның құпиясын білсеңіз болғаны)
    Сіз білесіз бе, егер кез келген адам дұрыс армандай білсе, ол өзінің арманына қол жеткізе алады екен. Армандар орындалады. Оған шүбәңіз болмасын. Бірақ қолыңызда негізгі құралыңыз болу керек. Ол құралдың аты – «сенім». Егер сенім болмаса, онда төмендегі мен айтқалы отырған әдіс-тәсілдерді жасау – бос әурешілік деп біліңіз. Мен сіздерге армандардың орындалуының құпиясын ашпақпын. Бір мақалаға осы тәсілдердің бас-аяғын жинақтап беріп отырмын. Бұл туралы естіп-біліп жүрсе де, сенімсіздікпен қарап, мән бермей жүрген және де осы тақырыптан мүлде хабарсыз қаншама жандар бар екені белгілі. Сондай адамдарға әрі кеңес, әрі көмек болсын деп жазып отырмын. Меніңше, мұны кез келген адам білгені жөн.


    Жалпы, арман әр түрлі болады. Оны қисынды немесе қисынсыз деп бөліп көрейік. «Жұлдыз болсам», «танымал болсам», «лауазымды бастық болсам», «көлік алсам», «кең сарайдай үйім болса» деген арман-тілектер бар. Осы арманды мақсат тұтып, соған қарай жұмыс істей білсе, олардың орындалу мүмкіндігі бар немесе жоғары. Ал енді «құс секілді ұша алсам», «бір мезгілде бірнеше жерде бола алсам», «көрінбейтін адамға айналып кетсем», «бір күнде бір елдің президенді атансам» деген миға сыйымсыз ойлар да бар. Күлмеңіз, әлемде осылай армандайтын жандар да өмір сүреді. Бұл енді арман емес, жай ғана бос қиял. «Әр кәллада бір қиял» деген осы емес пе?! Әркім әр түрлі армандайды, әр түрлі ойлайды, әр түрлі пайымдайды. Десек те, мен жоғарыда айтып кеткен қисынды армандардың ғана орындалу мүмкіндігі бар. Себебі, олар шынайы.

    Адам арманының орындалу техникасының үш түрлі жолы бар: көзге елестету, ауызша қайталау, қағазға жазу. Енді осының әрқайсысына жеке тоқталайық. 

    1) Елестету. Әдебиеттерде «визуализация» деп береді. Қарапайым қазақ тіліне салып айтқанда, көз алдына елестете отырып қиялдау. Бұл жердегі негізгі құрал – адамның ойы, санасы. Біле білсеңіздер, ой – ең қүшті, ең қуатты энергия. Тіпті, ой арқылы адам өз өмірін де өзгерте алады. Басыңызда берік ұстанған тұрақты ойлар ғана өміріңізден орын ала алады. Айта кететін тағы бір жайт – жақсы ойларға қарағанда жаман ойлар тез орындалады екен. Себебі, негативті ойлар көбіне эмоциямен, қатты ашумен айтылатын болғандықтан, оған көбірек энергия жұмсалады екен де, олар тез орындалғыш қасиетке ие екен.  Сондықтан, мүмкіндігінше, тек жақсы ойларды ғана ойлау керек.

    Визуализация тәсіліне қайта оралайық. Күнделікті таңертең ұйқыдан оянған бойда төсектен тұрмастан көзіңізді жұмып, арманыңыз орындалған күнді елестетіңіз. Шын ниетпен, көтеріңкі көңіл-күймен, жақсы эмоциямен ойланыңыз. Шынымен сол күн, сол сәт туды делік. Сонда сіз қандай сезімде боласыз?  Әрине, қатты қуанасыз, қобалжисыз, бәлкім, қуаныштан көзіңізден жас та аларсыз. Көзіңізді жұмып жатып, арманыңызды елестете отырып, дәл осы сезімдерді өз бойыңыздан өткеріңіз. Сіз сол ситуацияға еніп, сол оқиғаның ішінде жүруге тиіссіз. Дәл кинолента сияқты бәрі де көз алдыңыздан өтіп жатуы тиіс. Мысалы, сіз көлік алуды армандап жүрсіз делік. Сіз осы сәтті қалай елестетесіз? Міне, сіз «Toyota» маркалы көліктің рөлінде отырсыз, қуаныштан бет-жүзіңіз бал-бұл жануда. Көліктің түсі – қызыл. Себебі, бұл сіздің сүйікті түсіңіз. Міне, құрбыңызға, досыңызға, анаңызға т.б. телефон шалып, көлік алғаныңызды хабарлап жатырсыз. Өз фантазияңызға ерік бере отырып, осылайша жалғастыра беруге болады. Мүмкіндігінше, бәріне егжей-тегжейлі мән бергеніңіз жөн. Осы жаттығуды түнгі ұйқы алдында тағы бір қайталайсыз.

    Әйгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бір сөзінде: «Мен бала кезімде сахнаға шығуды армандайтынмын. «Тұрсынбек Қабатов» деп хабарласа, мен сахнаға шықсам, көрермендер қол шапалақтап, қарсы алса» деп елестететінмін. Міне, сол тілегім орындалып, қазір сіздердің алдарыңызға шығып тұрмын. Сондықтан, армандаңыздар, ағайын!» деген болатын.

    2) Қайталау. Бұл - аффирмациялар.  Аффирмация дегеніміз – күнделікті қайталануға тиісті бір немесе екі сөйлемнен тұратын қысқа фразалар. Бұл фразаларды кез келген уақытта, тіпті, шәй үстінде де, көлікте кетіп бара жатып та, ванна қабылдап жатып та, яғни мүмкіндігінше жиірек қайталай берген дұрыс. Ал егер ерініп жатсаңыз, таңертең және кешке ғана қайталасаңыз болады.  Көпшілік жерде іштей, ал оңашада дауыстап айтқан дұрыс. Немесе диктофонға жазып қойып, тыңдап ия қағазға жазып қойып, оқып жүруге болады. Дайын аффирмацияларды алуға немесе өзіңіз құрастыруға болады. Мысалы, мынадай қарапайым аффирмациялар бар: «Мен – бақыттымын, баймын, денім сау»; «Мен – әрдайым өз-өзіме сенімдімін»; «Менің өмірім махаббатқа толы»; «Мен – көріктімін, сұлумын»; «Менің кірісім күннен күнге өсуде» т.т. Аффирмацияларды өз-өзіңізді, ішкі түйсігіңізді сендіре, көндіре және көңілдендіре отырып айту керек. Егер өзіңіз құрастыратын болсаңыз, оның төмендегідей ережелерін білсеңіз болғаны.

    а) мүмкіндігінше айтуға жеңіл, әрі қарапайым және нақты болғаны дұрыс.  Көп сөзді немесе ұзақ аффирмациялар сізді шатастыруы мүмкін. Кейде тіпті шаршатуы да мүмкін. Себебі, бұл бір күн айтылып қоя салатын нәрсе емес. Аффирмациялар үнемі, күнде, ретімен үзбей қайталанып айтылуы тиіс. Бұған үлкен шыдамдылық керек.

    ә) аффирмациялар бірінші жақтан айтылуы тиіс. Мысалы, «мен», «менің», «маған» деген секілді.

    б) ішкі қарсылық. Сіз аффирмацияларды айтып тұрып, іштей «олай болуы мүмкін емес-ау», «әй, қайдам» деп күмәнданатын болсаңыз, онда еңбегіңіздің еш кеткені деп есептей беріңіз. Аффирмацияларды айтқанда сергектікті сезінуіңіз керек, сол айтып, қайталап жатқан сөздеріңізден қуат ала білуіңіз керек. Яғни, көтеріңкі, позитивті көңіл-күйде болуыңыз шарт. Басқа ойлардан аулақ болып, нық сеніммен айтыңыз. Бұл – өте маңызды.

    Бұл тәсілдегі негізгі құрал – сөз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Аффирмациялар адамдағы қалыптасқан көзқарасты өзгертіп, ішкі сана-сезімнің позитивті, оң қалыпқа түсуіне көмектеседі. Сенсеңіздер, американдық психолог, жазушы, 30-ға жуық кітаптың авторы Луиза Хей аффирмациялардың көмегімен рак ауруынан жазылған. Сондықтан, аффирмациялардың адам өмірін өзгертуге зор мүмкіндік жасай алатынына күмәніңіз болмасын.

    3) Жазу немесе қағаз-қаламмен жұмыс.  Егер адам ішкі арман-тілегін қағазға түсірсе, оның орындалу процесі жылдам іске асады. Қағазға түсірудің бірнеше түрі бар. Соның бірі – армандар картасы.Бұл картаны асқан зор ұқыптылықпен жасау керек.

    Ватман қағазын алып, төмендегі кесте бойынша тиісті секторға қажетті суреттерді жабыстырасыз. Ол суреттерді интернеттен, газет-журналдардан аласыз. Әрқайсысының астына соған қатысты аффирмацияларды жазу да артықтық етпейді. Айта кететін бір жәйт, ескі, жыртық, түсініксіз, бейнелері анық емес, жаман ойлы суреттер жарамайды. Суреттер нақты бір нәрсені ғана көрсетуі керек. Сонымен қатар, суреттердің ақ-қарадан гөрі түрлі-түсті болғаны маңыздырақ.

    Байлық. Ақша. Өркендеу.


    Атақ-даңқ. Өз-өзіңді таныту.


    Махаббат. Қарым-қатынас. Неке.

    Отбасы. Үй. Қоғам.


    Денсаулық. Жеке тұлға.


    Балалар. Шығармашылық.

    Хобби.

    Білім. Парасат. Даналық.


    Карьера.

    Мамандық.

    Саяхат. Көмекшілер. Қамқоршылар.

    Бірінші, «Денсаулық. Жеке тұлға» секторынан бастаймыз. Ол жерге, яғни дәл ортасына сіздің әдемі, бақытты жүзіңіз бейнеленген жеке суретіңізді жабыстырасыз.

    Одан соң «Байлық. Ақша. Өркендеу» секторына өтеміз. Бұл сектор материалдық қажеттіліктерге жауап береді. Ол сізге қажет ақша, пәтер, көлік, әдемі жиһаз, қымбат киім, ұялы телефон немесе қымбат тасты әшекейлер болуы мүмкін. Сондықтан бұл секторға осының ішінде сізге қажеттісінің немесе барлығының да суретін жабыстырасыз. 

    «Атақ-даңқ. Өз-өзіңді таныту» бұрышы - мәртебе, абырой-атақ, өзіңді көпшілікке мойындату, көпке танылу секілді нәрселерге жауап береді. Егер сіз чемпион болғыңыз келсе, не болмаса өз тобыңызда көшбасшы немесе әріптестеріңіздің арасында беделді жандардың қатарынан көрінгіңіз келсе, онда бұл жерге соған сәйкес әр түрлі жүлделер мен медальдардың, мақтау қағазының, сонымен қатар бәйге жеңімпаздары мен атақты адамдардың суретін қоюға болады. Фотомонтаж жасап, марапатталушының орнына өз фотоңызды қойсаңыз тіпті, керемет болады. 

    «Махаббат. Қарым-қатынас. Неке» секторына сүйіктіңізбен, жігітіңізбен (қызыңызбен), күйеуіңізбен (әйеліңізбен) бірге түскен фотолар жабысады. Егер бойдақ жандардың қатарынан болсаңыз және сүйіктіңізді өмірлік жарыңыз ретінде көргіңіз келсе, қалыңдық пен күйеу жігіттің фотосын жабыстыруға болады. Егер өмірлік жарыңызды әлі кездестірмеген болсаңыз, онда бақытты жарасымды жұптың, жүректің бейнесін қоюға болады. Ескерте кететін бір жайт - сізге ешқандай махаббат сезімі жоқ жанды жұп ретінде жабыстырудың қажеті жоқ. 

    «Отбасы. Үй. Қоғам» секторына өз отбасыңыздың көңілді атмосферадағы суретін немесе бақытты отбасының жалпы бейнесін қырқып қоюға болады. Бұл сектор отбасылық үйлесімділік пен үндестікке жауап береді. 

    «Балалар. Шығармашылық. Хобби» секторына бала сүйгісі келіп жүрген жандар сүйкімді бөбектің, аяғы ауыр әйелдің, бала мен ананың суретін жабыстыруына болады. Егер шығармашылық жағынан биіктерден көрінгіңіз келсе, өз қызығушылығыңызға сәйкес сізді шабыттандыратын тұлғалардың (ол атақты әнші, әртіс немесе жазушыны болуы мүмкін) суретін қоюға болады. 

    «Білім. Парасат. Даналық» секторы білім саласындағы жетістіктерге жауап береді. Егер оқуды ойдағыдай аяқтағыңыз келсе немесе оқуға түскіңіз келсе, сол тақырыпқа сәйкес келетін сурет жабыстырылады. Мысалы, дипломның, дипломды қолына алып, қуанып тұрған жас түлектің суреттері болуы мүмкін. Немесе тігін курсына, ағылшын, қытай тілдерін үйрену курстарын оқуды ойға алып жүрген болсаңыз, соған сәйкесінше суреттер мен аффирмациялар жазуға болады. 

    «Карьера. Мамандық» секторына болашақта өзіңізді қандай мамандық иесі ретінде көргіңіз келеді, сол мамандық иесінің фотосын жабыстыра аласыз. Немесе нақты бір мекемеден нақты бір лауазымды қаласаңыз, онда сол мекеменің логотипін жабыстыруға болады. Егер өз бизнесіңіз болса онда сатылымның өскендігін көрсететін кестенің суреті орынды болады.

    Соңғы «Саяхат. Көмекшілер. Қамқоршылар» секторына өзіңіз қыдырып барып, тамашалағыңыз келетін елдердің, қалалардың суретін қоясыз. Сонымен қатар, сізге әрдайым демеу болатын адамның, тіпті, желеп-жебеуші әулилелердің, жоғарғы күштердің де бейнесін жабыстыруға да болады. «Сонда сол адамнан әрдайым көмек келеді» деген мақсатта жабыстырылады.  Себебі, кімге болса да демеу керек.

    Бұл картаны жасаған соң, сырт көзге көрсетпей, жасырын ұстаған дұрыс. Бірақ, өзіңіз ұдайы көре алатын жер болу керек. Мысалы, киім ілетін шкафтың есігінің ішкі жағына ілуге болады.        

     

    «Он тілек» тізімі. Таза қағаз алып, он тілегіңізді тізіп жазыңыз. Бұл тізімді күніне үш рет оқып шығыңыз.  Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бұл туралы ешкімге тіс жармаңыз. Бұл процесті тездету үшін тізімді қайта жазып шығуға да болады. Осылайша барлық тілектеріңіз орындалғанша оқи бересіз. Егер тізімдегі арман-тілектеріңі жартылай орындалып, жартылай орындалмаған болса, онда орындалған тілектеріңіз орнына жаңасын жазып, тізімді қайта жаңартып отыруға да болады.

    «Жиырма бес тілек тізімі». Таза қағазға өзіңіздің жиырма бес тілегіңізді жазасыз. Аз да, көп те емес, тұп-тура жиырма бес болуы шарт. Ретімен жазып болған соң, қағазды оңаша жерге тығып қоясыз. Сол күннің ертеңінен бастап, он күн қатарынан өз-өзіңізді еркелетесіз. Тәтті шоколад сатып алып жейсіз бе, әлде бір жаңа киім сатып аласыз ба, салонға барасыз ба, дүкен аралайсыз ба, саябақта серуендейсіз бе, былайша айтқанда, өзіңізге ұнайтын, сізге қуаныш сыйлайтын іс жасаңыз. Осылайша он күн қатарынан. Содан соң ол тізімді ұмытып, өз шаруаларыңызбен айналысып жүре беріңіз. Жуық арада сол армандарыңыздың орындала бастағанына өзіңіз де таң қалатын боласыз. Бір-бір жарым айдың ішінде көптеген тілектеріңіз орындала бастайды.

     «100 күн» немесе «Арманға 100 қадам».  Жүз беттен кем емес жаңа дәптер немесе блакнот сатып аласыз. Әр бетті нөмірлейсіз де, жүзінші бетке өз арманыңызды, оны тап бір жүзеге асқандай етіп, толығымен суреттеп жазасыз. Келер шақта емес, осы шақта жазыңыз. Енді бірінші бетке оралып, өзіңіздің арнайы дәптер арнағаныңызды, алдағы жүз күн ішінде осы арманыңыздың орындалуы үшін жұмыс істейтініңізді жазасыз. Осылайша жүз күн бойы әр бетке бір жазба қалдырып отырасыз. Әр бетке өз арманыныңызға қатысты күнделікті өзгерістерді, не істегеніңізді жазып отырасыз. Егер де ешқандай өзгерістер болмаса, онда күніңіздің қалай өткенін, жалпы жақсы жаңалықтарды жазыңыз. Ұмытылып жазылмай қалған жағдайда келген жеріңізден ары қарай жалғастырып кете беріңіз, бірақ,  мүмкіндігінше, үзбей жазып отырғаныңыз дұрыс. Мысалы, сіз гитарада керемет ойнауды армандайсыз делік. Жүзінші бетке: «Мен гитарада керемет ойнаймын. Достарым маған қызығушылықпен қарайды. Мен өзімнің туған күн кешімде «Алғашқы махаббат» әнін керемет орындап шықтым. Мен өз-өзіме сенімдімін, бақыттымын. Себебі, менің арманым орындалды. Мен өзімнің осындай жетістіктерге жеткеніме қуаныштымын» деп жазуыңыз мүмкін. Бірінші бетке: «Мен бүгін дәптер арнадым. Менің арманым – гитарада ойнап үйрену. Мен осы арманыма жету үшін соған сәйкесінше жұмыс істейтін боламын. Менде бәрі жақсы және ойдағыдай болады» деп жаздық делік. Екінші күні келесі бетке: «Мен бүгін дүкенге барып, гитара сатып алдым. Гитара өзіме ұнайды, қолға ыңғайлы, ұстауға жеңіл, т.т» деп өзіңіздің сол күні бітірген шаруаңызды жазасыз. Үшінші күні: «Мен бүгін хабарландырулардан гитара үйрету курстарын іздедім, сұрастырып уақытын, бағасын, мекенжайын білдім» дедіңіз делік. Төртінші күні сіз: «Мен бүгін гитара курсына жазылдым. Келесі дүйсенбіден бастап, бос уақытымда курсқа бара бастаймын» деуіңіз мүмкін. Яғни, сол күні сол ішкі арманыңызға қатысты жасаған шаруаңызды жазып отырасыз. Бұл техниканың мәні мынада: әрекет етесіз, соған сәйкесінше жазасыз. Жоспарлы түрде өз арманыңызға қарай үлкен қадам жасайсыз. Арманыңыз орындалу үшін күнделікті бір іс бітіріп отырасыз. Сонда бұл тәсіл керемет нәтижелерге тез арада қол жеткізуге үлкен септігін тигізеді. 

    Жоғарыдағы тәсілдердің барлығына ортақ 3 ереже бар:

     1) болымсыз етістіктерді қолданбаңыз. Мысалы, «мен ешқашан ауырмаймын» деген дұрыс емес, «менің әрдайым денім сау» деген дұрыс. Бұл жерде нақтылық қажет. 

    2) өзге адамдарды қатыстырмаңыз. Мысалы, «менің балам әнші болса», «пәленше мені сүйіп өтсе», «түгенше менің өмірлік жарым болса» деген секілді. Ол армандар ол адамдардың қалауынан тыс болса, ол ешқашан орындалмайды. Одан да «мен өз сүйіктіммен бақыттымын» деп армандаңыз, себебі сіз өміріңізде одан да керемет, тамаша адамды кездестірмесіңізге кім кепіл?! Сондықтан бір адамға қатып қалудың қажеті жоқ. Егер ол адамның да қалауы сол болса, онда «мен ұлымның әнші болғаны үшін әрдайым қуаныштымын», «мен пәленшенің жары болғаныма бақыттымын» деп айтуға болады. Немесе «бастығым мен әріптестерім мені құрметтейді» дегеннен гөрі «мен өз жұмыс орнымдағы ең құрметті адаммын» десеңіз дұрысырақ болады.

    3) арман-тілектер келер шақта емес, осы шақта жазылуы керек. Аффирмациялар да дәл солай.  Мысалы, «мен табысты, бай адам боламын» деп емес, «мен табысты, бай адаммын» деп немесе «әдемі боламын» деп емес, «мен - әдемімін» деген секілді сол сәт, сол мезетті көрсете отырып айтылу керек.

    4) қандай арман-тілек болмасын, оң ниетте болу керек. Біреуге зұлымдық тілеген арман-тілектер өзіңізге кері әсерін тигізеді.    

    Айта кететіні – күте біліңіз. «Бүгін жасадым, ертең бола қалады» деп алақанды ысқылағаннан түк те шықпайды. Кез келген арман-тілек сіз ойлағандай болып орындалу үшін, оған белгілі бір уақыт керек. Бұл, бәлкім бір ай, бәлкім бір жыл болуы мүмкін. Сондықтан, шыдамдылық танытқаныңыз дұрыс.

     Сонымен бірге, «Алма піс, аузыма түс» деп аспанға қарап жата берген дұрыс емес. Осы тәсілдерді жасаумен қатар, алға мақсат қойып, соған сәйкес мүмкіндігінше әрекет ету керек. «Әрекет ету керек» деген сөздің астарына толығырақ тоқталғым келіп отыр. Мысалы, біреулер: «Менің банк шотымда жүз мың АҚШ доллоры жатса» деп армандауы мүмкін. Ол арманы қалай іске асады, егер ол адам ешқандай банктен ешқандай шот ашпаса?! Күлкілі көрінеді емес пе?! Сол арманы іске асу үшін тым болмаса, банктен шот ашып, дүкеннен лотерея билетін сатып алып, ойынға қатысып көруі керек емес пе?! Бәлкім лотереядан ұтып қалар. Мүмкін ғой?! Мүмкін. Көлік алуды армандап жүрген қаншама адамдар бар. Бірақ та оның ол арманы орындала ма, егер де ең болмағанда көлік салондарына бас сұғып, көлік базарына бармаса?! Түрлі жеңілдікке немесе тиімді ұсынысқа тап келмесіне кім кепіл?! Жақсы әнші жұлдыз болуды армандайды десек, онда неге түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып, бағын сынап көрмеске?! Жеңімпаз атанып, ертеңіне-ақ жұлдыз болып оянбасына кім кепіл?! Немесе жақсы продюссердің көзіне түсуі мүмкін ғой?! Міне, бұл жердегі әрекет ету дегеніміз - сол арман-тілектің орындалуына жол ашатын барлық мүмкіндіктерді қарастырып көру. Түсіндіре алған болармын деген сенімдемін, құрметті оқырман?! Өз-өзіңізге сеніңіз және өзгерістерден қорықпаңыз. Сонда барлық нәрсе сіз ойлағандай оң нәтиже береді.  


    написать администратору сайта