Главная страница
Навигация по странице:

  • 4-тоқсан.

  • Сабақтың тақырыбы

  • Сабақтың барысы

  • Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар

  • Балалар! Төменде берілген тапсырмалардың 2-3-уін өз таңдауларың бойынша орындаңдар. 1-тапсырма.

  • 2-тапсырма

  • 6-тапсырма

  • 26 параграф жмб.Экономикалық өсудің ерекшеліктері. Асанбекова Гулмира Сагатовна Ы. Алтынсарин атындаы 159 гимназия


    Скачать 24.59 Kb.
    НазваниеАсанбекова Гулмира Сагатовна Ы. Алтынсарин атындаы 159 гимназия
    Дата18.04.2022
    Размер24.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла26 параграф жмб.Экономикалық өсудің ерекшеліктері.docx
    ТипДокументы
    #481950

    Асанбекова Гулмира Сагатовна- «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ-сінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

    Сабақ жоспары Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен жасалды.

    4-тоқсан.

    1-ші сабақ.


    §26.

    Пәннің атауы:

    Адам Қоғам Құқық

    11 сынып

    жаратылыстану-математикалық бағыт


    Сабақтың тақырыбы:

    Экономикалық өсудің ерекшеліктері


    Сабақтың мақсаты:

    Сабақ барысында сендер экономикалық өсім (мәні, типтері, көрсеткіштері, әлеуметтік экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері туралы ойлап, талдап, салыстырып, қорытынды жасай аласыңдар.

    Сабақтың барысы:

    Қысқаша конспект.

    Балалар! Мемлекет құрған әрбір экономикалық жүйе елдегі тауарлар мен адамдарға көрсетілетін қызметтер өндірісін арттыруға, халықтың табысын өсіруге ұмтылады.

    Мемлекет әрқашан елде экономикалық өсуге қол жеткізу үшін үкіметтің алдына басты мақсат етіп қояды.

    Экономикалық өсу дегеніміз өнім мен оны өндіру факторларының саны жағынан артуы, сапалық жағынан жетілуі болып табылады. Бұл әдетте, ұзақ мерзімдік үрдістер арқылы жүзеге асады. Оған қажеттісі ЖҰӨ-жалпы ұлттық өнім, ЖІӨ-жалпы ішкі өнім, ҰТ-ұлттық табыс. Осылар артуы тиіс, сонда ғана елдің экономикалық әлеуеті өседі.

    Экономикалық өсудің басты мақсаты- әл-ауқатты өсіру мен ұлттық байлықты арттыру.


    Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

    Кестені толтыру.

    Факторларды жазу.

    Мысалдар келтіру.


    Сызбаны сызу.
    Жұмыссыздықты сипаттау.


    Аргумент келтіру.

    Тапсырманы орындау.


    Балалар! Төменде берілген тапсырмалардың 2-3-уін өз таңдауларың бойынша орындаңдар.

    1-тапсырма.

    Оқулықтың 216-бетіндегі (14-суретте берілген) экономикалық өсуге әсер ету тәсілі бойынша факторларды ажыратамыз:

    Тікелей факторлар

    Жанама факторлар






    2-тапсырма. Экономикалық өсудің факторларына нелер жататынын анықтаймыз.

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.
    3-тапсырма. Экономикалық өсудің екі үлгісіне мысалдар келтіреміз.


    Экстенсивті үлгісі

    Интенсивті үлгісі








    4-тапсырма. Экономикалық циклдің негізгі фазалары туралы сызба жасаймыз.

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
    5-тапсырма. Жұмыссыздық және оның түрлерін сипаттаймыз.

    1. Фрикциялық–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    2. Құрылымдық––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    3. Циклдік–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    4. Маусымдық–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Сұрақ: Инфляция мен жұмыссыздың арасында қандай байланыс бар? Жауап береміз.

    6-тапсырма. Тікелей және жанама экономикалық реттеу әдістерін сипаттаймыз.

    (5-7 аргумент келтіріңдер)

    7-тапсырма. Оқулықтың 222-бетіндегі 4-тапсырманы орындаймыз.
    -––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––





    Сабақты қорытындылау:

    1. Жұмыссыздық пен инфляцияның жоғарылығы қандай жағдайға әкеледі?

    2. Жұмыссыздықтың басты себептерін атаңдар.

    3. Неліктен нарықтық экономикаға мемлекеттік реттеу қажет деп ойлайсыңдар?

    4. Қазіргі әлемде болып жатқан қаржы дағдарысының басты себебі неде деп ойлайсыңдар?

    5. Дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсері қандай?

    6. Қазақстандағы экономикалық дағдарыстың салдары қандай?

    7. Сендердің ойларыңша, еліміздегі жұмыссыздықты қалай жоюға болады?

    Үйге тапсырма:

    §26 оқу. 5-тапсырманы дәптерге орындау.

    Параграф бойынша меңгергенімізді төмендегі берілген тест тапсырмасымен тексереміз.

    §26.

    1-нұсқа.

    1. Қоғамдық өнім мен оны өндіру факторларының сан жағынан артуы және сапалық жағынан жетілдіруі білдіреді-

    А) экономикалық өсу

    В) саясат пен экономиканың бірлігі ұстанымы

    С)жүйелелік ұстанымы

    D) ұлттық байлық

    E) жалпы ұлттық өнім

    2. Әл-ауқатты өсіру мен ұлттық байлықты арттыру-

    А) экономикалық тиімділік

    В) экономикалық өсудің басты мақсаты

    С)жүйелелік ұстанымы

    D) ұлттық байлық

    E) жалпы ұлттық өнім

    3. Экономикалық өсуге әсер ету тәсілі бойынша факторлар ажыратылады-

    А) тікелей факторлар

    В) жанама факторлар

    С)жүйелелік ұстанымы

    D) ұлттық байлық

    E) жалпы ұлттық өнім

    F) жалпы ішкі өнім

    G) ұлттық табыс

    H) саяси экономика

    4. Өсуді нақты мүмкін ететін факторлар-

    А) экономикалық тиімділік

    В) тікелей факторлар

    С)жүйелелік ұстанымы

    D) жанама факторлар

    E) жалпы ұлттық өнім

    5. Бұл қоғамдағы экономикалық әлеуетті өсіру жолдарын іске асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар-

    А) экономикалық тиімділік

    В) тікелей факторлар

    С)жүйелелік ұстанымы

    D) жанама факторлар

    E) жалпы ұлттық өнім

    6. Тікелей факторларға кіреді-

    А) жалақы-еңбек үшін

    В) рента-жер үшін

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) ұлттық байлық

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    F) негізгі капиталдың көлемі

    G) технология мен өндірісті ұйымдастыру, кәсіпкерлік қабілеттіліктердің даму деңгейі

    H) саяси экономика

    7. Жанама факторларға жататыны-

    А) тиімді бюджеттік-салықтық және кредиттік-банктік жүйелер

    В) тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі

    С)экспорттық жеткізілімдердің кеңеюі

    D) ұлттық байлық

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    F) негізгі капиталдың көлемі

    G) технология мен өндірісті ұйымдастыру, кәсіпкерлік қабілеттіліктердің даму деңгейі

    H) саяси экономика

    8. Экономикалық өсудің негізгі факторларына жатады-

    А) табиғи ресурстар

    В) еңбек ресурстары

    С) негізгі капитал

    D) ғылыми-техникалық прогресс

    E) мемлекеттің экономикалық саясаты

    F) негізгі капиталдың көлемі

    G) технология мен өндірісті ұйымдастыру, кәсіпкерлік қабілеттіліктердің даму деңгейі

    H) саяси экономика

    9. Экономикалық өсудің екі үлгісі-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    F) негізгі капиталдың көлемі үлгісі

    G) технология мен өндірісті ұйымдастыру, кәсіпкерлік қабілеттіліктердің даму деңгейі

    H) саяси экономика үлгісі

    10. Өндіріс факторларының сан жағынан артуымен, жаңа кәсіпорындар, электр стансылары, жолдардың құрылысымен, шаруашылық айналасына жаңа жерлерді, еңбек және табиғи ресурстарды және т.б. тартумен сипатталады-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    11. Өнім өндіру көлемдерін арттыруды көздейді және оған өндіріс факторларын: жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу, жұмыс күшінің біліктілігін арттыруды сапалық жетілдіру есебінен қол жеткізіледі-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    12. Бұл бәрінен бұрын экономикалық белсенділіктің өзгерістері (экономикалық циклдер-өрлеу мен құлдыраулар) жұмыссыздықтың пайда болуы, өндірістік қуаттардың толық жүктемеленбеуі, қағаз ақшаның құнсыздануы, мемлекет бюджетінің тапшылығы-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)макроэкономикалық тұрақсыздық

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    13. Бұл экономикалық жүйенің бұрынғы жағдайына қайтып оралуын білдіреді, экономиканың бірдей макроэкономикалық параметрлерімен сипатталатын, белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын жай-күйі-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)экономикалық цикл

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) еңбек және табиғи ресурстардың саны мен сапасы

    14. Экономикалық цикл мынандай фазалардан тұрады-

    А) экстенсивті үлгі

    В) интенсивті үлгі

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) өрлеу

    E) жандану

    F) депрессия

    G) дағдарыс

    H) саяси экономика үлгісі

    15. Экономикалық циклдің неғұрлым қиратушы фазасы, тепе-теңдік бұзылады, экономикалық көрсеткіштер төмендейді, құнсызданудың жоғарылығы мен жұмыссыздық орын алады, кәсіпорындар, қаржылық, несиелік мекемелер жаппай банкротқа ұшырайды, несиелердің қайтарылмауы жалпы бұқаралық сипат алады-

    А) дағдарыс

    В) интенсивті үлгі

    С)экономикалық цикл

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) тоқырау
    2-нұсқа.

    1. Өндірістің тоқырауымен, ескірген негізгі капиталдың қатардан шығуымен сипатталады-

    А) дағдарыс

    В) депрессия

    С)экономикалық цикл

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) жандану

    2. Бәрінен бұрын, шаруашылық қызметінің белсенділігімен, негізгі капиталдың ішінара жаңаруымен, өндіріс көлемінің өсуімен, пайыздық мөлшерлемелердің артуымен сипатталады-

    А) дағдарыс

    В) интенсивті үлгі

    С)экономикалық цикл

    D) ұлттық байлық үлгісі

    E) жандану

    3. Экономиканың жанданудан өрлеуге өтуінің критерийі қызметін өндірістің дағдарыс алдындағы деңгейіне қол жеткізуі атқарады, экономикалық өсу жалғасады, толық жұмыспен қамтылады, өндірістік қуаттар кеңейеді, жаңғыртылады, жаңа кәсіпорындар жасалады-

    А) дағдарыс

    В) интенсивті үлгі

    С)экономикалық цикл

    D) өрлеу

    E) тоқырау

    4. Экономикалық тұрақсыздықтың ең жарқын көріністері-

    А) инфляция

    В) жұмыссыздық

    С)пайыздар мен дивиденттер капитал үшін сыйақы

    D) өрлеу

    E) жандану

    F) депрессия

    G) дағдарыс

    H) саяси экономика үлгісі

    5. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген бағалардың жалпы деңгейінің өсуі, бұл термин латын тілінде қампаю, көтерілу деген ұғымды білдіреді, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі, ақшаның құнсыздануы-

    А) дағдарыс

    В) интенсивті үлгі

    С)инфляция

    D) өрлеу

    E) тоқырау

    6. Қарқынына байланысты инфляцияның бірнеше түрі бар-

    А) инфляция

    В) жұмыссыздық

    С) екпінді (секіріс тәрізді)

    D) шабан (шамалы)

    E) гиперинфляция (шамадан тыс)

    F) депрессия

    G) дағдарыс

    H) саяси экономика үлгісі

    7. Әлеуметтік-экономикалық құбылыс, экономикалық жағынан белсенді халықты құрайтын адамдарда жұмыстың жоқтығын білдіреді-

    А) дағдарыс

    В) интенсивті үлгі

    С)инфляция

    D) жұмыссыздық

    E) тоқырау

    8. Жұмыссыздықтың себептері-

    А) экономикалық бәсеке

    В) мамандықтар бойынша жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының сәйкес келмеуі

    С) өндірістің құлдырауы

    D) экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуы

    E) техникалық жағынан артта қалған кәсіпоырндардың жабылуы және басқалар

    F) жоспарсыз экономика

    G) тұрақсыз экономика

    H) саяси экономика үлгісі

    9. Жұмыссыздықтың пайда болу себептерінің саналуандылығы оның негізгі түрлері бойынша төмендегі жіктеуден көрініс табады-

    А) экономикалық бәсеке

    В) фрикциялық

    С) құрылымдық

    D) циклдік

    E) техникалық жағынан артта қалған кәсіпорындардың жабылуы және басқалар

    F) жоспарсыз экономика

    G) тұрақсыз экономика

    H) саяси экономика үлгісі

    10. Жұмыс орны мен тұрғылықты орынды ауыстыруына байланысты адамдардың үнемі жұмыс орнын ауыстыруының салдары болып табылады-

    А) фрикциялық жұмыссыздық

    В) интенсивті үлгі

    С)инфляция

    D) жәй жұмыссыздық

    E) тоқырау

    11. Бос жұмыс орындары мен арнайы дайындалған жұмыс күшінің сәйкессіздігі болып табылады-

    А) фрикциялық жұмыссыздық

    В) құрылымдық жұмыссыздық

    С)инфляция

    D) жәй жұмыссыздық

    E) тоқырау

    12. Нарықтық экономика дамуының циклдік сипатынан, яғни өндірістің өрлеу және құлдырау кезеңдерінің алмасуынан туындайды-

    А) фрикциялық жұмыссыздық

    В) құрылымдық жұмыссыздық

    С)инфляция

    D) циклдік жұмыссыздық

    E) тоқырау

    13. Мемлекеттік реттеу нарық сәтсіздіктерінің орнын толытру үшін қажет, сәтсіздіктердің себептеріне мыналарды жатқызуға болады-

    А) экономикалық бәсеке

    В) нарықтардағы монополиялық билік

    С) макроэкономикалық тұрақсыздық

    D) кірістерді жүргізуші теңсіздік

    E) шаруашылық жүргізугі субъектілер қызметіне сыртқы әсерлер

    F) жоспарсыз экономика

    G) тұрақсыз экономика

    H) саяси экономика үлгісі

    14. Экономикалық реттеу әдістері-

    А) экономикалық бәсеке

    В) фрикциялық

    С) құрылымдық

    D) жанама (экономикалық)

    E) тікелей (әкімшілік)

    F) жоспарсыз экономика

    G) тұрақсыз экономика

    H) саяси экономика үлгісі

    15. Әміршіл-әкімшіл қатынастарға негізделеді, шаруашылық жүргізу субъектілерінің қызметіне тікелей ықпал етуге әкеледі, монополиялық нарықтарға бағаларға бақылау, айыппұлдық санкциялар, тікелей тыйым салулар, шектеулер және т.б.-

    А) тікелей реттеу әдістері

    В) құрылымдық жұмыссыздық

    С)инфляция

    D) циклдік жұмыссыздық

    E) тоқырау


    написать администратору сайта