шығарма. Армян_әдебиетіндегі_сүйікті_шығармам. Армян дебиетіндегі сйікті шыармам Армян дебиетінен оыан ертегім Кедей шаруа мен оны йелі
Скачать 19.62 Kb.
|
Армян әдебиетіндегі сүйікті шығармам Армян әдебиетінен оқыған ертегім « Кедей шаруа мен оның әйелі» Эссе Біз болашақ ұрпақ бірлігі мен ынтымағы жарасқан бейбіт елде тұрамыз. Ол ғажайып мемлекет « ҚАЗАҚСТАН» деп аталады. Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері осындай тыныштық, ұлттық келісім болу үшін атсалысып, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамытуға өз үлестерін қосып отыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан « Кітап – достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті байқауына қатысушы ретінде осы байқауды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені, бұл байқау арқылы сөздік қорлары мыз молаяды, ой – өрсіміз кеңейеді, әлем халықтарының ертегі, аңыз – әңгімелерін оқи отырып кітап оқуға деген қызығушылығын арта түседі соны білдім. Ертегі- қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім- тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих – тағылымы, салт – санасы, дәстүр – ұлағатына баурай түсетін ерекше жанр. Менің Әзірбайжан әдебиетінен оқыған ертегім « Кедей шаруа мен оның әйелі» деп аталады. Бұл ертегі балаларды сөз құдіретін түсіне, сезіне білуге жетелейді, төзімділік танытуға және ақылды, адал болуға үйретеді. Сөздік қоры мол адам кез- келген ортада өзін еркін ұстайды және тығырықтардан қиналмай өтеді. Әрине, сөздік қорымызды байыту үшін кітапты көп оқуымыз керек, рухани бай болуымыз керек. Өткен заманда бір ерлі – зайыпты өмір сүріпті. Олар сіңірі шыққан кедей болыпты. Үйде жалғыз ұлдарына ішетін тамақта болмай қалған бір күнде әбден қиналған әйелі күйеуіне басқа жаққа барып жұмыс жасап ақша тапсаң қайтеді деген ұсыныс жасайды. Күйеуіде құп көріп, тілін алып, жұмыс іздеуге шығады. Ауыл аралап жүріп бір ауылға келіп бір байдың алма бағын күзетуге жұмысқа тұрады. Еңбегіне күзде бір қап алма мен жаз бойы өзімен бірге тұрған мысықты алады. Оны осы ауылдың маңынан өтетін саудагерлерден үйдегі әйелі мен баласына беріп жібереді. Бұйрған ырыздықты қарасаңшы саудагерден алмаға қат жерлер алманы алтынға айырбастап алады. Ол алтынды кейдің әйеліне береді күйеуің беріп жіберді деп . Әйелі бұл ақшаға зәулім үй салдырып, баласын оқытады. Осы жерде менің түсінгенім ерінбей тер төге еңбек етсең бәріне қол жеткізуге болады екен. Еңбектің арқасында алға қойған мақсат, армандар орындалады. « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық мақалы осыдан қалса керек болар. Арада он бес жыл өткенде бейшара шаруа бар жоғы үш алтынмен еліне қайтады. Жолшыбай бір шаруаның үйіне қонуға тура келеді. Ол үйде отбасылық мереке болып жатыр екен . Тек бір ғана адам бұл мерекеге қатыспай шеттеу үнсіз отыр екен. Мына қонақ неге үнсіз отыр?- деп сұрады ол үй иесінен. - Оны қойшы, - дейді үй есі, -оның әрбір сөзі алтын дейді. Оны естіген шаруа үшщ алтынын беріп « Ажалың келмей өлмейсің. Тереңнен қорықпа!», « Бәрінен де өзің жан – тәніңмен ұнатқан адамың сұлу!», « Түшкіре салысымен ойлан!» деген үш сөзін сатып алып, сөздік қоржынына қосып алады. Осы үш сөз сіңірі шыққан кедей шаруа үшін жәйғана сөз емес құдіретті сөз болды. Үйіне жету жолында құдық басында жиналып тұрған адамдарды көреді бұл жерде не боп жатыр? Деген сұраққа бір ауыл адамы шаруамызды қырсық шалды, құдықта су тартылып қалды, су алуға құдыққа түскен адамдар қайтып шықпайды дейді. Шаруаның есіне үндеместің сөзі түседі. Ажалың келмей өлмейсің. Тереңнен қорықпа!деген құдыққа түсіп кетеді. Құдықта адамның қу бастарын көреді олардың қасында кәрі қарға мен бақа болады. Ана адамдарға қойған сұрақты бұғанда қояды қарға. Ана құрбақаны көріп тұрсыңғой соған үйленуіме бол ма? Деп. Бұл жерде де « Бәрінен жақсы, өзің жан – тәніңмен ұнатқан адамың», - деп үндеместің сөзімен жауап беріп шаруа қарға мен бақаны сиқырдан құтқарып бақытты етеді. Риза болған жұбайлар рақметтерін айтып бір уыс алтын береді. Шаруа шығады құдық суға толады. Халық риза болып, тағы алтын береді. Шаруа еліне келеді бұрынғы лашық жоқ оның орнында зәулім сарай, әсем бағы бар. Үйде әйелін көреді бір сұлу жігітпен ойға пасық ой келеді, өлтірмекке бел буады, атпақшы болғанда түшкіріп қалады. Сірә, сөз құдіреті деген осы болар тағыда үндеместің сөзі есіне түсіп ойланып қалады. - Ай, бала-жан мен сенің әкеңді ойлап, көз жасымды тауыстым. Әкеннің сенің қандай жігіт болғанынды көрсе екен деген менің де ең үлкен арманым! – деген әйелінің сөзін ест іп үйге қарай жүгіреді. Барлығы қуанышты- қауышып, мәз – мейрам болады. Шаруа алтынын аямай алтыннан да қымбат ақылды сөз сатып алғанына шексіз қуанышты. Өмірде бізге айтары мен берері мол осындай ертегі, әңгімелерді оқу керек , зердемізге тоқу керек деп ойлаймын достар. Сонымен қатар мен Байбота Қошым – Ноғай « Достық жоралғы» атты балаларға арналған кітабынан Армян халық жұмбақтарын оқыдым. Керемет таң қалдым. Оныда сіздермен бөлісе отырайын өзіме қатты әсер еткен ұнаған жұмбақтармен. Арғымағым ағып барады, Ер тоқымы қалып барады. Бұл не? ( Өзен және өзен үстіндегі көпір) Атыз- аппақ, дән – қара, Қолымменен себемін, Көзімменен теремін. ( Қағаз бен жазу) Мен жүремін, ол қалады. ( Із) Бұдан бөлек мен баклажан, картоп, тәтті бұрыш, пияз және басқада көкөністер қосып жасалатын Армян халқының ( Айлазан) атты ұлттық тағамында жасап жеп көргенбіз отбасымызбен. Дәмі тіл үйреді. Осы байқаудың арқасында мен өзіме көп достар таптым олардың жазған керемет дүниелерін оқып, өз білімімді толықтыра түстім. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етеміз. Жасасын жүрегі бауырмал Қазақ елі! Тіркеу карточкасы
|