УПП эстетик. ашытытан оыту Гигиена жне эпидемиология мамандыы
Скачать 60.69 Kb.
|
1 2 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары жөнінде сөз қозғалған.Белгiленген су қорғау белдеулерi шегiндегi аумақ жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың келiсiмi бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктiң шешiмiмен мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарына берiледi және оның шекараларын жерге орналастыру органдары, жер есебi құжаттарына өзгерiстер енгiзе отырып, нақты тұрқына көшiредi, белгiлер қойылады. Көлiк пен сал ағызу мақсатында және басқа арнайы мұқтаждар үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiндегi аумақты бөлу мен пайдалану Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк су ресурстарын басқару органы мен басқа арнайы уәкiлдiк органдардың келiсуi бойынша және су объектiсiнiң былғануын, ластануы мен сарқылуын болдырмайтын тиiстi пайдалану режимiн сақтаған жағдайда жүзеге асырылады. Су қорғау аймағы шегiнде мыналарға: су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн былғану мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, жаңа және жасалған объектiлердi iске қосуға; тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыларды, өлген малдар көмiлетiн ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен жасауға, сондай-ақ сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға; құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбалар өндiру, кабель, құбыр және басқа коммуникацияларды өткiзу, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк табиғат қорғау, су ресурстарын басқару органдарымен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен және басқа арнайы уәкiлдi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстар жүргiзуге; су көздерiндегi су жиегiнен 2000 м дейiнгi қашықтыққа орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егiлген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға; су тоғандарының режимiн нашарлататын малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және шаруашылық қызметiнiң басқа түрлерiне тиым салынады. Су қорғау аймағында өңдеу жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда тек қана улылығы аз және орташа, тұрақсыз пестицидтердi пайдалануға рұқсат етiледi; концентрациясының рұқсат етiлген шегi белгiленбеген пестицидтердi (ПДК) пайдалануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған ақаба суды және тұрақты хлорорганикалық химиялық улы заттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға тыйым салынады. Сумен жабдықтау жүйесінде суды өңдеу үдерісінде онда пайда болатын химиялық заттар.1) бос хлормен суды зарарсыздандыру кезіндегі оның сумен жанасу уақыты кемінде 30 минутты, байланыс хлормен - кемінде 60 минутты құрауы тиіс. Қалдық хлордың құрамын бақылау суды тарату желісіне беру алдында жүргізіледі. Суда бір уақытта бос және байланыс хлор болған кезде олардың жалпы шоғырлануы 1,2 мг/л–ден аспауға тиіс. Кейбір жағдайларда аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының келісімі бойынша ауыз судағы хлордың шоғырлануы 1 мл/л дейін артуы мүмкін; 2) хлороформның нормативі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес қабылданды; 3) қалдық озонның құрамын бақылау араластыру камерасынан кейін жанасу уақытын қамтамасыз ету кезінде кемінде 12 минут жүргізіледі. Ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштеріЕгер судың мөлдірлігі нашар болса, түсі өзгерген болса, бөгде иісі мен дәмі болса ондай суды адам ішуге , қолдануға болмайды, ол су эпидемиологиялық жағынан қауіпті болуы мүмкін .Судың иісі мен дәмінің қарқындылығын зертханада анықтаған кезде бес балдық шкаламен анықталады . Су құбыры суының сапасына жүйелі ағымдағы санитарлық қадағалау судың ластануын анықтау мақсатында жүргізіледі, ол кезде судың лайлығы, иісі, түсі, ішек таяқшалары мен микробтардың жалпы саны анықталады. Білім алушының қолы __________________ 2020ж. “__29_”__мамыр___________» __________________________________________________________________ ( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) 2020ж. “__29_”__мамыр__________ 2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________ 3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары __________________________________________________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы _____________________ 2020ж. “__29_”_мамыр___________ Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп Білім алушы: Нәсіпқалиева Ақжарқын Құрметқызы 30.05.2020жыл
Қазіргі таңда, ауылдан үш шақырым қашықтықтан арнайы жер белгіленді. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін күл-қоқыс алаңының жан-жағы қоршалып, ауылдың барлық қоқыстары сол жаққа төгіледі . Әр көше сайын қоқыс тастайтын арнайы контейнерлер қойылған. Олар күніне 1 рет төгіліп, тазартылып, оның орнына басқа контейнерлер әкелінеді. Контейнерлер үйден 35 метр қашықтықта асфальтталған алаңқайда 3 жағынан қапталған жерде тұру керек. Ал қорадағы күл – қоқыстарды тұрғындар күн жылына арнайы көліктер арқылы белгіленген орынға апарып төгеді. Елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың тәртібіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 1. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалаудан өткізу жүйесі қалдықтарды жинаудан, жоюдан, залалсыздандырудан тұрады және тұрмыстық, өндірістік қалдықтарды жоюды қарастырады. 2. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалау жұмыстарын мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. 3. Құрылысы жаңадан жүргізілген учаскелердің тазалау жұмысы ғимараттарды пайдалануға берген мезгілден бастап жүргізіледі. 4. Арнайы бөлінетін автокөліктің саны үй құрылысы қорының нақты саны құрылысы жүргізілген учаскенің өсуіне байланысты және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайын ескере отырып бөлінеді. 5. Кезекті-жоспарлы тазалау жұмыстары қалдықтар жоятын ұйымдардың, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім кестелеріне сай жүргізіледі. 6. Қалдықтарды полигонға апарғанда, полигонның әкімшілігі автокөліктің әрбір кезекті сапарын жол қағазына тіркеуі керек. 7. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару таңғы сағат 7-ден ерте болмай, түнде 23 сағаттан кеш болмауы керек. 8. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды жою қолданып жүрген нормативтерге сай арнайы имараттарда (қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарда, ассенизациялау және жыртуға арналған танаптарда, мал көметін орындарда, канализациялық құрылымдар жүйесінде) жүргізіледі. 9.Көк шөптің үстіне мұз ойындыларын, лас қарларды тастауға және жинауға болмайды. 10. Нысандардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің аумақтарында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының келісімінсіз дәретханалар, қазылған шұңқырлар және контейнерлерге арналған алаңдарды салуға және оны қайта жабдықтауға болмайды. Қалдықтарды, оған арналмаған басқа жерлерге апарып тастауға немесе ауыл шаруашылығына арналған танаптарға көмуге болмайды. Аурухана ұйымдарында пайда болатын қалдықтарды жинау, сақтау, сыртқа шығару нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрде 2004 жылы 26 қаңтарда N 2674 тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтарындағы N 19 "Медициналық ұйымдардан шығатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы бұйрығына сай жүргізілуі керек. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың күтіп-ұсталуына және құрылымына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар Елді мекендерге арналған полигондар, ондағы халықтың санына қарамастан құрылады. Елді мекендердің бір тобы үшін орталықтандырылған полигон салуға болады. Полигонды пайдаланылатын ұйымдарда мынандай жұмыстар әзірленуге тиіс: 1) полигонның жұмыс істеу кестесі мен уақыты; 2) тұрмыстық қалдықтарды қабылдау туралы нұсқау; 3) полигонда жұмыс істейтіндер үшін техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария нұсқауы. ҚТҚ полигонына тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының қалдықтары, бақ-саябақтардың сыпырындысы, құрылыстық қоқсықтар және өнеркәсіптік қалдықтардың қатты түрлері (ІІІ-ІV сынып қауіптілігіне жататын), сондай-ақ тәжірибелік әдіспен анықталған қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келісіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге жинауға жіберілетін өндірістік қалдықтардың ылғалдылығы 85% аспауы керек. Қалдықтар жарылыс тудырмайтындай, өз бетімен жанатындай болмауы керек. Сұйық және қою қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды. Білім алушының қолы __________________ 2020ж. “__30_”__мамыр___________» __________________________________________________________________ ( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) 2020ж. “__30_”__мамыр__________ 2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________ 3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары __________________________________________________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы _____________________ 2020ж. “__30_”_мамыр___________ 1 2 |