Главная страница

Асық терапиясы. асық терапиясы. Асы терапиясы


Скачать 13.09 Kb.
НазваниеАсы терапиясы
АнкорАсық терапиясы
Дата05.01.2023
Размер13.09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаасық терапиясы.docx
ТипДокументы
#873768

Асық терапиясы

Асық терапиясы баланың қол моторикасын дамытады, баланы шыдамдылыққа, ептілікке баулиды, балалар кәдімгідей қызығып , түсін ажыратуға, санауға, сөз байлығын молайтады. Асықтарды жинағаннан кейін, қайнатып, 4 сағат бойына қайнатып, күн сәулесіне кептіріп, залалсыздандырылғаннан кейін ғана біз ойындар түрін дайындауға кірісеміз, яғни түрлі-түсті таңдау арқылы оларды бояп, стандарт бойынша ойын түрлерін дайындаймыз. Әр ойынның ойнау заңдылықтары бар. Дене шынықтыру ҰОӘ- де асық қолданылады, осы арқылы балалардың ойлау қабілетін арттырып, тез жетілуіне жол ашады.

Асықты массаж. Асықты фетр материалынан тізбектеу арқылы, массажды кілемшеге қол жеткіземіз. Тек кілемше ғана емес асықтар тігілген қолғапты жасап шығаруға болады, кілемше үстімен жүріп табандағы нерв түйіндеріне әсер ете аламыз, денсаулық жағдайына әсер беретіні сөзсіз.

Асықты шот. Шот баршамызға таныс бірақ, бұл шоттың ерекшелігі қазақы нақышта жасалған , шоттың тастары асықпен алмастырылған бала бұл ойыншық көмегімен математикалық есептерді орындап үйрене алады.

Түсіне қарай жина

Ағаш құрылымында таяқшалар желімделген , сол таяқшаларға асықтарды түсіне қарай жинау функциясы беріледі, бұл баланың түстерді ажыратып үйренуіне көмектеседі.

Асықты ата-бабамыз тек ойын ретінде ғана пайдаланған, асықты ұстап отырып мен бұны тек ойын емес оқу құралы ретінде пайдалануға болады деп шештім. Себебі балаға ешқандай да зияны келмейді бала ұстаса қолын кесіп алмайды,я болмаса өте кішкентай емес баланың алақанына сиятын жан-жағы жұмыр, бүгі бар, шүгі бар, тәйкесі бар осындай керемет дүниені балабақшаға қолданып бастадым.

Қазіргі заманауи технология әр-түсрлі электронды жүйе, электронды ойыншықтар, әрине ол балаларды көп дамытады, алға жылжытады, ал бірақ асық сияқты оны қозғалтпайды, бала иіледі, созылады, көздейді, атады жан-жақты дамиды ол коммерциялық ішінде қызығушылық ашылады.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу , әрі қарай оны көрсету сонымен жұмыс істеу барысында мақсат қоя отырып балаларды өзіміздің ұлттық дәстүрге үйрету ұлттық дәстүрді көрсете білу барысында балаларға қаншалықты оның құндылықты екенін қаншалықты біз одан өзімізге тәрбие алу мақсатында жұмыс істеу барысындамын.


написать администратору сайта