Описание. Асбестоцемент
Скачать 19.6 Kb.
|
Асбестоцемент Асбест-бұл табиғатта талшықтар шоғыры түрінде кездесетін және созылу кезінде өте жоғары беріктікке ие минералдардың жиналмалы атауы. Серпімділік, сондай-ақ химиялық және физикалық тұрақтылық. Талшықтар шоғырының ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін жетеді, ал диаметрі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізінен 1 мм аспайды. Алайда, талшықтар шоғырын өңдеу кезінде ұсақ бөліктерге жарылуы мүмкін, олардың бір бөлігі микроннан аз мөлшерге ие. Бірегей қасиеттеріне байланысты асбест қазбалары минералогиялық емес, тауарлық принцип бойынша жіктеледі. Сондықтан, крокидолит ретінде саудада белгілі асбест түрі минералогия әдебиетінде рибекит деп аталады. Түрі асбест – амозит – минералогия деп аталады грюнерит. Асбесттің барлық басқа түрлері өзінің минералогиялық атауларын сақтайды. Қоршаған ортадағы асбест тұрақтылығы және оның биологиялық мінез-құлқы талшықтардың ұзындығы мен диаметрі, бетінің ауданы, химиялық табиғаты, бетінің қасиеттері және минералдың биологиялық «қождың»ішіндегі тұрақтылығы сияқты қасиеттерімен реттеледі деп саналады. Химиялық құрамы бойынша асбест минералдары магний, темір, кальций және натрий су силикаттары болып табылады. Серпентина және амфибол минералдарының екі негізгі тобы маңызды асбест минералдары, оның ішінде алты ерекше қызығушылық танытатын минералдар бар. Жіктелуі. Асбест Серпентинді Амфибольді Кризотил Крокидолит Амозит Антофиллит Тремолит Актинолит 30 кгс/см2 дейін иілу 90 МН/м2 дейін қысу күші Соққы күші 1800-2500 Дж/м2 Тығыздығы 1550-1950 кг/м3 Кемшіліктері: ылғалдық деформациясы, сынғыштық, денсаулыққа қауіп Ағаш материалы Ағаш деп – сабақтары мен тамырлары сүректеніп кеткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2м – ден кем емес, көпжылдық өсімдіктерді айтады. Ағаш салмағының 60 – 90 % - і, 5 – 20 % - і, бұтақ, ал 5 – 20 % тамыр болып келеді. Ағаш ондаған, мыңдаған жылдарға дейін тіршілік етеді(емен – 2000, шырша – 1200, қарағай – 600, қайың – 120 жыл). Ормандағы ағаш жылына өз көлемінің 1% - і мөлшерінде көбейеді. Қазақстан орман шаруашылығында 300 млн м3 ағаш қоры бар. Қажетті экологияны сақтау үшін халық шаруашылығына керекті ағашты оның өнімінен артық дайындауға болмайды. Дайындалған ағаштың шамамен жартысы іске жарамды, көбінесе діңнен кесіліп өндіріледі. Қалған жартысы – қалдықтар кесінді шнт тақтай бөренеден тілінген тақтайлардың екі шетінен түскен кесінді білте тақтайша қырланып жоңылған жіңішке жарамсыз болса да, ағаштан материалдар, бұйымдар өндіретін алдыңғы қатарлы комбинанттарда, т.б. пайдаланылады. Ағаштың негізгі артықшылықтары Бекріктігі мен серпімдігі жоғары Тығыздығы жылу өткізгіштігі төмен Аязға төзімді Тығыздығы мен жылуөткізгіштігі төмен Оңай өңделеді желіммен немесе желімсіз Ағаштың негізгі кемшіліктері Суды көп жұтандығы Шіруге бейімділігі Отта оңай жанады Ылғалдан, т.б. Зиянды орта әсерінен қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак немесе сыр жағылып не басқа химиялық заттар сіңіріледі. Антипирендер сіңіру – оттан қорғайтын сырмен сырлау арқылы ағаштың отқа төзімділігін арттыруға болады. Құрылыс ерітінділері Құрылыс ерітіндісі дегеніміз-байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және су араластырғаннан кейін қатайып,жасанды тасқа айналатын материал.Көрсетілген заттармен қатар құрылыс ерітінділері құрамына олардың қасиеттерін жақсартатын қоспалар қосылады.Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін құрылыс ерітіндісінің араласпасы деп аталады.Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат ретінде пайдаланатынан қабырға қалауда,оны сылауда тағы басқа жұмыстарда қолданылады және оның құрамында ірі толтырғыш болмайды. Құрылыс ерітінділері, тығыздығына байланыстырғыш заттарына және қолданатын орнына сәйкес топтастырылады.Тығыздығына байланысты олар:ауыр-орташа тығыздығы -1500 кг/м куб жоғары , әдетте кварцті құм негізінде жасалатын және жеңіл орташа тығыздығы 1500 кг/м куб төмен , кеуекті уақ толтырғыштар негізінде жасалатын болып бөлінеді. Байланыстырғыш заттарына қарай олар:цементті құрылыс ерітіндісі портландцемент және оның түрлері негізінде ізбесті гипсты және араласқан ерітінділер болып бөлінеді.Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде қолданылатынына сәйкес тағайындалады.Кейбір жағдайда техникалық немесеэкономикалық қажеттілікке байланысты цементке әк немесе саз балшық қосылады.Оларды цементті әкті,цемент сазды ерітінділер дейді. Әкті ерітінділер тез қатаю үшін оларға гипс қосылады мұндай ерітінді әк гипсті деп алынады.Ол үйдің ішкі қабырғасын,төбесін сылауға пайдаланылады. Қоспалар ретінде құрылыс ерітінділерін төмен температурада қатаюын қамтамасыз ететін ерітінді араласпасының мұзға айналу температурасын төмендететін натрий , кальций және магний хлоридтері тағы басқа қолданылады. Құрылыс ерітінділерін үшекі түрлі етіп дайындайды .1-қажетті жылжымалылығы бар пайдалануға дайын ерітінді араласпасы ретінде ,2-құрғақ ,яғни сусыз байланыстырғыш затпен майда толтырғыштың араласпасы күйінде дайындалады.Ерітіндінің соңғы түрі құрылыс басына жеткізілгеннен кейін қолданылар алдында су қосып тағы аралыстырады. Ерітінділер сыйымдылығы -375 және 750л үзілісті жұмыс істейтін ерітінді араластырғыштарда немесе үзіліссіз жұмыс істейтін жылжымалықондырғыда дайындалады .Араластыру мерзімі кәдімгі , яғни ауыр, ерітінділер үшін -1,8-2,5 мин ,жеңіл ерітінділер үшін -5 мин .Ерітіндіні турбулентті араластырғышта дайындау үшін 30-40с жеткілікті. Пайдалануға дайын ерітіндіні аралапалары құрылыс басына арнаулы жабдықталған автоцистерналармен жеткізіледі. |