доки. Doc3 — копия. Асазан зонды, воронка алжапыш 2
Скачать 20.07 Kb.
|
асқазан зонды, воронка алжапқыш - 2 асқазан шайатын ерітінді 20-22°С шайынды суға арналған ыдыс лоток - 2 дәке салфеткалары шпатель резеңке қолғап шайынды суға арналған стерильді ыдыс Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. Керекті құралдарды дайындау. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. Баланы көмекшінің алдына отырғызу және мықтап ұстау. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. Балаға, көмекшінің ұстап отырған қолының үстінен, алжапкыш кигізу. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою. Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі ұзындықты өлшеу (құлақ ұшынан күрек тістеріне дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. Зондтың бітеу жағын сулау. Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі ұзындықта асқазанға енгізу. Шпательді алып тастау, зондқа воронканы жалғау. Воронканы асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Воронканы сәл қисайта ұстап, оған суды құю. Воронканы жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су воронканың мойнына дейін түсу керек). Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сұйықтықтың мөлшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет). Воронкаға сұйықтық құйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанға дейін. Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. Қолданылған құралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту! Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет. Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады. Шаюғаарналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады: 1 жасқа дейін -100 мл/кг; 1 жастан жоғары -1 литр/жасына АУЫЗ АРҚЫЛЫ РЕГАДРАТАЦИЯ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ Мақсаты: эксикозды жою және оның кайталануының алдын алу Керекті құралдар: глюкозо - тұзды ерітінді (регидрон, глюкосолан) 1литр бөлме температурасындағы қайнаған су өлшегіш стакан кесе және шай қасық Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. Керекті құралдарды дайындау. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Біріншілік регидратацияны өткізуге арналған ерітіндінің мөлшерін есептеу. Құрғақ препараттың керекті мөлшерін анықтау және қайнаған судың қажетті мөлшерінде еріту. Өлшегіш стаканмен дайын ерітіндінің есептелген мөлшерін алу және дайындалған ыдысқа құю. Балаға немесе анасына ішуге беру. Ерітіндіні эксикоздың дәрежесіне байланысты шай қасықпен 4-6 сағат көлемінде балаға ішкізу. Сұйықтықты жоғалтудың есебін жалғастыру. 4 (немесе 6) сағаттан кейін баланың жағдайын бағалау (тері, шырышты қабаттары, еңбегі). Егер: - эксикоздың дәрежесі артса - сұйықтықты көк тамыр арқылы енгізуге көшу; - эксикоздың дәрежесі төмендесе, бірақ сақталған болса - 1 сатыны қайталау; - эксикоз жоқ болған жағдайда - қолдау сатысына көшу. Қолдау сатысын құсу және нәжістің сұйылуы тоқталғанға дейін өткізу. Ескерту! Ауызарқылы регидратацияны эксикоздың 1 -2 дәрежесінде өткізу. 2 сатыда өткізу қажет: а) біріншілік регидратация - нақты жоғалтылған сұйықтықтың мөлшерін 4 немесе 6 сағаттың көлемінде толықтыру; б) қолдау - эксикоздың қайталануының алдын алу. Глюкзо - тұзды ерітіндіні қайнатуға болмайды, 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды. |