Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқымаған адамдар ел бола ба

  • Төлен Әбдік. Бибігүл Төлен Әбдік. Армысыздар адірменді крермен, Алдыызда кітап сйген рендер!


    Скачать 23.26 Kb.
    НазваниеАрмысыздар адірменді крермен, Алдыызда кітап сйген рендер!
    АнкорТөлен Әбдік
    Дата24.05.2023
    Размер23.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБибігүл Төлен Әбдік.docx
    ТипДокументы
    #1155757

    Армысыздар қадірменді көрермен,

    Алдыңызда кітап сүйген өрендер!

    «Бір ел және бір кітап» акциясы,

    Аясында ықыласқа бөленген!

    Мырзабайдың тегімін, Ақниетпін,

    Ата-баба ұстандым өсиетін,

    Мектебім – алтын ұям – Адамбеков,

    Әр шәкіртке дарытқан қасиетін


    Оқымаған адамдар ел бола ба?

    Даналық дариды тек оқығанға,

    Дәл бүгін Төлен Әбдік атамыздың

    Дарыны тие берсін әр балаңа!

    Жақсы көрем әдебиет әлемін,

    Сөз маржанын кітаптардан теремін,

    Тек білімді ұрпақ жетер биікке,

    Деген сөзге мен әрқашан сенемін!

    Ассалаумағалейкүм, қазақ елі!

    Білімді сендей сыйлар ел барма еді?..

    Сөз асылын түсінген, қазағыма,

    Құдайберген Рамазандай ұлың келді!

    Мектебім Адамбеков мәртебелі,

    Біліммен сусындатты, мәпеледі,

    Қадірлі ұстаздарым арқасында

    Білімім бойымдағы еселенді.

    Кітапты – білім көзі деп білемін,

    Өмірді оқырман боп зерделедім

    Төлен Әбдік атамыз шығармасы –

    Қазақтың ұлт айнасы деп сенемін!

    Кітап оқу – адамдықтың бастауы!

    Даналыққа балалық көз тастауы!

    Оқы, достар, оқи білген адамға

    Бағынады жер де, көк те, ғалам да!


    написать администратору сайта